Ғылыми кеңесінің



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі398.5 Kb.
#23599
1   2   3   4

Қорытынды: Мектептердегі ҰБТ ұйымдастыратын, жауап беретін қызметкерлермен біріге отырып мектеп оқушыларының мамандықты таңдауына және тестілік тапсырмаларға дайындалуына көмектесу үшін бірігіп жұмыс жасауды жолға қою керек. Колледждердегі студенттермен ҰБТ жүйесі бойынша кешенді тестілеуге дайындығын күшейту қажет.

ҰБТ әдістемелеріне сәйкес мектептерде ҰБТ дайындық қазан айынан басталатыны белгілі, сондықтанда осы кезден бастап колледждерде де дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Мамандық таңдау көп жағдайда жиналған балға сәйкес екінші кезекке қалатыны белгілі. Көпшілік жағдайда белгілі бір балды жинағаннан кейін мамандық таңдау жүзеге асып жатады, ол ащы болсада шындық. Ата-ана психологиясының өзі баласының маман иесі болудан гөрі, грант ұтуды ойлауы, кейін табылған жұмысқа сәйкес тағы оқи саларсың деген түсініктер көптеп кездеседі. Тәжірибе көрсеткендей шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер жақсы балл жинаған соң, таңдаған мамандықтарынан айнып, қайда көп грант мүмкіндік соған қарай бағытталып жатады.



Білім гранты иегерлерінің ішінде білім грантынан бас тартып жататын мектеп түлектері бар. Орал қаласының көптеген мектептерінің түлектері құжаттарын Ресей жоғары оқу орындарына және білім гранты конкурсына қатар тапсырады. Бұл өз кезегінде білім грантының қажетсіздігін тудырады. Талапкер өз мамандықтарын ауыстырып, ақылы негізде басқа мамандықты таңдай отырып, таңдаған жоғары оқу орнына оқуға ниет білдіріп білім грантарын тапсырып жатырған жағдайлар кездесті. 2009 жылы біздің тарапымыздан келесі мамандықтар бойынша білім грантының 3 куәлігі қайтарылса, биылда сол жағдай қайталанып отыр.

Шешімдер мен ұсыныстар
Жоғарыдағы жағдайларды ескере отырып, төмендегідей шешімдер мен ұсыныстарды қорытынды ретінде ұсынамын:

  1. Мектеп пен ата-ана және университет арасындағы бірлескен жұмыстарды кафедра филиалдарымен біріге отырып ұйымдастыру.

  2. Факультеттер мен институттарда студенттердің күшімен ғылыми конференциялар ұйымдастыру арқылы аудандар мен қала оқушыларын мамандықтарға тарту.

  3. Педагогикалық мамандықтарды таңдауға тілек білдірген талапкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын болашақ мамандығымен байланыстыра отырып жүргізу.

  4. Колледж түлектері мен кәсіптік лицей түлектерін кешенді тестілеуге дайындау.

  5. Жыл сайын мектеп түлектерін біздің мамандықтарға көп жіберетін мектеп басшылары мен пән мұғалімдерін факультет және институт тарапынан марапаттау.

  6. Факультеттер мен институттарда үнемі жұмыс жасайтын қабылдау комиссиясын құрып, университет басшылығымен келісе отырып, аудан мектептеріне баратын топтар құрамына студенттер мен факультет, институт басшыларын енгізу.

  7. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызыл Орда облыстарының және Ресей Федерациясының көршілес облыстарының аудандарының мектеп түлектерімен жұмысты жандандыру, іс-сапарлар ұйымдастыру.

  8. Әрбір факультет пен институттардағы өткізілетін шаралар нақты, нәтижелі болуын қадағалау.

  9. ҰБТ ұйымдастыру орталығымен тұрақты жұмыс жасау.

  10. Мектеп ұжымымен бірге ата-аналар жиналыстарына қатыса отырып, біріккен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

  11. Университет мамандықтарын қайта қарап, кафедра меңгерушілері жұмыстану қажет(ғылыми География, Тарих, Информатика Аймақтану және т.б. ), соған сәйкес университет мүмкіндігіне қарай жаңа мамандықтар ашу.

  12. Мектеп оқушыларын университет мамандықтарына тарту үшін оқушылардың ғылыми жұмыстарына жетекшіліктер жасау. Орын алған оқушыларға арнайы марапаттар жасау.

  13. 10-11 сынып оқушылары үшін ҰБТ пәндерінен кеңестер беру үшін әр жексенбі күні дайындық сағаттарын өткізу.

  14. Университет мамандықтарына оқушыларды тарту үшін бұқаралық ақпарат беттерінде мақалалар жариялау одан әрі жалғастыру.

  15. Декандар мен директорлардың үгіт-насихат, кәсіптік бағдар және т.б. жұмыстары туралы ақпараттары бірінші проректорға үнемі есеп түрінде беріліп отыру.

  16. Ақылы негізде оқитын студенттердің төлем ақысының көп болуына байланысты жеңілдіктердің мүмкіндіктерін қарастыру және университет ішілік жеңілдіктерді ойластыру.

  17. Кафедра оқытушыларының мектеп бітірушілерді ҰБТ пәндері бойынша дайындау үшін ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау бөлімін кеңейту және кафедралардан қосымша сағаттар бөлу.

10 кестеге көңіл бөлулеріңізді сұраймын.


Қабылдау комиссиясының құрамындағы техникалық хатшылар құрамы техникалық жұмыстарды атқарады, ал талапкерлерді мамандыққа байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету, жаңа ережелерді түсіндіру, сонымен қатар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамы болып табылады. Қабылдау комиссиясының құрамы құжат тапсыруға келген талапкерге бағыт-бағдар жұмыстарымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп өз жұмыстарында қателіктер жіберіп жатады.

Мектептердің кафедраларға бөлінуі нақты нәтиже бермей отыр. Бұның себебі кафедра бұл жұмысты оқытушыларға жүктеп қойып және үгіт-насихат жұмыстарын соңына дейін жеткізбеуі орын алуда. Кафедраның және университеттің әрбір оқытушысының жаңа қабылдауға деген көзқарасын өзгерту қажет деп ойлаймын.

Тыңдағандарыңызға рахмет!
Қабылдау комиссиясының

жауапты хатшысы Ж.Қарағойшин



Қаулы жобасы:

1. 2011-2012 оқу жылына талапкерлерді қабылдау комиссиясы құрамы құрылып,

бекітілсін.

Жауапты: Бірінші проректор. ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау

бөлімінің жетекшісі.



Мерзімі: 1 Желтоқсан 2010 жыл.
2. Облыстың аудандарына кәсіптік бағдар және кеңестер беру үшін кафедра

меңгерушілері мен декан, директорлардан тұратын мобильдік топтар

ұйымдастырылсын.

Жауапты: Бірінші проректор. ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау

бөлімінің жетекшісі, директорлар мен декандар.



Мерзімі: 20 қазан 2010 жыл.
3. Университет жанынан Шет елдерде тұратын қазақ диаспорасы және

оралмандар үшін дайындық курсын ашу үшін құжаттар дайындалсын.



Жауапты: ОІ жөніндегі проректор. ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау

бөлімінің жетекшісі



Мерзімі: 1 наурыз 2011 жыл.

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ПОҚ 2009-2010 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ РЕЙТИНГІЛІК ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қызметкерлердің ғылыми-педагогикалық еңбегі нәтижелілігінің мониторингісін қамтамасыз ететін қажетті жағдай болып жоғарғы оқу орнының оқытушылық корпусының қызметін рейтингілік бағалауы табылады. Сыртқы және ішкі нормативті құжаттар арқылы оның қызмет етуі анықталған.

Біздің жоғарғы оқу орынымызда алты жыл бойы ПОҚ және құрылым бөлімшелерінің рейтингісі жүзеге асырылуда. 2009-2010 жылдың қорытындысы бойынша рейтингілік бағалаудың өткізілуі университеттің Ғылыми кеңесінің 10.06.2008 жылғы №13 хаттамасында бекітілген Ережеге сәйкес өткізілді. Қызметті бағалау бойынша индикаторлар Ғылыми кеңестің 2010 ж. 26.03. №7 хаттамасында бекітілді. Аталған құжаттардың барлығы университет сайтында орналастырылды http://www.wksu.kz/.

Ғылыми-педагогикалық қызметінің әр бір түріне белгіленген өту деңгейі есеп оқу жылында да өткен оқу жылындағыдай қалғаның атап өту керек. Оқу-әдістемелік жұмыстың белгіленген өту деңгейі 100 баллды, ғылыми-зерттеу – 45 баллды, тәрбие және қоғамдық – 100 баллды құрады. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамының қызметіне қойылатын талаптарды анағұрлым жоғарлатты.


1 – сурет. Қызметтің әр бір түрлері бойынша белгіленген деңгейден өткен оқытушылар саны

2009-2010 оқу жылының жұмысының қорытындысы бойынша барлық статистикалық есепті 23 кафедраның өкілі болып табылатын, университеттің 301 оқытушысы тапсырды. Яғни кафедралардың тек қана 59,6% оқытушылары ранжылауға қатысты.

Оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу, тәрбие және қоғамдық бөлімдері бойынша ПОҚ жұмыстарының қорытындысы 1-суретте ұсынылған. Оқу-әдістемелік жұмыс бөлімі бойынша ПОҚ 301-ден тек қана 34 оқытушы 100 балдық деңгейден өтті, ал 267 адам тиісті маңызға жете алмады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бөлімі бойынша 50 оқытушы 45 баллдық деңгейден өтті, ал 251 осыған жете алмады. Тәрбие және қоғамдық жұмыстарының бөлімі бойынша бұл сәйкестік 80/221 құрайды.

2-суретте қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша нөлдік бағалары бар оқытушылар санын көрсететін диаграмма ұсынылған.

2-сурет. Ғылыми-педагогикалық қызмет түрлері бойынша нөлдік бағалары бар оқытушылар үлесі (%)

Бекітілген индикаторлар бойынша ешбір нәтижеге жетпеген ПОҚ көп бөлігі ҒЗЖ – 96 адам (31,9%), ОӘЖ жұмыстары бойынша – 67 (22,3%), Т және ОЖ – 80 (26,6%). Яғни қызметтің тиісті түрінің бірде-бір индикаторы бойынша жұмыс жүргізілмеген. Көрсетілген деректерді 2008-2009 оқу жылының қорытындысымен салыстыру кезінде бекітілген индикаторлар тізбесімен нөлдік бағасы бар ПОҚ санының төмендеуін байқауға болады (3-сурет).

2008-2009 оқу жылында ҒЗЖ бойынша нөлдік бағалары бар ПОҚ үлесі 39,8% құраса, 2009-2010 оқу жылында 31,9% дейін төмендеді. ОӘЖ бойынша төмендеу дәрежесі 69,9% дан 22,3% дейін болды. Сонымен қатар осы көрсеткіш әлі де болсын жоғары болып отыр.



3-сурет. Соңғы екі оқу жылындағы ПОҚ қызмет түрлері бойынша нөлдік бағасы бар ПОҚ саны.

Ғылыми-педагогикалық қызметтің белгіленген бағыттары бойынша жұмыс нәтижесінің динамикасын анықтау үшін қызметтің үш түрі бойынша ПОҚ бірінші жүздігіне салыстырмалы талдауы жасалынды (4-сурет).

4-сурет. «Оқу әдістемелік жұмыс» тарауы бойынша жеке көрсеткіштер динамикасы

Ұсынылған қорытындылар көрсеткендей, ОӘЖ бойынша оқытушылардың бірінші жүздігі орташа есеппен 2008-2009 және 2009-2010 оқу жылдарында сәйкесінше 101,2 және 100,9 жинаған. Яғни оқу-әдістемелік қызметінде жұмыс нәтижесінің өсуі байқалмайды. Ғылыми-зерттеу жұмысына келетін болсақ бұл салада нәтижелік үш есеге өскен: 55,8 баллдан 82 баллға дейін. Есеп жылында тәрбие және қоғамдық жұмыстарының нәтижелері айтарлықтай өсті. (29%). Орташа есептегенде ПОҚ-ның бірінші жүздігі 189,7 баллға дейін жинады.

Әр бір бағыт бойынша қызмет нәтижесінің талдауы көрсеткендей, өз шешімін таппаған проблемалар әліде болсын бар.

Оқу-әдістемелік жұмыстың тарауы 10 пунктімен ұсынылған. Бірақта олардың екеуі мүлдем қызмет етпейтіні болып шықты. Бұл П13 ҚОЖ «Прометей» орналасқан оқулықтардың, оқу және әдістемелік құралдардың электронды нұсқауы». Және де «Авторлық бағдарламаларды дайындау және оқу бағдарламасына енгізу» атты П57. Атап өту қажет егерде қандай болмасын көрсеткіш жоспарланса, онда оның орындалуы қадағалану қажет, ал егерде бұл көрсеткіш қызметсіз болса оны енгізу керек емес.

Университеттің Ғылыми Кеңесімен «МАК «жақсы» және «өте жақсы» деп бағаланған және енгізуге ұсынылған дипломдық жұмыстар, шығу бағдарламасы» П17 пункті толықтырылды.

Мемлекеттік аттестау комиссия отырысының хаттамасында жұмыс қорытындысын енгізу туралы жазба көрсетілмегеніне байланысты, статистикалық есептерді жинау барысында көптеген жағдайда оқытушылардың тиісті баллдары сызылып тасталынды.

5 сүретте ұсынылған гистограмма оқытушылардың ҒЗЖ бойынша жинаған балл сомасына қатысты орналасуын көрсетеді. Баллдың ең көп соммасын жинаған профессор А.М.Муханбетжанова – 585,7 балл; профессор Т.З.Рысбеков– 573,5 балл, доцент К.И.Исмагулов - 435 балл. Дегенімен біз көріп тұрғандай, көп бөлігі 45 балл болып белгіленген өту деңгейінен өте алмапты.


5-сурет. ҒЗЖ бойынша жинаған балл сомасына қатысты ПОҚ орналасуы

6 сүретте ұсынылған гистограмма көрсеткендей, бекітілген индикаторлар шеңберінде, ОӘЖ тарауы бойынша жұмыстың көп бөлігін, ПОҚ-ның аздаған бөлігі орындаған – 34 (11,3%).

6-сурет. ОӘЖ бойынша жинаған балл сомасына қатысты ПОҚ орналасуы

Қызметтің бұл түрінде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгендер: профессор Ә.М.Мұханбетжанова – 574 балл, доцент М.М.Нагымова – 455 балл, доцент Н.М. Щербанов – 284,5 балл. Сонымен қатар 267 оқытушы (88,7%) белгіленген өту деңгейінен өте алмапты.

Жоо оқытушысы қызметінің маңызды бөлімі болып тәрбие жұмысы табылады. 2009-2010 оқу жылында ол 7 индикатор бойынша бағаланды. 7-суретте жұмыстың осы түрі бойынша оқытушылардың жинаған балын бөлу жөнінде куәландыратын гистограмма ұсынылған. Осы бағыт бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқытушылар: М.М.Нағымова – 533 балл, Т.С. Хасангалиев – 475 балл, Р.Б.Султангалиева – 464 балла.

Алайда, гистограммада (7 сурет) көрсетілген қорытындылар куәландырып отырғандай тек 80 оқытушы (26, 6 %) белгіленген нормаға сәйкес келіпті.

7-сурет. О ж ТЖ бойынша жинаған балл сомасына қатысты ПОҚ орналасуы

Университеттің құрылым бөлімшелерінің рейтингісі (кафедралар, факультеттер, институттар) салыстырмалы принцип арқылы жүзеге асты. Яғни, кафедра оқытушыларымен жинаған баллдардың саны, штаттық кестеде көрсетілген ПОҚ мағынасына бөлінді. Осыған байланысты құрылымдық бөлімшелер үшін ең маңызды болып барлық ПОҚ құрамының мәліметтерін ұсыну болды. Не болмаса құрылыммен жинаған салыстырмалы балл сомасы рейтингте жоғары орынды алуға мүмкіндік бермеді. 1 кестеде университет кафедраларының ранжілеу қорытындысы көрсетілген. Бірінші орынды 282,1 балл нәтижесімен «Дене тәрбиесі» кафедрасы алды, екінші орынды 205,4 балл нәтижесімен – «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы, ал 179,9 балл нәтижесімен үшінші орында «Педагогика және психология» кафедрасы орналасты. Кестенің төменгі бөлігінде келесі кафедралар орналасты: «Философия және құқық негіздері» – 1,6 балл, «Есеп және қаржы» – 2,5 балл, «Менеджмент және кәсіпкерлік» – 6,4 балл, «Химия» – 6,5 балл. Ғылыми-педагогикалық потенциалы жоғары және мықты кафедралар болса да, бірақ штаттың 10 бірлігінен, 0,25 жүктемеде жасайтын бір оқытушы тек қана есеп тапсырды. «Философия және құқық негіздері» кафедрасынан статистикалық есепті 5 адам тапсырды, штат бойынша 12 бірлік құрағанымен. «Есеп және қаржы» кафедрасынан 5 адам тапсырды, сол уақытта штаттық кесте бойынша кафедрада 27,25 бірлік жұмыс жасағанымен.

Бірақта көшбасшы-кафедралар штаттық кестеге және статистикалық есеп тапсырған оқытушылар санына қатысты жақсы көрінді. «Дене тәрбиесі» кафедрасында бұл 19,25/16 құрады, «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасында – 19,25/14, «Педагогика және психология» кафедрасында – 28,25/20. Сондықтан да бұл рейтинг ең алдымен тәртіптің орындалу жағдайын және кафедра жетекшілірінің өз ұжымын басқару қабілеттілігін анықтады.



1-кесте

Университет кафедраларының рейтинг нәтижелері

Кафедра

Орташа баллдың мәні

Орын

Дене тәрбиесі

282,1

1

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

205,4

2

Педагогика және психология

179,9

3

Биология және экология

138,3

4

Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану

129,8

5

Жалпы тіл білімі және аударма

117,3

6

Қазақстан Республикасының тарихы

114,5

7

Музыкалық білім беру

104,7

8

Физика, математика және информатика

102

9

Экономикалық теория және бизнес

94,3

10

Вокал және аспаптық өнер

87

11

География

83,2

12

Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру

80,2

13

Қазақ филологиясы

71,2

14

Жалпы педагогика және информатика

47

15

Шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы

38,7

16

Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы

35,2

17

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер

20,6

18

Құқықтық пәндер

17,6

19

Химия

6,5

20

Менеджмент және кәсіпкерлік

6,4

21

Есеп және қаржы

2,5

22

Философия және құқық негіздері

1,6

23

Ранжілеудің осындай принципі факультеттердің және институттардың рейтингісінде де қолданылды (2-кесте). Бірінші орынға педагогикалық факультеті ие болды, екінші – мәдениет және өнер институты, үшінші орында жаратылыстану-математикалық факультеті. Педагогикалық факультеттің жинаған орташа балл мәні екінші ұстанымдағы Мәдениет және өнер институтынан екі есеге көп екенің атауға болады.

Экономика және басқару институтының мүмкіндігі жоғары болғанымен және соңғы жылдарда осы мүмкіндік байқалғаныменде, бұл құрылым төмен нәтижеге ие болғаның атап өту керек.

2-кесте


Университет факультеттерінің, институттарының рейтинг нәтижелері

Факультет, институт

Орташа балл мәні

Орын

Педагогикалық факультеті

175,7

1

Мәдениет және өнер институты

98,3

2

Жаратылыстану-математикалық факультеті

96,2

3

Филологиялық факультеті

61,7

4

Тарих және құқық факультеті

37,1

5

Экономика және басқару институты

23,3

6

2009-2010 оқу жылында біздің университет қызметінің қорытындысын SWOT-талдамасының призмасы арқылы өткізілген бағалауы мықты, әлсіз жақтарымыз бен мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік берді.



Мықты жақтар:

  • университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелер қызметін рейтингілік бағалау жүйесінің болуы;

  • оның қызмет етуінің көп жылдық тәжірибесі;

  • жоғары рейтингтік маңызы бар оқытушыларға материалдық қолдау көрсету;


Әлсіз жақтар:

  • ПОҚ және құрылым бөлімшелері жетекшілерін орташа мотивациялау;

  • ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылардың пайыздық деңгейінің аздығы;

  • құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің қызметкерлерді басқару деңгейінің төмендігі;

  • объектілерің қызметін рейтингтік бағалаудағы педанттық және пунктуалдық деңгейінің жеткіліксіздігі;

Мүмкіндіктер:

  • университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелерінің 100% ранжылаудан өткізуді қамтамасыз ету;

  • университеттің әр оқытушысының персоналдық деңгейін анықтау;

  • ПОҚ-тың кәсіби өсу динамикасын анықтау;

  • ғылыми-педагогикалық қызметтің негіздемесін арттыру;

Қауіптер:

  • рейтингке қатысатын ПОҚ толық емес саны;

  • басқару шешімдерін қабылдаудың негіздемесінің төмендеуі;

  • кадр тұрақтамаушылығы;

  • кәсіби шеберліктің (құзіреттіліктің) төмендеуі.

Сонымен, 2009-2010 оқу жылының университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелерінің рейтинг қорытындысы бойынша төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

Қорытындылар:

  • университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы түгелімен рейтингке қатысқан жоқ;

  • ғылыми-педагогикалық қызметтің үш түрі бойынша белгіленген деңгейден өткен оқытушылардың саны – 3,65% құрайды;

  • жұмыс тиімділігінің төменгі деңгейі ғылыми-зерттеу жұмыс тарауында, нөлдік баға алған ПОҚ саны - 31,9% құрайды;

  • университетте жүйелі түрде ғылыми-педагогикалық қызметтің жоғарғы деңгейін көрсететін профессор-оқытушылардың негізгі өзегі қалыптасты.

  • Іс жүзіндегі ынталандыру жүйесі ПОҚ жоғары мотивациясын қамтамасыз етпейді.

Ұсыныстар:

Қызмет бағасының рейтингтік субъектілерінің мотивациясын арттыру:



  • жүктеме көлемін өзгерту (көбейту/төмендету)

  • марапаттауға/жазалауға ұсыну

  • пролонгациялау/келісімшартты бұзу

  • үстеме деңгейін жоғарылату

  • және тағы басқалары

30.09.2010 ж.


2010-2011 оқу жылына атаулы шәкіратқыға үміткер студенттер
І. Н.Ә.Назарбаев атындағы шәкіртақы иегерлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет