Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


-сурет Қазба алаңында ашылған екінші құрылыс кезеңінің әуеден көрінісі



Pdf көрінісі
бет236/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   264
34-36-PB (2)

2-сурет Қазба алаңында ашылған екінші құрылыс кезеңінің әуеден көрінісі 
Екінші құрылыс кезеңі. Қазба жұмыстарын әрі қарай жалғастыру барысында 0,7 м тереңдіктен 
екінші құрылыс кезеңінің екі бөлмесі анықталды. Бірінші бөлме қазба алаңының орталық бөлігінде, 
яғни бірінші құрылыс кезеңінде орналасқын асхана бөлмесінің астында орналасқан (2-сурет).
Бөлме 1. Бөлменің шығыс қабырғасы ғана ашылды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа 
қарай созылып жатқан қабырғаның ұзындығы 4 м, сақталған биіктігі 0,7 м, қалыңдығы 0,8 м. 
Қабырға көлемдері 20х20х40 см болып келетін қам кесектен қаланған. Осы қабырғаның үстінде 
0,1 м қалыңдықта әк аралас топырақ төселген. Оның үстіне бірінші құрылыс кезеңінің бір қатар 
күйдірілген қыштан қаланған қабырғасы орналасқан. Осы көлемдегі қам кесектер қаланың 
шығыс қақпасындағы қорған қабырғаларында қаланған (Жолдасбаев және т.б. 2012: 
185). Ал оңтүстік қабырғасы бірінші құрылыс кезеңіндегі тандыр құрылысының астында 
қалғандықтан ашылмады. Ал, батыс қабырғасы жоғарғы құрылыс кезеңіндегі жерлеу 
орнымен байланысып жатқан болуы мүмкін. Бөлменің солтүстік қабырғасы қазба жиегінің 
астында қалғандықтан толық ашылған жоқ.
2-сызба Қазба №18. 1,2 құрылыс кезеңдерінің тік кесіндісі
Бөлме 2. Қазба алаңында ашылған екінші бөлменің жалпы аумағы 1,5х4 м. Бөлме іші еден 
деңгейіне дейін құланды бос топырақтардан тазартылды. Бөлменің қабырғалары сыртындағы 
сылағымен жақсы сақталған және көлемдері 24х12х10 см болып келетін қам кесектен қаланған. 
Көлеміне қарап бұл ашылған бөлме дәліз қызметін атқарған болса керек. Сонымен қатар, ашылған 
бөлменің солтүстік-шығыс бөлігінде бірінші құрылыс кезеңінің тандыр бөлмесі орналасқан. Батыс 
қабырға; оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағытталып жатқан қабырғаның ұзындығы 


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
216
1,5 м, биіктігі 0,6 м, қалыңдығы қазба жиегінің астында қалғандықтан анықталған жоқ. Қабырға 
еденде 0,15 м биіктікте тапталған, топырақ төселген. Оның бетіне төрт қатар қам кесек қаланған. 
Бұл қабырға солтүстік және оңтүстік қабырғалармен еш байланыссыз қаланған. Соған қарағанда 
қабырға кейіннен жабылған болса керек. Солтүстік қабырға; оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа 
қарай созылып жатқан қабырғаның ұзындығы 4 м, биіктігі 0,7–0,8 м, қалыңдығы 0,8 м. Қабырғаның 
солтүстік-батыс бөлігінде көлемі 0,4х0,4 м болып келетін ниша орналасқан. Сондай-ақ, қабырғаның 
солтүстік бөлігінде тандыр құрылысы орналасқан және осы қабырға арқылы түтіндік мұржасын 
шығарған. Қабырғаның шығыс бұрышын 0,8 м аралықта бірінші құрылыс кезеңінің қоқыс 
шұңқыры бұзып кеткен. Ашылған қабырғаның сақталуы жақсы және сырты сабан қосып сыланған, 
қалыңдығы 0,5–1 см аралықта. Шығыс қабырға; оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 
созылып жатқан қабырғаның ұзындығы 1,5 м, биіктігі 0,8 м, қалыңдығы 0,8 м. Ашылған қабырғаның 
сақталуы жақсы және сырты сабан қосып сыланған, қалыңдығы 0,5–1 см аралықта. Қабырғаның 
сыртқы бөлігін бірінші құрылыс кезеңінің қоқыс шұңқыры бұзып жатыр. Оңтүстік қабырға; 
оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай бағытталып жатқан қабырғаның ұзындығы 4 м, 
биіктігі 1 м, қалыңдығы 0,8 м. Қабырға астына еден деңгейінен 0,5 м биіктікте әк аралас бос топырақ 
төселіп, үстіне көлемдері 24х12х10 см болып келетін қам кесектен қаланған. Сонымен қатар қазба 
кезінде ашылған құрылыс нысандарының жобасы мен тік кесіндісі сызылды (2-сызба).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет