Кері әсері: Зерігу, эгоизм мен қызғаныш тудырады. Сонымен қатар, кей кейде адамның өзіне сенімділігін бәсеңдетеді.
Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген сенің адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Егер сіз біртоға, ешкімнің қолы жеткізсіз көрінгіңіз келсе, көк түсті киім таңдаңыз. Бұл түс кездесуге барғанда өте ыңғайлы. Беріктік пен игіліктің, тұрақтылыққа ұмтылыстың белгісі. Бұл түс бір уақыт өмірдің мәнін іздеуге, өз ойларыңды ретке келтіруге итермелейді.
Кері әсері: Ойларды ауырлатып, еркіндікті тыяды.
Ашық көк түс - салқындатқыш, тыныштандыратын түс. Бұл түс -бейбітшілік, тыныштық символы. Әрдайым тепе-теңділікке, ақылдылыққа шақырады.Ашық көк түсті рухани жетістіктерге ұмтылатын адамдар ұнатады.Әдетте, бұл түсті демалатын жерде қолданған жөн. Киім таңдағанда аса сезімтал, кеңпейілді көрінгіңіз келсе, ашық көк түстіні сатып алуыңызға болады.
Кері әсері: ашық көк түстің молдығы меланхолияға, енжарлыққа, безушілік пен тұйықтыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, шаршау мен ашушаңдық шақырады.
Қара түс – жұмбақ, құпия түс.Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Тәуелсіз, беделді көрінгіңіз келсе, қара түсті киім таңдаңыз. Элеганттылық сезімін арттырады.
Кері әсері: Қара түстің аса көп мөлшерде пайдалану күйзеліске, енжарлыққа душар етуі мүмкін.
Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Бұл түс қиыншылықты жеңуге көмектеседі. Мінездегі тұрақтылық, еркіндік пен сабырлықтың көрінісі іспеттес. Қарым-қатынас жосығы мен тұрақтылығын ойлайтын адам көбіне осы түсті таңдайды.
Кері әсері: жабырқау сезімін ушықтырады. Өзгелерден энергия іздеуге мәжбүрлейді. Екінші пландағы адам болуға итермелейді.
Сұр түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді. Сұр түске құмарларға бала күнінде ерекше көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады. Сондықтан өзін көрсетуге келгенде тым жасқаншақ. Ол мұны қалыпты жағдай деп түсінеді.
Аралас түстер:
Көк-қара – тыныштық.
Сұр-көк - сабырлық, немқұрайлылық.
Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын өзі жасап алу.
Көк-күлгін – нәзіктікке талпыныс.
Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.
Қоңыр-қызыл – белсенділік.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.
Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа-райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.
Түстердің барлық сипаттамаларымен танысқан соң менде адамдар түстерді таңдауда жас кезеңдеріне байланысты таңдай ма, әлде ұнайтын түсі үнемі сол түс болып қала ма деген сұрақ ойландырды. Ал екінші сұрақ: түстер адам мінез құлқына, жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер ете ме? Бұл сұрақтардың дұрыс бұрысын білу үшін 3сынып, 9 сынып және бастауыш сынып оқытушылары арасында сауалнама алынынып нәтижелер салыстырылды.
Сұрақ: сізге қандай түс ұнайды?
3 сынып бойынша ақ түс -13%, қызыл -33% , жасыл -15% , көгілдір -27%, сары -9%, қара-3% көрсетті.
Бастауыш сынып оқытушыларынан алынған сауалнама ақ түс-14%, қызыл -8%, жасыл -21% , көгілдір -28% ,сары -12% , көрсетті.
Сөйтіп шынымен әр жастағы адамдардың түстерді таңдауда өзгешіліктер бар екені көрінді.
Екінші болжам : түстер адам ағзасына әсер ете ме? Бұл болжамды зерделеу үшін 3-сыныпта «қызыл түс» күнін ұйымдастырдық. Оқушылардың барлығы сабаққа қызыл киім киіп келді. Балалар бір біріне ерекше зейін бөліп, көңілдері көтеріңкі болды. 3- сабақтан кейін бірақ та көптеген оқушылар өздерін қызыл түске зейін аударудан оқушылардың пульсі жиеледі(6 балада). Сабақ соңына қарай 3 баланың басы ауыра бастады, көздері қызырды. Оқушылар өздерін шаршаңқы сезініп, тез ашуланып, далаға шығуға рұқсат сұрады. Ен қызығы бұл күні оқушылардың бәрі ыстық сезініп терледі. Тіпті мұғалімнің өзі де бүгінгі күн күндегіден бөлек болғанын, шаршап кеткенін айтты. Сөйтіп біздің екінші болжамымыз түстер адам ағзасына әсер тигізетіні дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |