ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
162
үшін жан
беру - бәрімізге бір мақсат, бір мұхаббат уәзифа болмақ. Мұны ұмытпау керек! Түрік
халқы- батыр халық, түрік халқы-арыстан, ер халық» деген өсиеті мен түсінігі өзінің эмиграциялық
өмірінің де тұрақты һәм берік танымы болатын (Шоқай, 2014: 48).
Материалдар мен әдістер. Тақырыпты ашу түрлі мазмұндағы материалдарды сұрыптауды,
салыстыруды, жүйелі зерттеуді қажет етті. Бұл үшін Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы өзгеше
саяси
қызметін, түрлі тілдегі шығармашылық жұмысын пайдалану жеткіліксіз болып, оның аса
бай эпистолярлық мұрасына да жүгінуге тура келді. Бұл мәселені Мұстафа Шоқайдың ізбасарлары
А. Оқтайдың, Т. Шағатайдың естеліктерінде, белгілі алаштанушы М.
Қойгелдиев, шетелдік
мұстафатанушы Ә. Қара, отандық мұстафатанушылар - К. Есмағанбетов, Б. Садыкова,
Г. Көкебаева, Г. Кыдыралинананың және т.б зерттеулерде де қарастырылады.
Мұстафаның өрелі
саяси қайраткер, майталман публицист, дүниетанымы жоғары мәмілегер ретінде терең түсінуде,
оның өзге эмигранттық ұлт өкілдерімен шынайы қарым-қатынасын көрсету үшін түрлі саяси
деңгейдегі, әртүрлі мінез-құлықты кісілермен
жазысқан хаттарын оқи отырып, сол кездегі
дәуір тынысын да, әрбір қайраткердің өре өрісін де, әлеуметтік
әлеуетін де жақсы байқауға
болады. Сондай-ақ Мұстафа Шоқайдың ерекше сергек ұстанымы, қарым-қатынастағы айрықша
мәдениеттілігі, замана ұсынған және ортақ әңгімедегі саяси оқиғаларды терең білетіндігі, қиын
мәселелерді түсінудегі пайым-парасаттылығы, әділеттілікті ту еткен адами болмысы да ашыла түсті.
Бұлар ұсынылып отырған еңбектің өзіндік ерекшеліктерін айқындады деуге болады.
Сондықтан
қарастырылып отырған мәселе бойынша салыстырмалы, типологиялық әдістер мақаланың өзегі
болғанын атап өткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: