«Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінің



бет5/6
Дата09.06.2016
өлшемі463.5 Kb.
#124664
1   2   3   4   5   6

Тақырып 9: Эмпирикалық зерттеу әдістері. (3 сағ.)
Мақсаты: Эмпирикалық зерттеу әдістері дегеніміз не, бұл топқа қандай әдістер жататындығын көрсетіп, олардың ерекшеліктерін сипаттау.

Жоспары:


1. Бақылау әдісі.

2. Педагогикалық эксперимент.

3. Сұрақ – жауап әдістері.

4. Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу.

5. Педагогикалық құжаттарды зерттеу.
1. Педагогикада зертеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.

1.Бақылап зерттеу – заттар менқұбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.Бақылап зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.

Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды.түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады.Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады:


  • тікелей бақылап –зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарп адм; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зертеушілер тобына кіргізілуі.Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;

  • жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады.Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;

  • жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі.Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.

  • Үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыныcабатағы,ойындағы,сыныптан тыс,мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;

  • Дискретті бақылап-зерттеу обьектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады.Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл.бақылап-зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;

  • Монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір заты бақылау кезінде қолданылады;

  • Бір бағытты бақылап –зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;

  • Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.

Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапылық суреттемесі мен өлшемінің тәртібі бақылап-зерттеу негізін құрайды.Өлшем – зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі.Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды мтематикалық өңдеуге жолашып, теориялық болжамдардыңэксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2.Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысыныңтіркелгенжағдайларында зерттеуше бағытталған.Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады.Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылстар мен деректерді «таза» күйінде зерттеуге мүмкіндік береді.

Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан да эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады.Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу обьектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастыратын түрі – зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталған.Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеру, ол бұл болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін.Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі – зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар жапашегуімүмкін.Бұлқоғамның құқықтық және адамгершілік қалпыларыныңбұзылуы.

Педагогикалық зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксперимент деген түрі болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе, практика.

3.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің обьективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек.

«Түсінік» ұғымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшелігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ белгіленеді.Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелегендер жоғалып кетпесін, өйткені олар жоқ болса жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.

Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:

а) Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог,оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орыналады.Әңгіме-сұқбат алдын ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгіме-сұқбатты тіркейтін құралдарды дайындайды, бұлар көбінесе әңгімелесушіні ашық әңгімеге тартуға кедергі жасауы мүмкін.

Әңгіме-сұқбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі.Олардың білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады.

ә)Сұқбат-әңгіме-сұқбаттың бір түрі.Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу обьектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірімен қоса психологиялық-педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады.Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді.Зерттеушінің міндеті зерттеу обьектісінің әңгімесін қолдау.Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет етеді.Сұқбаттың мақсаты – зерттеу обьектісінің педагогикалық жағдайға деген көзқарасын қайта құру, зерттеушінің сұрақ-жауап алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу.Зерттеуші күрделі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап обьектісімен терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну арқылы ғана мүмкін екенін ескеруі қажет.Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу арқылы тенденциялар мен құбылыстар дамуынң заңдылықтарын қорытындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.

Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет.Талдау барысында сұрақ-жауап алынған адамның іс-әрекеті обьектісінің шынайы сипаттамасын, жұмысындағы білім беру міндеттерін шешуде пайда болған қиындықтарды, оларды жеңудің тәсілдерін анықтау қажет.

б)Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының катологикалық құрылысы.Анкета құрастырушы ұсынған алдын ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады.Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашықсұрақтар деп аталады.Жабық сұрақтарға қарағанда ашықсұрақтарғастатистикалық талдау жасауқиынырақ.

Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

4.Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі болып табылады.Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.

5.Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-пеадгогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар текссеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуынң генезисі,ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшелікктері зерттеледі.

Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктер мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бірі.Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу олардың жазбаша, графикалық және де басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және басқа уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.

Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне,ынта-талаптарына,мақсат-мүдделеріне,бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педгогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен таңысу сынып журналдарымен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу – танымдық қызметінің даму деңгейімен ақыл – ой іс - әрекеттерінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі, деңгейімен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму теңденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу - әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің ,лицейлердің, колледждердің оқу – тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компонеттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең мағызды негіздері болып табылады. Мектеп іс- әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің эмтихандардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс- әрекетінің шыңайлығын анықтауға, себеп салдардық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.

Мәліметтермен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің концептуалды сорабын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс алғашқы эмперикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу – белгілі бір мәселені шешудің ақыл – ой, концептуалды жекелік және практикалық процесі. Алайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардын теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негіз деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрсатырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға еңгізуге болады.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

1. Эпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады.

2. Бақылау әдісінің ерекшеліктері.

3. Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?

4. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысу дегеніміз не?

5. Сұхбатқа қойылатын талаптар?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.

3. Загвязинский В.И,Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент. – М.,2004.

4. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

5. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж



Тақырып 10 : Озық педагогикадық тәжірибені зерттеу және жинақтау..(3 сағ.)


Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация

Педагогикалық тәжірибе

Озат педагогикалық тәжірибе белгілері

Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату

Оқыту, білім беру, тәрбие практикасы

Қоғам сұранысына сәйкестігі

Тұрақты, жақсы нәтиже

Күш, құралдардың орнымен жұмсалуы

Жаңалығы

Негізгі бағыттары

Кезеңдері

Жолдары

Формалары

Педагогикалық тәжірибені зерттеу

Педагогикалық проблемаларды зерттеу

Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру және басшылық

Педагогикалық мәдениетті жетілдіру

Педагогикалық практиканың мақсат – міндеттерін зерттеу

Педагогикалық тәжірибеден деректер жинау

Деректерді талдап, практиканы жетілдіруге ғылыми ұсыныстар жазу


Ұсынбаларды енгізу

Қорытындылар мен таныстыру

Жаңа әдіске мұғалімдерді үйрету

Нәтижелердің енгізілуін бақылау

Ғылыми – практикалық конференциялар

Мұғалімдердің біліктілігін көтеру

Мұғалімдерді кәсіптік оқу орындарында оқыту


Мақсаты: Озат педагогикалық тәжірибеге нені жатқызатынын, оған қойылатын талаптармен таныстырып, инновация ұғымы жайлы жалпы ақпар беру.

Жоспар:


  1. Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым.

  2. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.

  3. Инновация.

1. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибиесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс – тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте – бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін жан – жақты талдап, қорытындылап тарату керек.

2. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:


  • оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

  • өз беттерімен білім ала білуі;

  • білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

  • оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс - әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез – құлқынан, жүріс – тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қоысмша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс – тәжірибелерін зерттеу және жинақтау, жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқалады. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып, сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік – тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.


ИННОВАЦИЯ


Ұғым



Түрлері

Топтары

Кезеңдері

Модификациялық

Комбинаторлық

Білім мазмұнындағы инновация

Түбірлі

Оқу – тәрбие процесінің формаларындағы инновация

Әдістеріндегі инновация

Құралдарындағы инновация

Мектепті басқарудағы инновация

Инновация түрлерін анықтау

Жаңалықты жобалау

Жаңа жобаны іске асыру

3.Инновация – педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 – жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

70 – 80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс – тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.

Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

- білім мазмұнындағы инновация;

- оқу – тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

- оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:


  • жеке, бір – бірімен байланысы жоқ;

  • модульдық (бір – бірімен байланысты): бір – біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

  • жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.

Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру. Мысалы. А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.

Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда.

Түбірлі – мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.

Инновациялық іс - әрекет – қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс - әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу – тәрбие жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс - әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық процестің кезеңдері:



  • инновацияның себептері;

  • жаңалықты жобалау;

  • жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс - әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата – аналарды қызықтыра білген жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

  • мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір – бірімен өзара әрекеті және қарым – қатынасы.

  • Инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;

  • Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі.

  • Әлеуметтік – экономикалық жағдай;

  • Инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

1. Озат педагогикалық тәжірибе деп нені атаймыз?

2.Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?

3. Инновация ұғымы мен түрлер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. . Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж

2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978.

3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.

4. Введение в научные исследования (Под ред.В.И.Журавлева). – М.,1988..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет