Ғылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»



жүктеу 87.04 Kb.
Дата12.06.2016
өлшемі87.04 Kb.
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Габдуллина Л.Б.

«Микро және макро экономика» кафедрасының аға оқытушысы.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАР МЕН БАҒЫТТАР
Бағдарламаның негізгі мақсаты көлік жүйесін дамыту арқылы 2008 жылға қарай саланы сапа жағынан жаңа техникалық деңгейге шығару болып табылады. Инвестициялық бағдарламада көзделген басымлықтарды іске асыру бұдан былай инфрақұрылым бөлшектерін осы заманғы талаптарға сәкфес жаңғырту арқылы саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Темір жол саласын ұзақ мерзімді дамыту стратегиясының жалпы мемлекеттік маңызы бар, өйткені темір жол көлігінің тұрақты жұмыс істеуі Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі үшін қажетті шарт болып табылады.

Бұл міндетті ескірген технологиялық процестер негізінде шешу мүмкін емес. Олардың көпшілігі ондаған жылдар бойына өзгеріске ұшырамаған және қазіргі жағдайда темір жол көлігіне қойылатын талаптарға мүлде сай емес.

Сондықтан ұдайы өзгеріп отырған қоршаған орта жағдайында саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін салалаық базалық инвестициялық стратегия болуы қажет.


1-кесте «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының 2007-2009 жылдарға арналған функционалдық стратегиялық бағдарламасы, млн.теңге

р/с




1

Инвестициялау бағыттары




Жылдар

2007


2008

2009

2007-2009 жылдары



Инфрақұрылымды жаңарту және дамыту

16 500

17 000

17 300

50 800


2

Жолдарды электрлендіру

5 903

9 998

8 200

24 1014

3

Көлік әлеуетін дамыту

11 497

9 602

14 350

35 449

4

Ақпараттандыру және байланысты дамыту

4 000

5 200

5 900

15 100


5

Поездардың қозғалыс қауіпсіздігі

800

850

900

2 550


6

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

300

350

350

1 000





Сала бойынша барлығы

39 00

43 000

47 000

129 000

Компанияның инвестициялық қызметінің стратегиялық басымдықтарын белгілеу мынадай негізгі қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:



  • еңбек өнімділігін арттыруды, пайдалану шығыстарын азайтуды және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ететін прогрессивтік және үнемділігі жоғары инженерлік іс-шараларды енгізу;

  • ұсынылатын күрделі қаржы салымдарының негізділігін бағалау;

  • инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу;

  • жалпысалалалық және әлеуметтік маңызды сипаты бар, енгізілуінен болатын тиімділік тұтастай алғанда республика экономикасы көлемінде бағаланатын инвестициялық жобалар.

Компанияның инвестициялық саясаты темір жол көлігінің өндірістік базасын және басқарук технолоияларын дамыту, шаруашылықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 17 ақпандағы №109-1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережесімен (ТПЕ) сәйкестікке келтіру, негізгі қорларды жаңғырту және жаңа технологияларын енгізу негізінде саланың пайдалану шығыстарын азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге бағытталған.

Нарықтық ахуалға жасалған талдау сала дамуының осы кезеңінде темір жол көлігінің тұрақтылығын қамотамасыз ету үшін мыналарды пайдаланудың:



  • базалық инвестициялық стратегия ретінде – аралас стратегияны, яғни сала активтерінің өндіріс (тасымалдар) көлемінің өсувіне, сондай-ақ нарықтық үлестің ұсталуына және кеңеюіне сәйкес болуын қамтамасыз етудің;

  • өндірістік саладағы функционалдық стратегия ретінде - өндіріс көлемінің сапалы өсуін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік жүйенің техникалық қайта жарақтандырылуын жүзеге асырудың қажеттілігін көрсетеді.

Функционалдық стратегиялық бғдарламаны іске асыру үшін:

  • технологиялық жарақтарды жаңарту есебінен техникалық базаны кешенді жаңартуды;

  • қолданыстағы жабдықтар мен тетіктерді жаңғыртуды;

  • жаңа технологияларды енгізу арқылы негізгі қорларды қайта жаңартуды;

  • темір жол учаскелерінің өткізу қабілетін арттыру мен пайдалану шығыстарын қысқарту мақсатында жүк тасымалды учаскелерді электрлендіруді жүзеге асыру қажет.

Саланың шектелген қаржылық мүмкіндіктері жағдайында жаңа экономикалық үлгіге – дамудың экстенсивті үлгісінен жоғары технологиялар мен саланы басқарудың жаңа жүйелеріне негізделетін үлбгіге көшуімен сипатталатын инвестициялық стратегияны қолдану қажеттілігі ескерілгенін атап өту қажет. Мұндай стратегия инвестициялық ресурстарды экономикалық өсу нүктелерінде шоғырландыру арқылы инвестициялық процестің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Темір жол көлігінің өндірістік базасын дамыту, негізгі қорларды жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу негізінде саланың әзірлеу және іске асыру 2008 жылға дейін жеткіліксіз инвестициялаудың ұзақ процесі зардаптарын азайтуға мүмкіндік береді және осы жаманғы талаптарға сәйкес бсаланың одан әрі тұрақты дамуына түрткі болады.

Темір жол саласының 2007-2009 жылдар кезеңіндегі инвастициялық қажеттіліктері 129 000 млн.теңгені құрайды.

1-диаграмма

Ескерту: инвестициялар көлемі «Қазтеміржолкөлік» АҚ пен «Локомотив» АҚ-ты ескере отырып берілген.

Магистральды темір жол желісін дамытудың негізгі мақсаты тасымалдарды тиміді жәнек қауіпсіз орындау үшін оныңтьехникалық жай-күйін жақсарту болып табылады. Жолға күрделі қаржы салымдарын салу локомотивтер мен вагондардың айналымын жақсартумен, жол мен жылжымалы құрамды күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарды қысқартумен байланысты жалпы жүйелік әсер береді.

2007-2009 жылдары күш темрі жол желісінің ненізгі жүрістерінде шоғырланатын болады. Жолдың неғұрлым «осал», кедергілік деп аталатын учаскелерін күшейту жоспарланып отыр. Бұл ретте осы заманғы жол техникасын пайдалануға және жол жұмыстарын кешенді механикаландыруға мүмкіндік беретін жол жөндеудің жаңа технологияларын енгізу көзделген.

Жол шаруашылығына темір жол көлігінің пайдалану шығыстарының шамамен 18%-ы келеді. Жер төсемін, су бұру және су өткізу құрылыстарын, жолдың жоғарғы құрылысын (балластық призма, рельс шплдық торша, бағыттамалы бұрмалар), көршілік және тоннельдік өтпелерді және басқа объектілерді ағымдағы күтіп ұстауды, жөндеудің барлық түрлері мен қайта салуды қамтамасыз ету үшін жол шаруашылығының жол дистанциялары, жол машина станциялары және басқа кәсіпорындарының кең желісі бар.

Сонымен қатар, тасымалдардың өсу шамасына қарай поездар қозғалысының жылдамдығын қамтамасыз ететін, қолданыстағы жеке пункттерді (разъездерді, станцияларды) кеңейту және қосымшаларын ашу, екінші жолдарды салу, автобұғаттауды енгізу, тартымның неғұрлым прогрессивті түрлеріне көшу және т.б. жұмыстарды орындау себенінен тасымалдау және өткізу қабілетін күшейту қажет. Мұндай шараларды іске асыру темір жол көлігінің қосымша объектілерін салуға, қолданыстағыларын қайта жаңарту мен қайта жарақтандыруға тиісті күрделі қаржы салымдарын талап етеді.

Жол шаруашылығы объектілерін сал мен қайта жаңарту сигнал беру, байланыс және есептеу техникасы шаруашылығында жүргізілетін құрылысқа және қайта жаңартуға тікелей байланысты. Бұлшаруашылқытың басты міндеті темір жол желілерінің өткізу және тасымалдау мүмкіндігін күрт арттыратын поездар қозғалысын басқарудың автоматтандырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл автоматтандырудың негізін автобұғаттау және электр өткізгіштері ретінде рельс тізбектерінде орналасқан бағыттамалар мен сигналдарды электрлік орталықтандыру құрайды.

Бұл шаруашылықтағы құрылыс және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар байланыс желілерін төсеу мен қызмет объектілерінің құрылысы (электрлік орталықтандыру қосындарының ғимараттары, байланыс үйлері және т.б.) бойынша таза құрылысы жұмыстарынан басқа ерекшеліктері бар электр аппаратурасын құрастыру жөніндегі біліктілігі жоғары жұмыстардың өте тығыздығымен сипатталады. Бұл шаруашылықтағы аппаратура жұмысының сенімділігіне қойылатын айрықша жоғары талаптар (екі және үш сақтандырумен) оның жұмысындағы істен шығулар поездар қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей қатер тудыруымен байланысты. Сондықтан да құрылысшылар мен құрастырушылардың жұмыстарды орындау сапасына жоғарғы талап қойылады.

Магистарльдық жолдарды дамыту , оларды қалпына келтірудің мақсаты жүктер мен жолаушылардың республика аумағында оңтайлы бағыттар мен бағдарғылар бойынша тасымалдарын және елдің транзиттік әлеуетін дамытуды жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, негізгі техникалық сипаттамалары бойынша (аралықтардағы бас жолдардың саны, поездар қозғалысының есептік жылдамдығы, әртүрлі деңгейлерде автомобиль жолдарымен қиылысуы және т.б.) қазақстандық темір жолдар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді.

Осыған байланысты «Инфрақұрылымды жаңарту мен дамыту» жобасы бағытының мақсаты республиканың темір жолдарын халықаралық сапа талаптарына сәйкес тиісті жай-күйге келтіру болып табылады.

Жол шаруашылығының негізгі басым міндеттері:


  1. қысқа мерзімді:

  • темір жолдары элементтерінің жоспардан тыс істен шығуларының санын қысқартуды қамтамасыз ету;

  • жолдағы ақаулы рельстер мен жарамсыз шпалдарды ауыстыру;

  • «толаскездер» санын азайту;

  • Пайдалану шығындарын төмендету.

  1. орта мерзімді:

  • магистральдық темір жолдарды түбегейлі сауықтыру;

  • темірбетонды рельсастылық негізге және бунақтарының ұзындығы блок-учаске мен аралыққа дейінгі түйіспесіз жолға көшу. Түйіспесіз жол құрлымын пайдалануда үнемді серіппелі бекітпелерді қолдану есебінен жетілдіру.

  1. ұзақ мерзімді:

  • қозғалыс жылдамдығын төмендету туралы ескертулердің санын, оларды төмендету мөлшерін, ескертулер қолданысының ұзақтығы мен қашықтығын қысқарту;

  • магистральдық темір жол желісінің өткізу қабілетін тасымалдардың барлық көлемін қамтамасыз етуге жеткілікті деңгейге дейін қамтамасыз ету болып табылады.

2007-2009 жылдары темір жолды жаңғырту және жаңарту есебінен қалпына келтіру көзделген. Жұмыстардың технологиясын, поездар қозғалысының қауіпсіздігі ережесін қамтамасыз ету үшін жұмыс сапасының сақталуына, объектілерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 17 ақпандағы № 109-1 бұйрығымен бекітілген Техникалық пайдалану ережесімен сәйкестендіруге айрықша назар аударылатын болады.

Талдау нәтижелері көрестіп отырғандай, аталған бағытты енгізу өедірістік қажеттіліктен (темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамысыз ету талаптары, ТПЕ-ні сақтау және т.б.) туындап оытр, жоба экономикалық тимді және міндетті үлгідегі инвестициялар санатына жатады.



Жолдың жоғарғы құрлысын жаңғырту, сондай-ақ жаңа материалдарды пайдаланып жолды күрделі жөндеуді, электрмен жабдықтау, сигнла беру және байланыс құрлығыларын жаңғыртуды, инженерлік құрылыстарды (көпірлерді) қайта жаңартуды, бағыттамалы бұрмаларды ауыстыруды және т.б. көздейді. Көпірлерді ақаулы аралық құрылыстарын ауыстыру отырып қайта жаңарту айрықша күрделі және қымбат іс-шара екенін атап өту қажет. Поездар қозғалысының жылдамдығы жоғары учаскелеріне (мәселен, Алматы-Астана, Астана-Көкшетау, Астана-Екібастұз және Түркістан-Шу қатынасында) қойылатын негізгі талап – темірбетонды негізге және серіппелі бекіткіштердің төсемсіз үлгілеріне кезең-кезеңмен көшу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет