Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


Key words: Immigrants, Zhetysu, Sarkan, missionary, activity, Orthodoxy, school, «Cossack, sermon,  baptism. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет99/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   264
34-36-PB (2)

Key words: Immigrants, Zhetysu, Sarkan, missionary, activity, Orthodoxy, school, «Cossack, sermon, 
baptism.
Кіріспе. Қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдағаннан кейінгі уақыттарда империяның 
Қазақ елінің барлық салаларын, соның ішінде күнделікті тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін терең 
зерттеп, рухани отарлаудың бағыт-бағдарын анықтағаны белгілі. Рухани отарлауда жергілікті халық 
өкілдеріне орыс тілінде білім берумен қатар оларды христиан дініне тарту да келелі міндеттердің 
бірінен саналып, күн тәртібіне шығарылды. Бұл міндетті жүзеге асыруда барлық мемлекеттік 
құрылымдар, соның ішінде халыққа білім беру министрлігі және рухани істер департаменті 
жұмылдырылды. Православие шіркеуі аталғандардың қызметіне қолдау жасаса, мемлекеттік қазна 
атқарылатын шараларға дер кезінде қомақты қаржы бөліп отырды. Осыған орай қазақ халқын 
орыстандыру, христиан дініне, яғни православиеге енгізіп, шоқындыру мақсатында миссионерлік 
қызмет стандар мен мектептер ашылды. Үкіметтің өзі православие шіркеулерінің жұмысына 
қолдау көрсетіп, оларды ынталандырып отырды. Ал жоғарғы діни басшылар жекелеген аймақтарда 
христиан дінін уағыздау мақсатында кішкентай болса да шіркеулер салуды қолға алды. Байырғы 
тұрғындардың әлеуметтік-қоғамдық құрылымын бұзуға негізделген реформалар да орыстандыру 
саясатын байыппен жүргізуге дем берді. ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап қазақ 
даласына өз еріктерімен қоныс аударған орыс үкіметінің әлеуметтік тірегіне айналуға тиіс орыс 
шаруалары да діни біртұтастыққа көлеңке түсіруге септігін тигізді. Оған себеп 1868 жылы құрылған 
«Қоныс аудару комитетіне» миссионерлік сипат беріліп, осы бағыттағы қызметті жандандыру 
тапсырылды. Сол уақыттан бастап православиелік, астарында орыстандыру, шоқындыру 
саясаты бүркемеленіп жатқан миссионерлік қызмет қазақ халқының ұлттық біртұтастығы мен 
бірегейлігінен ажыратуға, дәстүрлі дінінен алшақтатуға бағытталды. Осы мақсатта 1869 жылы 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
91
ұлы жүз аумағы жаулап алынып, Ресейдің құрамына енгізілгеннен кейін Түркістан епархиясы 
құрылды. Қазақтар арасында миссионерлік жұмыстар, православие дінінің негіздерін уағыздау бір 
мақсатта, жүйелі түрде жүргізіле бастады. Осы жылдың 21 қарашасында Орынбор православиелік 
миссионерлік қоғамының епархиялық комитетінің негізі қаланды. 1875 және 1881 жылдары 
құрылған Орынбор және Омбы епархиялары өзінің қызметінің аясына Дала генерал-
губернаторлығына тиесілі Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының тұрғындарын қамтыды. 
1882 жылы Том епархиясында Семей облысы үшін Қырғыз миссиясы ашылып, 1894 жылы 
30 сәуірдегі Синод жарлығымен бекітілді. 1895 жылы Том және Тобыл епархиясының Қырғыз 
миссиялары бір басқармаға біріктіріліп, дербес Омбы епархиясына бағындырылды. Оның 
резиденциясы болып Семей белгіленді (Нұрбаев, 2020). Осылайша миссионерлік қызмет Қазақ 
елінің барлық аймақтарын қамтыды. Жетісуда мұндай жұмыстар ХІХ ғасырдың алпысыншы 
жылдарының соңынан басталды. Патшалық Ресейдің Қазақ елін рухани отарлаудағы миссионерлік 
қызметті пайдаланып, кәдеге асыруға ұмтылу үдерісін зерделеу төл тарихымызды шынайы, тарихи 
тұрғыда зерттеуде маңызды оқиға болып табылады. Мәселені зерттеу бір жағынан тарихтың 
ашылмаған қырларын айқындауға септессе, екінші жағынан қазіргі кезеңдегі діни эксртемизмнің 
мәнін түсінуге жол ашады. Сол себепті тақырыптың өзектілігі дау тудырмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет