Ғылыми баяндама Болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар берудің рөлі



бет2/2
Дата31.03.2023
өлшемі27.86 Kb.
#471450
1   2
ғылыми баяндама 2

1. Мен болашақтағы кәсіби бағытым:
а) әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау;
б) қолөнермен айналысу,жиһаз, машина, киім т.б.;
в) фильм түсіру, сурет салу, кітап жазу, сахнаға шығу т.б.
2. Кітаптар немесе кинофильмдердің мына мазмұндары мені көбірек алаңдатады:
а) жазуш, режиссёр шығармашылығының көркем шығармашылық формасы;
б) батырлар іс-әрекеті, сюжет;
в) өмірге керекті ақпараттар.
3. Болашақты адамдар анықтайды:
а) ғылым жетістігін;
б) өндірістің дамуын;
в) адамдар арасындағы өзара түсіністік.
4. Мен адамдардан көбірек бағалайтыным:
а) ерлік, сенімділік, шыдамдылығы;
б) достықсүйгіштігі, анықтылығы, әзілқойлығы;
в) жауаптылығы, шыншылдығы, ұқыптылығы.
5. Мен бос уақытымда айналысамын:
а) өлең жазу , сурет салу;
б) әр түрлі тәжірибелер алу;
в) өз ойын жазу:
6. Менің мектебімде үйірме болса мен қатысар едім:
а) робототехника;
б)өнер;
в) спорт.
7. Үлкен қызығушылықпен қараймын:
а) ғылыми атақты фильмді;
б) мәдениет және өнер жайлы бағдарламаларды;
в) спорттық бағдарламарды.
8. Маған жұмыс істеу қызықтырақ болар еді:
а) механизмдермен және көліктермен;
б) табиғат объектілерімен;
в) балалармен, оқушылармен;
9. Маған көбірек ұнайтын сабақтар:
а) дене шынықтыру;
б) математика;
в) гуманитарлық.
10. Болашақта жұмыс жасайтын ортам:
а) көп адамдар арасында;
б) ерекше жағдайларда;
в) қарапайым кабинетте.
11. Жұмыс жасау барысында қиындықтар кездескен жағдайда:
а) шешімін тез тауып, уайымдамауға тырысамын;
б)уайымға беріліп, оқшауланып қаламын;
в)қасымдағы адамдармен ақылдасып, шешім қабылдаймын.
12. Менің болашақ мамандығым(өз ойыңызды жазу):


13 . Ол мамандықты таңдауымның себебі:



Осы сауалнама арқылы оқушылардың алға қойылған мақсаты, бағыт- бағдары, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығы анықталған болатын.


Тұлғалық таңдау мен өзіндік анықталу сұрақтарына байланысты мектепті түлектерінің кәсіби өзіндік бағалау ерекшеліктерін өзара байланыстылығы жайлы мәселе зерттеліне келіп төмендегідей қорытындылар жасалған:
1. Жасөспірімдерде мамандықты таңдауға саналы қатынасты қалыптастыру, іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу жүйелерін, адекватты жоғары өзіндік бағалауды дамыту кәсіби өзіндік анықталудың негізгі мазмұнына жағымды әсер етіп, мамандық таңдау түрткілерін нақтылайды.
2. Кәсіби өзіндік анықталу процесіндегі жоғары сынып оқушыларының әрекетінің табыстылтығы ̶ олардың белсенділіктеріне, субъективті ұстанымдарының қалыптасуына байланысты болады.
3. Мамандық таңдауды анықтайтын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы сол кәсіпке деген қызығулар жүйесі жатады; алайда жоғары сынып оқушысының кәсіби өзіндік анықталу процесінің қалыптасуындағы осы нақты көрінген қызығулар жүйесінің дәрежесі жеткіліксіз. Мамандық таңдауда жоғары сынып оқушысының ішкі факторларға сүйену әрекеті, яғни, әрекетті өз бетінше орындай алуы, ептілігі, ішкі дайындығы, жоғары өзіндік бағалау
ерекшеліктері кәсіби өзіндік анықталу процесінің психологиялық мазмұнын құрайды.
4. Әлеуметтік – экономикалық жағдайлардың өзгеруі жасөспірімдерді еңбек пен мамандық таңдауға дайындаудың, соның негізінде кәсіби өзіндік анықталуды қалыптастырудың жаңа ықпалдарды жасауды талап етеді. Кәсіби өзіндік анықталу мәселелерінің өзектілігін, маңыздылығын қазіргі жаңа уақыт талаптарына сай зерттеу жаңаша сипаттағы зерттеулерді талап етеді.
Жоғары сынып оқушыларындағы мамандық таңдауға деген саналы әлеуметтік қажеттіліктерінде кәсіби өзіндік анықталудың ішкі детерминаттары іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу, кәсіби қызығулар дәрежесі, өзіндік бағалау ерекшеліктері мәнді рөл атқарады.
5. Кәсіби өзіндік анықталуда тұлғаның өзін-өзі бағалауы маңызды рөл атқарады. Егер оқушыда адекватты өзін-өзі бағалау деңгейі болса, көп жағдайда ол мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдайды.
Мамандық таңдауға байланысты қызығулардың мақсатқа бағытталған түрде жүйелі дамуы, жоғары сынып оқушыларында кәсіби өзіндік анықталу процесінің қалыптасу негізін қалайды және оның басты түрткі болып табылады.
Сонымен, жасөспірімдердің өзіндік бағалау ерекшеліктері мен мамандық таңдаулары өзара байланыста бола отырып, кәсіби өзіндік анықталуға мәнді әсер етеді. Жоғары сынып оқушыларындағы жоғарғы өзіндік бағалау кәсіби бағдарлануға байланысты жауапкершілік сезімдерін жоғарылатады.
Жоғарғы сынып оқушыларының, жалпы жастарды мамандықты саналы таңдауға дайындау – үлкен әлеуметтік – психологиялық мәні бар сұрақтардың бірі. Мамандықты дұрыс таңдау кәсіби өзіндік аныкталудың нәтижесі болып табылады. Қай елде болмасын мамандық таңдау әрекеті дәстүрлі түрде еңбек психологиясы мен кәсіби оқыту контекстерінде қарастырылады.
Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру, кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу, мектеп бітірушілерге мамандык таңдауға көмектесу, оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу – ата-аналар мен мұғалімдердің, болашақ педагог- психологтардың басты міндеті болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет