Ғылыми – техникалық революциялардың философиялық МӘні әбдіраманова а. Т. аға оқытушы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда



Дата08.07.2016
өлшемі42 Kb.
#184432
ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯЛАРДЫҢ

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
ӘБДІРАМАНОВА А.Т. аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университеті

Қазіргі ғылым мен техника жүйесінде болып жатқан, осы жүйенің барлық компоненттерін, технологиялық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын және ең алдымен техниканың өз дамуының жаңа кезеңінде ғылыми техникалық революцияның нәтижелерін өндірісте қолданудың сара бағыты болып табылатын автоматтардыру кезеңіне аяқ басумен сипатталатын түбірлі, сапалық өзгеріс.

Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағытталған және оның барлық салалары ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін, ғылыми информация жүйесін, сондай-ақ құрал-жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Ғылым өзінше қоғамнан тыс өзгеше феномен емес, керісінше осы қоғамның ерекше әлеуметтік институты, сол арқылы қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің мәнін түсінуге болады. Ғылымның негізгі мақсаты – адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, қайта өзгерту. Ғылымның даму процесінде оның түбегейлі өзгеру кезеңдері болады. Ол ғылымның нормативті құрылымын және философиялық негіздерін өзгертумен байланысты және ғылыми рационалдылық типтерінің өзгеруіне қатысыты. Жаратылыстану тарихында осындай төрт революцияны аңғарамыз. Ғылыми революцияның бірінші және екінші сатылары классикалық ғылым мен оның стилінің қалыптасу және даму кезеңіне сәйкес келеді. Ал үшінші ғылыми революция осы стилді жаңғырумен және классикалық емес жаратылыстанудың қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Ол кезең ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ортасын қамтиды және білімнің барлық салаларына тән болды: физикадан атомдардың бөлінуін ашу, релятивистік және кванттық теория, космологияда стацинарлық емес ғарыштық концепция; химияда кванттық; биологияда генетикалық қалыптасуы; кибернетика мен системалар теориясы да пайда болды. ХХ ғасырдың соңына қарай ғылымда орасан зор өзгерістер байқалады, оларды төртінші жаһандық ғылыми революция деп атауға болады.

Техника пайда болуының алғышарты – табиғатты тану, одан қорғана білу және оны түсінуге талпыну. Оның мақсаты - адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру, жақсарту. Техниканың алғашқы түрі – адам еңбегінің құрал-аспаптары мен әдіс-тәсілдері ұзақ уақыт бойы қарапайым деңгейде болып келді. «Техника» терминінің өзі грек және латын тілдерінде құрлысшының, ағаш шеберінің өнері, ал ауқымда мағынада өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Техниканың жалпы мәні мануфактуралық өндіріс дами бастаған ғасырда өзгерді. Бұл кезеңдерде механикалық машиналар дүниеге келіп, олар адам қызметінде, әсіресе материалдық өндірісте қолданыла бастады, техника ғылым жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген машиналық техникаға айналды, өндіріске индустриалдық қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер келді.

Ғылым мен техниканың пайда болу аспектілеріне келер болсақ, кейбір мамандар оның жауабын эллиндік өркениетті жасақтаған гректерден іздесе екіншілері – Ренессанстық дәуірде қарыштап дами бастаған Батыс Еуропа мәдени ошақтарынан тапқысы келеді, ал үшіншілері – одан 8-10 ғасыр ертерек қарқын алған Шығыс мәдениетінің қайта өрлеу кезеңіне басыталатынын айтады. Нағыз ғылым мен техниканың дамуы жаңа заманда өкілдерінің қолында екені белгілі. Француз философы Г.Башлар білімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болатынын: таза эимпирикалық, ғылымға дейінгі, ғылыми кезең - рациональдық абстракталы ойлау кезеңі жене «ғылыми рух» кезеңі, жаңа ғылыми нәтижелерді қорыту мен білімнің әр түрлі салаларының арасында байланыстар орнатуға ашық кезең деп сипаттайды. Австрия философы Э.Махтың тұжырымдауынша техникалық тәжірибені зерттеу, техниканың қарапайымдылығына, көрнекілігіне және тиімділігіне басты назар аудару. Б.Рассел «Техника дүниесі мен ғылымның идеалды дүниесі екеуінің құрылымы бірдей, техника ғылымнан туындайды және ғылым техниканы басшылыққа алады, яғни ғылым мен техниканың байланысы өте тығыз» деген пікір айтады.

Автоматтандырылған учаскілердегі еңбек процесінің өзінде жұмысшыдан кең көлемді ғылыми техникалық ой өріс, ғылыми білімдердің негіздерін игеру талап етіледі. Ғылым барған сайын тікелей өндіргіш күшке айналып, ғылыми нәтижелері оның тікелей қолданылуы арқылы жүзеге асырылады. Адам технологиялық процеске тікелей қатысып, техниканың, машинаның міндетін атқаратын машиналы өндіріс автоматтандырылған өндіріске орын бере бастады, ал онда процестерін түгелінен жұмысшының тікелей қатысуынсыз жұмыс істейтін технологиялық жүйенің өзі атқарады. Техника бүкіл адамзат өмірін өзгертті. Автоматтандырудың дамыған формаларында автоматты линиялар жүйесіне есептеу-шешу: бақылау, басқару функцияларын жүзеге асыратын кибернетикалық аппаратура беріледі. Кибернетикалық техника материалдық өндіріске ғана емес, сонымен қатар басқару қызметіне, қызмет көрсету саласына, ғылымға, білім беруге де енгізілді.

Техниканың дамуы рациональды ойлауды, дәлдікті, еңбек құралдарын үнемді қолдануды қалыптастырады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын жаңа технологиялар келді, бұрын қолымен жасалатын заттардың бәрі енді жаңа технология арқылы жүзеге асты. Атап айтсақ, өндіріс орындарын автоматтандыру, тұрмыстық техника т.б. айтуға болады. Байланыс құралдары ретінде ғаламтор жүйесін алсақ әлемнің кез-келген жерімен ақпарат ала-аласыз, жеке поштаңыз арқылы тілдесе аласыз, жол сапарға шығатын болсаңыз ұшақ, поезд билеттерін де ғаламтор арқылы алуға тапсырыс бере аламыз. Ғаламтор желісін пайдалану адамзат баласы үшін өте тиімді болып отыр. Ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік мәні - адамның өндірістегі орны мен ролін кемітпейді керісінше оны күрт аттырады, өйткені механикалық, технологиялық міндеттерді атқарудан құтылған адам өзін неғұрлым мазмұнды шығармашылық еңбекке арнауға мүмкіндік алады. Дүниежүзілік өнеркәсіптер мен техникаларында іске асқан ғылыми ойлардың жетістіктерінен туындаған әлемді сезінудің оптитмистік түрі ХХ ғ адамдарына тән өз болмысының ғарыштылығын сезіну сипаттарының туындауына себеп болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Әубәкір Д.Ә. Ғылым және техника философиясы тарихына кибернетика, синергетика, ақпаратнама тұрғысынан көзқарас. Философия альманахы. А., 2005.

2.Қасабек А. Ғылым революциялардың философиялық мәні. «Жаһандану және

әлеуметтік-гуманитарлық танымның мәселелері» Ғылыми-теориялық

конференция материалдары. А., 2006.

3.Нұрышева Н. «Философия» дәрістер жинағы А.,2007 ж.



4.Философия. Энциклопедиялық сөздік А.,2008 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет