Ғылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика»



Дата17.07.2016
өлшемі37.2 Kb.
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Есенбекова З.Ж.

«Микро және макро экономика» кафедрасының оқытушысы.
ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ –КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ

БАСТЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Нарықтық қатынастардың дамуы кезінде өнім мен қызмет сапасының қажетті деңгейін қамтамасыз ету кез-келген шаруашылық қызметінің стратегиялық бағыты болуы керек.

Өнім сапасы- кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оның сапасын арттыру кәсіпорынның нарық жағдайында өмір сүре алуын, техникалық прогрестің қарқынын, инновацияның енуін, өндіріс тиімділігінің өсуін, кәсіпорында қолданылатын ресурстың барлық түрін анықтайды. Сапа экономикалық категория ретінде тауар құрамындағы қасиеттер жиынтығын нақты тұтыну жағдайларындағы тұтынуды қанағаттандыру деңгейін сипаттайтын баға беру болып табылады .Сапа мәселесі ғылыми жағынан зерттеу үшін жинақталған теориылық материалды талдау қажет етеді. Өнімнің сапасын анықтау тәсілдемесінің идеясын голландық ғалым Дж. Ван Энитер ашты.Ол ғылымның квалиметрия деп аталатын арнайы саласын-сапа көрсеткіштерін өлшеу мен квантификациясы тәсілдері туралы ғылымды ашты. Нарықтық экономика өнім сапасына жаңаша талаптар қояды. Өйткені, қазіргі кезде кез-келген фирманың өмір сүруі, оның нарықтағы тұрақты жағдайы оның бәсекелестік қабілет деңгейімен анықталады. Ал бәсекелестік қабілет бірнеше факторлармен байланысты, соның ішінде екі негізгісі – баға деңгейі мен өнім сапасы. Алайда, өнім сапасы бірінші орынға шығады, себебі еңбек өнімділігі, барлық ресурс түрлерін үнемдеу өнім сапасына орын босатады. Сапаны басқарудың қазіргі бағдарламалары өзінің іске асырылуының бірқатар кезеңдерін алдын-ала қарастырады. Алдымен нарық жайлы , оның ішінде нақты тауардың сапасына тұтынушылардың қоятын жалпы талаптары қарастырылады.,содан соң өндіріске жұмсалатын шығындар анықталады. Осы кезеңдегі жұмыстың нәтижесі сапа деңгейін, оның техникалық параметрлері мен сипаттамаларын бекіту және өндіріс пен жобалық құрылыстық жұмыстардың кезеңдерінде қажетті сапаны қамтуға мүмкіндік беру, ал бірқатар жағдайларда өнімді сақтайтын,әрі тұтынушыларға жеткізетін техникалық шаралардың бүкіл жиынтығын тұжырымдау болып табылады. Басқарудың сапасы қызметкерлердің мәдениетіне , кәсібилігіне ,ақпараттық технологиялардың дамуына тікелей байланысты. Сапа деп өнімнің функционалдық тағайындалуына сәйкес оның белгіленген қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қасиеттерінің жиынтығы. Сапа,кәсіпорын сапасы мен жұмыстың сапасы және өнім сапасынан тұрады.Ал оларға әсер етуші факторлардың орны ерекше.Сапаны пирамида түрінде көрсетуге болады.Сапа пирамидасы 1-суретте көрсетілген.



1-сурет Сапа пирамидасы
Сапаны басқарудың қазіргі жүйелері тұтынушы талабына және өндірушінің шығындарын ең аз мөлшерге теңестіруге бағдарланған. Егер бірінші шарт ұйымның техникалық сипаттағы әрекеттерімен байланысты болса, ал екінші шарт саплы өнім өндіруге шыққан жиынтық шығындардың ақталуымен байланысты. Осы негізде сапаны бақылаудың жалпы тұжырымдамасы қалыптасты, бұл бұйымдарды кейін пайдаланумен толық жетілдіру, тұтынушыларға қызмет ету едәуір үнемді болу үшін жоспарлардың сапаларын қамтамасыз етуге кәсіпорынның әртүрлі ұйымдық бөлімдерінің талпыныстарын шоғырландыратын тиімді жүйе деп түсіндіріледі.

Қазіргі кезде кәсіпорындар тек өнім сапасы мен қызмет сапасына ғана көңіл аудармау керек, сонымен қатар жұмыскер әрекетіне басты назар аудару керек. Кез-келген шығарылған сапалы өнім тұтынушыға белгілен мерзімде, белгіленген көлемде және ыңғайлы бағада жеткізілуі керек. Кез келген кәсіпорын сапа саласындағы негізгі стратегияларды енгізіп, келесі қағидаларды басшылыққа алса ,жоғары табыс, сапалы өнім , қолайлы баға қалыптасады.



  • жоғарғы атқарушы басшылық сапа менеджментін енгізу үшін жауап береді, ал сапаны қолдау жөніндегі мүлтіксіз міндеттеме жүйенің өзекті мәселесі болып табылады;

  • ұйымның қызметкерлері сапа менеджменті саласында даярлықтан өтуі тиіс ;

  • сапаны жақсарту үздіксіз процесс ретінде қарастырылуы тиіс ;

  • қызметкерлердің сапаны жақсартуға қатысуын қамтамасыз ету

қажет

«СемНан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы нан-тоқаш, макарон, кондитерлік өнімдерді өндірудегі ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын нан-тоқаш өнімдері берілген тауарлар арасында өз орнын тапты. Ол бәсекелес өнімдер арасында ерекше орынға ие болып, олардан өзінің дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар қызметтің сапасын келесі қасиеттер толықтырады :



  • фирманың атағы мен сенімділігі ;

  • Фирманың өз қызметі саласындағы құзыреті, клиенттің қажеттілігінің ерекшелігін түсінуі ;

  • қол жеткізімділігі, клинетке кез келген уақытта қызмет көрсету қабілеті,қызметкерлердің ықыласы, оның сыртқы безендірілуі;

  • сатып алушыларды кез келген қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Өнім мен қызметтің жоғары сапасы бүгінгі күні өндірушілерге де, сондай-ақ тұтынушыларға да елеулі экономикалық тиімділік әкеледі,сол себептен оған ерекше көңіл болу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Международный стандарт ИСО 9001. Системы менеджмента качества

( Электронный ресурс ).- Режим доступа ://http:www.isо 9000.ок.ru



2.Управление качеством / под ред. С. Д. Ильенковой./ – М ЮНИТИ,1998г

3.Е.К.Барлықов Сапа- нарықтық экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде. ҚазҰУ хабаршысы, экономика сериясы, №4(74).2009,97-101бет
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет