Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
99
өздерінің әртүрлі мұқтаждарын айтып, шағымдарымен келген. Біреулері жеуге ештеңе жоқ десе,
екіншілері көйлек, аяқ киім сұраған. Өзара немесе орыстармен жанжалдасқандарға миссионер
төрелік етіп, татуластыруға тиіс болады. Біресе пәтерлерінен қуып жіберген орыстарға шағым
жасаған тұтас бір отбасы келген. Оларды орыстармен мәмлеге келтіру керек немесе басқа
баспана тауып беру қажет. Жаңа пәтер табылмаған жағдайда миссионер өз үйінің бір бұрышынан
орналастыруға мәжбүр болған. Енді біреулері жылқысын немесе сиырын ұрлап әкетті деген
шағыммен келген. Мұндайда миссионер ұрлыққа шара қолдануға қажет болған. Осыған ұқсас
жайттар өте көп болған. Қысқасы, барлық ірілі-ұсақты жағдайларда жаңадан шоқынғандар
миссионерге келіп көмек сұраған.
Миссионер оларға дұға етуді, дін ережелерін және христиан
шарттарын үйретуге тиіс әрі міндетті болған. Мұндай шаралар олардың барлығын бір жерге
жинауды немесе әрқайсысының үйіне баруды талап еткен. Ондайда оған тілмаш пен аудармашы мен
көмекшісі зор көмегін тигізген. Құдайға құлшылық ету кезінде кейбір әндер, дұғалар қазақ тілінде
айтылып, оқылған. Ораза кезінде Үлкен Нарымның миссионері құдайға құлшылық етуді апта бойы
қазақ тілінде жүргізді. Дәл осындай әрекетін ол өзі қызмет еткен Бөкен тұрағында да қайталады.
Қырғыз миссиясы өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда бірқатар кедергілерге тап
болып, біраз мәселенің түйінін шешуге мұқтаждық етті. Сондай кедергілердің бірі ретінде архив
деректерінде байырғы халық өкілдерінің ислам дінін берік ұстануы және Мекеге қажылыққа
баратындардың санының көбеюі, сапардан келгендердің тұрғындар арасында беделдерінің артуы
атап көрсетіледі. Қазақтанның оңтүстік аймақтарында діни нанымның беріктігі, мұсылмандардың
медреселер мен мектептерде, молдадан білім алулары, олардың
көзі ашық адамдар ретінде
айналасындарға ықпалы кедергілер ретінде саналған. Жаңадан шоқынғандарға жер үлестерінің
уақытында үлестірілмеуі, материалдық ынталандырудың да үнемі әрі тұрақты берілмеуінің
салдары миссионер қызметіне көлеңке түсірген. «Христиан дінін уағыздау бұратаналар арасында
толқулар тудырады» деген үрей де орын алған. Сондықтан миссионерлер уағыздарын аса сақтықпен
жүргізуге мәжбүр болған. Биліктегілер мен дін басшылары ашық уағыздың жағымсыз нәтижелерге
әкеп соғатындығын ескерткен. Сондай келеңсіз жағдай архипастырдың Ақмола облысына келген
сапарында болыс билеушілерімен, билермен және басқа да құрметті қазақтармен әңгімесінен
кейін орын алған. Діни басшының әңгімесінен кейін қазақтар өзара келісіп, Петерборға жоғары
мәртебелі патша ағзамға діни сенімдерге қол сұғудан қорғайтын арнайы муфтий тағайындау
туралы өтініш жазған. Осы мақсатта бірнеше рет заңсыз жиналыстар, алдымен болыстарда, кейін
Арықбалық станицасында билердің кезектен тыс съезі өткізілді. Бұл жиналыстарда дін басшысының
іс-әрекеттері
қолдау тауып, қазақтарды христиан дініне мәжбүрлеп кіргіземіз деп қорқытқан
(ҚР ОМА, 436:32). Мұның өзі орыс миссонерлерінің қызметтерін бір жағынан заң және ережелер
шеңберінде жүргізуге тырысқанын, екінші жағынан христиан дініне жергілікті тұрғындарды
көбірек тарту мақсатында олардан аттап кетіп отырғандықтарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: