Ғылыми жетекшісі: Ф.ғ. к., доцент А. Б. Донбаева Тақырып: Қазақ тіл біліміндегі когнитивті лингвистиканың зерттелуі


Key words: cognitive linguistics, linguistics, new direction, thought, cognition, concept. Қазақ тіл біліміндегі когнитивті лингвистиканың зерттелуі



бет2/3
Дата29.09.2024
өлшемі21.92 Kb.
#504108
1   2   3
Туркменбаева Жұлдыз мақала

Key words: cognitive linguistics, linguistics, new direction, thought, cognition, concept.
Қазақ тіл біліміндегі когнитивті лингвистиканың зерттелуі
Жаһандық заман қарыштап дамыған сайын тіл саласы да қалыс қалмауда. Лингвистика саласындағы басты жетістіктердің бірегейі – тілдің танымдық қызметі қалыптасып, жаңа парадигма ретінде танылуы. Яғни, біз тіл арқылы адамның мәдениеті, ойы, әлемді тану процесстерін және т.б. ақпараттарды жинақтай аламыз. Тіл – әрбір ұлттың баға жетпес байлығы. Көптеген ғалымдар қазіргі лингвистиканың үш негізгі бағытын анықтайды: генеративті, функционалды және когнитивті лингвистика.Когнитивтік лингвистика – көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделілігінің, қиындығының басты себебі – қыр-сырының молдығында.
Тіл білімі саласында тынбай еңбек еткен көрнекті ғалымдар «когнитивті лингвстика» ұғымына түрлі анықтама берген. Мәселен, Кубрякова «Когнитивті лингвистика – лингвистиканың бағыты, және бұл бағыттың ортасында тіл – ортақ когнитивті механизмдер ретінде, когнитивті құрал – ақпаратты кодтау және өңдеуде маңызды рөл атқаратын белгілер жүйесі ретінде орналасқан».З.Д. Попова мен И.А. Стерниннің пікірі бойынша «Когнитивті лингвистика - тіл мен ойлаудың күрделі қарым-қатынасын зерттеудің жаңа кезеңі».Осы орайда, біз когнитивті лингвистиканың нейрофизиологиямен қатынасын байқай аламыз. Яғни, әртүрлі сөйлеу қызметі (тілді үйрену, тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу және т.б.) мидың әртүрлі бөліктерімен байланысты.
Когнитивті лингвистика алдымен әлемнің тілдік кескін – кейкімен, яғни біздің қабылдау, ойлау, түсіну қабілеттерімізбен тығыз байланысқанын көре аламыз. Яғни, тілдің танымдық сипаты, тілдің когнитивті бейнесі жайлы терең мағлұматты осы когнитивті лингвистика арқылы ие бола аламыз. Себебі ол когнитивті жүйедегі лингвистикалық бағыт болып табылады. Когнитивті лингвистика саласында еңбек еткен шетелдік немесе орыс ғалымдары ғана емес, Отандық ғалымдар да өз үлестерін қосып, қазақ тіл біліміндегі когнитивті лингвсистиканың қарыштап дамуыны үлес қосуда. Ғалымдардың еңбектері қазақ тілінде шығарылғанымен орыс когнитивті лингвистика мектебінің дәстүрін жалғастыруда. Мәселен, Э.Д.Сүлейменова «қазіргі қазақ тіл білімінің жағдайы көптеген ғылыми еңбектерге, когнитивті лингвистка сияқты бағыттарға қарамастан, бірқатар жетістіктермен қатар зерттеудің негізгі бағытының болмағанымен сипатталады. Ол тек жалғыз зерттеулермен шектелген, мектептер немесе аяқталған тұжырымдама жоқ». [5]. Қазақ когнитивті лингвистика саласында ерен еңбек еткендердің ішінде А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолова, Е.Н. Жанпейісова, Р. Сыздық, А. Ислам, М.М. Копыленко, Э.Д. Сүлейменова, С.С.Құнанбаева және т.б. бар. А.Байтұрсынов XX ғасырдың басында таным мен тіл арасындағы байланысты атап өтті. Ол қазақ тілінің мүмкіндігін жаңа арнаға бағыттаумен қатар, жалпы тілдік құралдарын танымдық сатыларын адамның физиологиялық болмысымен, ұлттық халықтың дәстүрімен ұштастыра білді. Өзінің «Тіл құрал» атты еңбегінде «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі...» дей келе, «Тіл – құрал» деген қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да бастапқыда жат көрінер, өйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат деген автордың пікірін тіл – ойлау – таным – мәдениет арасындағы байланыс мәселесіне қатысты ой-тұжырымдарының бастамасы деуге болады. А.Байтұрсынов тіл мен психикалық жүйенің байланысына ерекше назар аударды. Кейіннен тіл мамандары тілдің әлеуметтік, психологиялық және когнитивтік функциясын анықтаған.
Қ.Жұбанов өз еңбектерінде тілдің когнитивтік функциясы мен оның адамның ақылымен байланысы туралы жазды. Кез келген тілдің ой және танымға байланысты екенін дәлелдеген. Қ. Жұбановтың негізгі идеялары: адамның физиологиялық және психологиялық сипаттамалары бойынша тілдерді талдау, қарым-қатынас құралы ретінде тілге баға беру және адам қызметінің нәтижесі, айналадағы әлем туралы көбірек білу тәсілі. Қазақ тілі білімінде когнитивті лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он быс жылда ғана қолға алына бастады.
Қазақ тіл біліміндегі когнитивті лингвистикаға үлкен үлес қосқандардың қатарында Қ. Жаманбаева да бар. Ол «Тіл қолданысының когнитивті негіздері» атты монографиясында тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясы жайлы жазған. Сонымен қатар, когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісін, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктерін айқындаған. А.Ислам өзінің еңбектерінде когнитивті лингвистикадағы «тілдік тұлға» мәселеллері жайлы сөз қозғайды. Профессор Э.Д. Сүлейменова тілдік таңбаның мағыналық-мазмұндық мәні арқылы ақиқат дүниені тану жағын қарастырса, Н.Ж. Жарқынбекова адамзаттың этно-ментальді дүниесінің тіл арқылы берілуін көрсетеді. Ж.Манкеева өзінің «Қазақ тілін зерттеудің когнитивті негіздері» атты мақаласында когнитивті лингвистикада тілдің бейнелеуіштік қызметінің зор екендігін көрсетіп, ұстанымдарын айқындаған.
С.С.Құнанбаева аудармашыларды мәдениетаралық коммуникацияның субъекті ретінде қарастырып, «мәдениетаралық коммуникация субъектісінің» тұлғаның даумының психолингвистикалық және когнитивті-лингвистикалық заңдылықтарын атап көрсеткен. Аудармашылардың алғашқы және екінші когнитивті саналары бар. Алғашқы когнитивті сана аудармашының ана тілімен қалыптасады. Бұл ретте алғашқы концептпен әлем бейнесі, алғашқы когнитивті білім (конструкттар) және ұлттық менталитет пен тілдік түсінік қалыптасып, бір-бірімен байланысады. Өз кезегінде, бұл байланыстар әлемнің және тілдік категориялаудың «реконцептуализация» механизмдерін құрайды. Бұл мехнизмдер арқылы екінші когнитивті сана қалыптасады. Бұл инофон тіл негізінде екінші бейне мен әлем концептін, екінші когнитивті білімді – конструктты, жаңа бағыттағы когнитивті -лингвомәдени жиынтықтарды дамытады.
Бүгінгі таңда когнитивтік бағыттағы зерттеулерде тілдегі білімнің көрінісін сипаттауға бағытталған ізденістер жанданып келеді. Елімізде соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектерге шолу жасау арқылы қазақ ғалымдары мен тіл мамандарының когнитивті лингвистиканы дамытуға лайықты үлес қосып келе жатқандығына көзіміз жете түсуде. Когнитивті лингвистика жаңа коммуникация жүйелерін тану кезінде ойлау мен тану процесстерінің қарым-қатынасының үрдістерін анықтайды.Сондықтан, мәдениетаралық құзіреттерін және «екінші когнитивті сананың» қалыптасуының механизмдерін құруда когнитивті үрдістердің заңдылықтарына өзінің назарын аударады. Зерттеулердің көпшілігінде тілдің құрылымдық жүйесіне мән беріліп келсе, қазіргі кезде тілді жаңаша кешенді түрде зерттеу, соның ішінде танымдық бағытқа баса назар аударылып отыр. Жалпы тіл біліміндегі жаңа бағыттар ретінде сипатталғанмен, қазақ тіл білімінде бұл бағыттағы зерттеулер А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Ғалым зерттеулерінде тіл мен сана, тілдік сана, тіл мен таным, ұғым, концептуалдау және категориялау, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары, грамматикалық мағынаның сипаты т.с.с. мәселелер жан-жақты сөз болған. Ақиқат болмысты танып-түсіну нәтижесінде жинақталған ақпарат тілде көрініс табады. Бұл ретте Ұлт ұстазының ізін жалғап, жолымен келе жатқан қазақстандық ғалымдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында когнитивті лингвистика саласы отандық зерттеушілердің ізденісі оң нәтиже беруде. Алдағы уақытта, Қазақстанда когнитивті зерттеулердің бірыңғай орталығы құрылып, когнитивтік лингвистиканың жаңа, әлі дамымаған аспектілерін дамытуға үлес қосар ғалымдарымыз көп болса екен деген тілегім бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет