Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет206/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
189
оларды тәжік өкіметінің мүшелері бір-бірден асырап алғанын тілге тиек еткен еді. Сонымен 
қатар Абдулланың Орта Азияда бірінші болып 3 мәрте жауынгерлік Қызыл ту орденімен 
марапатталғанын мақтанышпен айтатын. Бірде семинар сабағында мен Абдолла туралы тағы 
сұрап, 1936 ж «Совет Одағының Батыры» атағы бекітілгенге дейін КСРО батыры десе де 
болғандай екен дегенімде ұстазым: – Өзімнің ойыма келмеген нәрсені шәкіртімнің айтқаны 
қандай жақсы,- деп маған «5» бес қойғаны бар. 
1983 ж Мәдениет министріне қарасты «Казпроектреставрация» институтында істеп жүргенде 
мен атақты адамдардың басына қойылған ескерткіштерді тізімге алып, Алматы қаласының Ташкент 
бейітіндегі М. Әуезов, Қ. Сәтбаев зираттарынан көп алыс емес А. Жармұхамедовтің де құлпытасын 
тізімге кіргізіп, паспортын жасадым, Мәдениет министрлігінің коллегиясында Ж. Шаяхметовпен 
бірге осы екеуін дәлелдеп шықтым. 
Небәрі 44 жыл өмір сүріп, бүкіл саналы өмірін Тәжікстан республикасын нығайтуға жұмсаған 
Абдолланың өмірі мен қызметі зерттеуге тұрарлық, ол шетелдегі қазақтардың әскери және тарихи 
қайраткерлерінің бірі. Ол туралы тәжік зерттеушісі Абдусаттар Нуралиев: «Имя верного сына 
казахского народа Абдуллы Ярмухамедова занимает достойное место в словесной плеяде 
выдающихся борцов за народное счастье. Его мужество и героизм в борьбе с врагами в годы 
становления и укрепления Советской власти в Средней Азии были отмечены тремя орденами 
Боевого Красного Знамени, орденом Красной Звезды Бухарской НСР, личным оружием, ценными 
подарками и грамотами...» (Абдусаттар, 2016). Тағы бір тәжік тарихшысы Гафур Шерматов: 
«10 ноября мы отмечаем День таджикской милиции, а 13 ноября 120 летие первого в истории 
Таджикистана главного милиционера республики, народного комиссара Внутренних дел 
Таджикской АССР, борца за установление Советской власти в Средней Азии Абдуллы 
Ярмухамедова» дей келе, оның қазақтың даңқты ұлы екенін атап көрсетеді (Шерматов, 2016). Мен 
А. Жармұхамедовтың да, С. Рақымовтың да өз қолдарымен жазған өмірбаяндарын, толтырған 
анкеталарын көрдім. Абдолла үнемі өзінің қазақ екенін көрсетіп отырған, себебі кедей отбасында 
туған. Сабырдың әкесі Омарқұл диірмені бар бай болған, әкесінің ағасы Мәуленқұл Ташкент 
қаласының датхасы болған. Мұндай биографиямен Сабыр ешқашан өсе алмас еді, сотталар еді. 
Сондықтан әйелінің ағасы Рақымның атына әдейіліеп жазылып, ұлтым – өзбек дегенге ешқашан 
арланбаған, себебі ол кезде көрсету көп, қазақтардың өздері-ақ Сабырдың көзін құртып жіберер еді. 
Абдолла 1896 ж 13 қарашада Жетісай селосында кедей отбасында дүниеге келген, 7 жасында 
әкесі қайтыс болып, шешесі күнкөріс қамымен Мырзашөл жақтағы (Жизок уезі) ағасының қолына 
барады. Сол кезден бастап Абдолла Мырзабай болыстың суын әкеп, малын бағып жұмысын 
істейді. Ол заманда орыс әкімшілігі ауқатты адамдардың балаларын оқытып, келешекте патша 
өкіметінің сойылын соғатын шенеуліктерді дайындауды қолға алған. 1906 ж кезек Мырзабай 
байға келгенде ол өзінің жалғыз ұлын қимай, есігінде жүрген Абдолланы Самарқандтағы орыс-
тузем мектебіне беріп жібереді. Кішкентайынан ұғымпаз, зерек болған ол мектепте жақсы оқиды. 
Өз балам деп берген Мырзабай Абдолланың оқудағы озаттығына қарамай, бір жылдан соң оған 
көмек беруін тоқтатады. Содан өзін-өзі асырау үшін Абдолла нешетүрлі жұмыс істейді, оқудан да 
бір сағатқа да қалмай үнемі сабақта алда болады. Баланың еңбекқорлығы мен зейінін байқаған 
мектеп меңгерушісі Иванов өзінің қолына алып, мектебін бітірген соң Самарқанд қаласының 
4 кластық училищесіне түсуге көмектеседі. 1914 ж училищені бітірген Абдолла Қаттақорғандағы 
туысына барып, алғашында писарь – қағаз көшіруші, кейінірек аудармашы болады. 
1917 ж патша өкіметі құлап, Ақпан революциясын көрген, большевиктердің үгіт-насихатына 
сенген Абдолла жиналыстарға, митингілерге қатысып, белсенділік танытады. Ол барлық күш-
жігерін, білімін Кеңес өкіметін нығайтуға жұмсайды. Біз Абдолланың өмір кезеңдерінің барлығына 
тоқталмаймыз, себебі ондай фактілердің бәрі қағазға жазылып, құжаттарда көрініс тапқан. 
1923 ж наурызда Түркістан республикасы ішкі істер комиссарының орынбасары болады, 
мамыр айында Түркістан өкіметі оны басмашылардың ылаңын басу үшін Ферғанаға жібереді. Алай 
әскери-экспедициялық отрядының комиссары болып тағайындалған Абдолла 300-дей еріктілердің 
90 пайызын (қазақтар мен қырғыздар) өзі әскер қатарына тартып, жаттықтырып, ұрысқа бейім 
мықты сарбаздарды жасақтайды. Экспансияның алдында басмашыларды Ферғана асуларынан 
асырмай тоқтату керек болатын. Жергілікті мекенінің әрбір тасы мен бұтасын жақсы білетін 
айлакер басмашыларымен соғысу оңай болған жоқ. А. Жармұхамедов өзінің ұйымдастырушылық 
қабілеті мен әскери дарынының арқасында жауды Ферғана асуларынан асырмай тоқтатып қана 
қоймай, Алай атырабын басмашылардан толық азат етті. Осы ерлігі мен жұмысы үшін Жауынгерлік 
Қызыл Ту орденімен марапатталады. Бұл кезде Орта Азияның барлық республикаларына қарағанда 
Тәжікстанда Кеңес өкіметін орнату өте қиын болған. Жер жағдайының қиыншылығы, әсіресе 
«Әлемнің төбесі» атанған Памирды басмашылардан қорғау оңай болған жоқ. Куляб уәлаятында 
лақай (түркі халқы) батырлары Ибрагимбек пен Егембердінің артынан ергендер Қызыл әскерлерге 
ерекше қарсылық көрсеткен. Революция ісіне қанша берілсе де А. Жармұхамедовтың бір ұрыста 
Қызыл әскерилердің басы мен иығы, қолы бір-ақ шабылғанына назар аударып, – Мына адамдар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет