Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С «Микро және макро экономика»



жүктеу 93.31 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі93.31 Kb.
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Токсеитова А.С..

«Микро және макро экономика» кафедрасының аға оқытушысы.
САЛАЛАРДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Главной проблемой социально-экономического развития является рынок труда и занятость населения. С переходом на рыночные отношения появились новые проблемы безработицы. Молодые специалисты недавно закончившие вузы не трудоустроены, а рынок труда нуждается в специалистах социальных отраслей.
The main problem of social-economics development is a market of labour and a busyness of the population. There are new problems of unemployment with a conversion to the market relations. The young specialists which recently had finished higher educational institutes haven`t work to do, but the market of labour needs in specialists of social branches.
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы үдерістер әрқашан әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты.

Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болды. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың, нарықтық инфрақұрылымның жетілдірілуі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.

Экономиканың дамып, алға ілгерілеуі үшін ең алдымен жұмыссыздықты азайту керек. Экономисттердің алдында өзекті бір мәселе туындайды, ол мәліметтің жоқтығы немесе құпиялығы десек те болар. Экономиканы жақсарту үшін, алдымен оның жағдайын білу керек. Мәліметтерді зерттеп, қандай дәрежеде тұрғанымызды анықтап, осы жағдайды жақсарту шаралары жасалады. Ал қарапайым студенттер осы тәріздес мәселелермен көптен-көп кездескендері анық.

Еңбек нарығындағы сұраныс күннен-күнге артып келеді. Бірақ жұмыссыз жүрген жастар әлі де жетерлік. Сөйте тұра аймақтардағы өндіріс орындары мен әлеуметтік салалар маманға аса зәру. Осы орайда кәсіптік бағдарлама маман даярлайтын орта буын оқу орындарына көбірек салмақ түссе керек.

Бұл күндері Семейді жұрт «жастар қаласы» деп атап жүр. Қарап отырсаңыз, қалалық жоғарғы оқу орындарын аяқтаған мамандарға ауылдан гөрі қалада қалып жұмыс істеу тиімдірек. Тіпті, оқымай-ақ жұмыс жасап, қайтсек тұрмысымызды түзеп, жағдайымызды жақсартамыз деп жатқандар қаншама. Дегенмен, көпке топырақ шашуға болмайды. Бойында намысы бар жастар қалада оқып, қызмет жасап жатыр. Студент атанып, бес жыл жатақханада тұрса да ешбір қиындыққа мойымастан ата-анасының көмегімен алған дипломының жемісін жеу үшін тырбынып жүр.
Кесте . Жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілетті органдарға

жұмысшылардың қажеттілігі.






Көрсеткіштер

2005 жыл

2006 жыл

2007 жылдың 1-ші тоқсаны



Барлық экономикалық қызмет бойынша бос жұмыс орындарының саны

1055

987

771



Олардың ішінде:












Өнеркәсіпте

354

482

243



Транспорт және байланыс

19

34

27



Құрылыс

99

107

98



Сауда

40

24

45



Қонақ үйлер және мейрамханалар

40

1






Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету

23

12

6



Білім беру

7

21

19



Басқа да салалар

473

306

333



Электрик

28

11

10



Агент

43

37

20



Бақылаушы-өткізуші пунктіндегі бақылаушы

20

20

20



Тас қалаушы

53

23

11



Плотник

17

13

13



Столяр

23

17

22



Жол жұмысшысы

20

36

47



Штукатур

35

15

22



Слесарь -сантехник

17

46

28



Электрогазосварщик

39

22

14



Қолмен дәнекерлейтін электросварщик

19

15

33



Слесарь – жөндеуші

28

28

19



Тігінші

41

12

13



Отын беретін машинист

26

24

16



Машинист (кочегар)

36

25

20



Жылу пункітінің операторы

23

47

19



Көлік жүргізуші

21

18

11



Көлік күзетші

17

20

11



Қолғабысшы жұмысшы

41

23

41



Аула тазалаушы

25

79

18

Жоғарыда келтірілген кестеден өнеркәсіп, құрылыс салаларына мамандар қажеттілігі өте жоғары. Ал транспорт және байланыс, сауда, білім беру, столяр, жол жұмысшысы, қолмен дәнекерлейтін электросварщик, қолғабысшы жұмысшы салалары 2007 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдардың толық жылымен салыстырғанда көрсеткіштері жоғары.

Міне, студенттік өмірдің ақырғы айлары да мәресіне таяп қалды. Күні ертең дипломды иеленер өрендерді «енді қайда бармақпын, қай жұмыстың құлағына ен тақпақпын?» деген сұрақтардың толғандырары әбден анық. Бес жыл бойы оқу қуып, теориялық білімді көңіліне түйген жастарды өздері табалдырығын имене аттаған мекемелер басшылары тарапынан «Бізге дайын кадр қажет. Кем дегенде бір жыл еңбек тәжірибеңнің болуы шарт» деген талаптардың айтылары анық.

Дипломды сандыққа қалдыру-өмір бойы алған білімін аяққа таптау емес пе? Қазақ жастарының бойында Ұлттық намыс бар. Ауылдағылардың тұрмысы қаладағылармен салыстырғанда едәуір жақсы. Тұрғылықты мекен жайы, мінер көлігі, малы бар дегендей. Білімі болсын-болмасын олар үшін қара жұмыс таңсық емес. Ауылда көршінің үйінен бір шәугім шәй ішсең де, әйтеуір өлмес ауқат бар. Қаладағы қазақ тіпті көршісімен де амандаспайды.

2007 жылы жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірген азаматтардың жалпы саны 1430, ал оның ішінде жастардың (16-24 жас) саны 331, осы көрсеткіштердің 237 тұрғыны ауылдық жерлердің тұрғыны, оның ішінде 55 жастар (16-24 жас). Жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірген азаматтардың 81 білім беру ұйымдарының түлектері болып саналады, ал олардың 77 жастар қатарына жатады, олардың 11 ауылдық жерлердің тұрғыны. Оқу орындарын аяқтағандар: жалпы білім беру мектептері, гимназия, лицей түлектері 16, олардың 8 ауылдан келгендер. Колледжді бітірген жастарымыздың 39 жұмысқа орналасу үшін өтініш берген. Жоғарғы оқу орындарының 18 ғана өтініш берген. Осы орайда көмек сұрап келушілердің көбісінің заңгерлер, экономистер, кеденшілер және бухгалтерлер екенін ерекше атап көрсеткім келеді. Ал, бүгінгі өмір ағымына байланысты құрылыстың түрлі мамандарының, ағаш шеберлерінің өте қажетсініп отырғандығы ақиқат.

Жұмысшы күш мамандығының сапасының өсімі, жұмыспен қамтылудың өсімі мен жұмысссыздықты төмендету қазақстандық еңбек нарығын глобальді еңбек нарығы жүйесіне бәсекелестікке қабілетті және тең құқылы қызмет етуге жағдай жасайды.

Сонымен, талданып отырған жылда экономикада халықты жұмыспен қамтудағы басталған өсу қарқыны сақталуда. Аталған қарқынды сақтап қалу мәселесі өзектілердің бірі болып отыр. Халықты тиімді жұмыспен қамту саласындағы мәселелер экономиканы көтеру, өндірістің тұрақтылығын сақтау жолымен жүзеге асырылады. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің жылдамдатылуы тиімділіктің жоғарылауына, халықтың экономикалық жағдайға бейімдеушілік мүмкіншілігінің кеңеюіне, сонымен бірге еңбекке сұраныстың көбеюіне әсер тигізеді.

Жоғарыда айтылғаннан шығар қорытынды мынадай:



  1. Өнеркәсіп, құрылыстың дамуына байланысты еңбек нарығында сұраныс көбеюде, ол жалғасын әрі қарай табады деуге де болады. Демек, сол салаларға қажетті мамандық алу жастарды ойландыруға тиіс.

  2. Үкіметтің ауыл шаруашылығын дамытуға алған бағдарламасын, ауыл тұрмысының қаладан тәуір екендігін еске алып, сол салаға қажетті мамандықтарды алуды көздеген жөн, оның ішінде экономика бөлімдері де бар.

  3. Белгілі мамандық алып, оған сұраныс төмендегендер қысқа мерзімде игеруге болатын қосымша мамандық алып, жұмысқа орналасуға талпынуы қажет. Өмір дамуда, ондағы болатын өзгерістер заңдылық, оған бейімделу, орныңды тауып, үлесіңді алу өзіңе байланысты.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Байназар М. Жұмыссыз жастар аз емес,ал өндіріс салалары маманға зәру//Жас Алаш.2006 жыл 3 тамыз

2. Әлім Қ. Жұмыссыздық және жұмыс// Егемен Қазақстан.2007 жыл 1 қаңтар



3. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Алматы 2008




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет