Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет168/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
154
маңызы зор еді. Жобалардағы талқылауға қоғамдық өкілдер де қатысты. Алайда 1950-жылдардың 
аяғына қарай кеңестік жүйенің сәулетшілер Одағының қызметіне баса көктеп араласа беруінің 
өлшеусіз зияны да тиіп жатты. Типтік жобадағы үйлерді салудың дәстүрі бір жолата орнықты. 
Қазақстан сәулетшілерінің ескертпелеріне қарамастан, құрылыс ісінің практикалық-шаруашылық 
шарттарының (құрылыс материалдарының зәрулігі, қаражат тапшылығы, құрылыс обьектісін 
тапсыруға асығыстық) өктемдігі, қалалар мен елді мекендерді бірегейлендіріп, көркемдік-сәулеттік 
міндеттерді шешуді күрделендірді.
Сәулеттік жобалау практикасындағы қалаларды фукнционалдық зоналарға қатаң бөлудің де 
кері әсері болмай қойған жоқ. Қалалар әдетте негізгі тұрғын үйлер мен қоғамдық орталықтар 
аймағына (әкімшілік, оқу орындары, медициналық тұрмыстық қызмет, спорт т.б.), өнеркәсіптік 
аймаққа, коммуналдық қоймалар аймағына (қоймалар, базалар, гараж, автобус паркі т.б), сыртқы 
транспорт аймағына бөлінді (Курбатов, 1988:110). Әсіресе, өнеркәсіптік-шаруашылық аймақтарына 
айрықша көңіл бөлінді, әлеуметтік инфрақұрылым көп жағдайларда шаруашылық мүдделеріне 
икемделді. Қалаларды міндетті түрде зоналарға бөліп салудың дәстүрге енуі, кеңестік экономикалық 
жүйе жағдайларында әлеуметтік мүдделердің шаруашылық мүдделеріне бағындырылуымен 
түсіндірілсе, екіншіден, кеңес кәсіпорындарының экологиялық таза өнімдер шығаруға деген 
дәрменсіздігімен де түсіндіріледі.
Қалалардың арнайы зоналарға бөлінуінің абсолюттендірілуі жаңа проблемаларды туғызды. 
Атап айтқанда, уақыттың өтуімен қала зоналарының аралықтарындағы «ашық жерлерде» стихиялы 
түрде жаппай жеке секторлық үйлер пайда бола бастады. Әміршілдік-әкімшілік жүйе чинновниктері 
ондай «өзіндік» құрылыстарға жол бермеуге тырысып баққанымен, тұрғын үй мәселесінің өткір 
болғаны сондай «халықтық құрылыстың» тегеурініне тосқауыл құра алмады. Осылайша, халықтың 
аузында «Шанхай», «Нахаловка», «Самостройка», «Копай», «Қырық кепе» деп аталынып кеткен 
қала аудандары дүниеге келді (басқада атаулары болуы мүмкін). 1950 жылдардың аяғы 1960 
жылдардың басында мұндай құрылыстардың қарқыны жоғары болғаны сондай, 1959 жылы 
Қазақстан сәулетшілерінің ІІІ-сьезінде Қазақс ССР-і мемлекеттік құрылыс мекемесі бас 
мамандарының бірі Т.Иванова қалыптасқан жағдайы «стихиялық апатқа» балады. «Самостройка» 
мен «Шанхай, «Нахалвка» және оған ұқсас өз бетінше салынған үйлердің маңайы көркейтілмеген, 
мәдени – тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерімен қамтамассыз етілмеген. Қала салудағы 
стихиялық апаттың мөлшерін мынадан – ақ көруге болады; Алматыда соңғы екі-үш жылдың 
көлемінде өз бетінше 1170, Өскеменде, Зайсан, Лениногорскі, Зыряновскі қалаларында 1955-
1959 жылдары 1053, Павлодарда 547, Қарағандыда 693, Шымкент 257, Жамбылда 221 үй салынды 
(ҚР ОМА, 149:22-23).
1960 жылдардың басында Қазақстан Сәулетшілері Одағының басқармасы қалыптасқан 
сәулеттік-құрылыстық практикадағы кеселді тенденцияларды жоюдың жолдарын талқылап, 
ұсыныстар жасады. 1962 жылдың 29-29 маусым күндері өткен сәулетшілердің ІV – сьезінде Басқарма 
төрағасы Е. Дятлов «өнеркәсіп құрылысына сәулеттік бақылау» (ҚР ОМА, 210:19) орнатудың 
қажеттігіне назар аударды. Алайда, тұрғын үй проблемасының тегеурінімен әміршілдік-әкімшілік 
жүйе сәулеттік бақылау жүйесін жасауға дәрменсіздік көрсетті.
1960 жылдарың бірінші жарытысында да Сәулетшілер Одағы қызметінің негізгі формалары: 
сәулеттік жобаларды талқылау, конкурстар, көрме ұйымдастырулар жалғасын тапты. Алматы 
қаласындағы 1600 орындық панорамалық кинотеатр ғимаратының жобасын, Абай ескерткішінің 
орнын сәулеттік талқылау ұйымдастырылды.
1961 жылы Сәулетшілер Одағында мемлекеттік Бас «Казгорстрой-проект» жобалау 
институтының шығармашылық есебі тыңдалып, 1962 жылдың 11-14 қаңтарында Целиноград 
қаласында сәулетшілердің кеңейтілген кеңесі өткізілді. Кеңес тың өлкесіндегі совхоздарды жобалау 
мен салудың және индустриалы құрылыстың материалдық–техникалық базасын дамытудың 
мәселелеріне арналды. Целиноградтағы (Нұр-Сұлтандағы) «Тың игерушілердің сарайы», Өскемендегі 
«Мәдениет сарайы», Қарағандыдағы «облыстық драма театры», Алматы қаласындағы «Панорамалық 
кинотеатр» ғимараттары Қазақстан сәулетшілерінің ірі табыстары болды. Қазақстан сәулетшілері 
бұл жылдары салынып жатқан қалалар мен селолардың жобаларын, сәулеттік бейнесін жақсарту 
ісіне сүбелі үлес қосты.
1964 жылы Қазақстан сәулетшілерінің V-сьезі шақырылды. Сьезде сәулеттік жобалау ісін 
жақсартудың көкейтесті проблемалары жан-жақты қаралды. Басты кемшілік ретінде сәулетші 
мамандарының жетіспейтіндігі атап көрсетілді. Сьезд делегаты сәулетші Н. Рипинский айтқандай, 
бұл кезде бүкіл Қазақстандағы сәулетшілердің саны Ресейдің бір ғана Новосибирскі қаласының 
сәулетшілері санына тең келеді. Құрылыстың қарқыны Қазақстанда ерекше қарқын алғанымен 
олардың санының үлес салмағы Кеңес Одағындағы сәулетшілердің 1,5 процентін ғана құрады 
(ҚР ОМА, 257:38). Сьезд сәулетшілер мамандарын даярлайтын республикада жоғарғы оқу орнын 
ашудың қажеттігін атап көрсетті. 
1966 жылы Қазақстан коммунистік партиясының ХІІ сьезінде, Сәулетшілер Одағының 
төрағасы Р.Сейдалин бұл мәселені жоғары партия орындарының алдына да қойды. 1966 жылдың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет