Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


-сурет Қазба алаңындағы жерлеу орны



Pdf көрінісі
бет235/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   264
34-36-PB (2)

1-сурет Қазба алаңындағы жерлеу орны
Қазба алаңының шығыс бұрышынан, яғни асхана бөлмесінің шығысында оңтүстік-батыстан 
солтүстік-шығысқа қарай бағытталып жатқан бөлме қабырғасының батыс және солтүстік 
қабырғалары анықталды. Шығыс қабырғасы қазба жиегінің астында қалғандықтан анықталған жоқ. 
Оңтүстік қабырғасы ашық бастырмалы болса керек. Себебі, бөлме қабырғасының бітер тұсында 
баған тіреуінің астына қойылған тау тасы орналасқан. Бұрышқа қойылған тау тасының биіктігі 
0,5 м, ұзындығы 0,4 м, қалыңдығы 0,3 м. Жартылай ашылған бөлме қабырғасының батыс қабырғасы 
оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағытталып жатыр. Оның ұзындығы 2,2 м, сақталған 
биіктігі 0,3 м, қалыңдығы 0,3 м. Қабырға күйдірілген қыш сынықтары мен қам кесектен қаланған. 
Бөлменің солтүстік қабырғасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталып жатыр. 
Оның ашылған ұзындығы 1 м, биіктігі 0,3 м, қалыңдығы 0,3 м. Қабырғаның шығыс бөлігі қазба 
жиегінің астында қалғандықтан толық ашылған жоқ.
Қазба алаңындағы Асхана бөлмесінің солтүстік-батыс бөлігінде сыпа үстіне ағаш табытпен 
жерленген 7 адам қаңқасы ашылды. Анықталған табыттың астыңғы бөлігінің ағаш шірінделері ғана 
сақталған. Адам қаңқаларын ашу барысында ағаш қалдықтары мен қатты тотығып кеткен бірнеше 
шегелер табылды. Соған қарағанда адамдарды ағаш табытпен жерлеген. №7 жерлеу орны ғана 
күйдірілген қышпен үй жасау арқылы жерленген. Ашылған адам қаңқасына солтүстіктен бастап 
реттік санмен сипатталып, беріліп отыр (1-сурет).


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
214

сызба Қазба №18. Бірінші құрылыс кезеңінің биіктіктері
№1 адам қаңқасының жамбас, оң жақ балтыр сүйегі және оң жақ қол сүйектері ғана анықталды, 
толық сақталмаған. Солтүстік-батысқа қарай бағытталып жерленген адам қаңқалары қозғалып 
кеткен. Ашылған адам қаңқасының ұзындығы 1,2 м. 
№2 адам қаңқасы анатомиялық толық сақталған. Бет жүзі солтүстік-шығысқа қаратылып 
жерленген, толық ұзындығы 1,2 м. Сол жақ аяғының тізе тұсында адам қабырғасы шашылып жатыр. 
№3 адам қаңқасы анатомиялық толық сақталған. Бет жүзі солтүстік-батысқа қаратылып 
жерленген мүрденің ұзындығы 1,7 м. Оң қолы мен сол қолы шынтақ тұсынан бүгіліп, ішіне қойылған. 
Сонымен қатар, мүрденің үстінде ретсіз өзге адам сүйектері шашылып жатыр.
№4 адам қаңқасы анатомиялық толық сақталмаған. Бет жүзі солтүстік-батысқа қаратылып 
жерленген адамның ұзындығы 1,6 м шамасында. Ашылған адам қаңқасының тізе тұсында адамның 
бас сүйгеінің артқы бөлігі және өзге де адам сүйектері шашылып жатыр. 
№5 адам қаңқасы анатомиялық толық сақталмаған. Бет жүзі солтүстік-шығысқа қаратылып 
жерленген адамның ұзындығы 1,5 м шамасында. Бас сүйегі тұсынан сексеуіл тамыры бұзып, қозғап 
жіберген. Сондай-ақ, сүйектер қозғалып, ретсіз жатыр. 
№6 адам қаңқасы анатомиялық толық сақталмаған. Ретсіз жатқан адам қаңқасының ұзындығы 
1,7 м шамасында. Осы мүрденің жамбас тұсында және оң жақ иық тұсында адамның екі бас сүйегі 
орналасқан.
№7 жерлеу орны көлемдері 25х25х5 см болып келетін күйдірілген қышпен қаланған. Бет 
жүзі батысқа қаратылып жерленген адам қаңқасы анатомиялық толық сақталған. Оң қолдың 
шынтағынан бүгіп, төс тұсына қойған. Ал, сол қолын шынтағынан бүгіп, іш тұсына қойған. Сонымен 
қатар екі тізесін сәл бүгіп жерлеген. Адам қаңқасының ұзындығы 1,8 м.
Қазба алаңында анықталған № 1-6 адам қаңқалары толығымен жерлеу орнынан алынып, өзге 
орынға жерленді. Адам қаңқаларының жатқан жерін тазалау барысында №6 жерлеу орнының бас 
тұсында үш аяқты темір қазан анықталды. Темір қазан қатты тотығып кеткен.
Сондай-ақ, осы жерлеу орнының солтүстік-батыс бөлігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-
шығысқа қарай бағытталып жатқан қабырға анықталды. Қабырға көлемдері 25х25х5 см болып 
келетін күйдірілген қыштармен қаланған. Ашылған қабырғаның ұзындығы 3,2 м, қалыңдығы 
1,5 м, биіктігі оңтүстік жағы 0,1 м, солтүстігінде 0,3 м. Сонымен қатар ашылған қабырғаның оңтүстік 
бөлігі қазба жиегінің астында қалғандықтан толық ашылған жоқ. Қазба жұмыстары барысында 
анықталған бірінші құрылыс кезеңінің жобасы мен тік кесіндісі сызылды (1-сызба).


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
215


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет