Ғылыми мақала жазуға баулудың жолдары



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата02.01.2022
өлшемі324.96 Kb.
#452746
1   2   3   4   5
httpsnur.nu.edu.kzbitstreamhandle12345678913942020мамыр Макала Aliszhan20S..pdfsequence=1&isAllowed=y

1. Жазуға дейінгі дағдылар 

Жазуға  дейінгі  дағдылар  ойлау,  есте  сақтау,  тақырыпты  логикалық 

бөліктерге  ажырата  алу  және  ауызша  жеткізе  білу  тәрізді  әрекеттермен 

байланысты.  Сондықтан  практикалық  бағытта  орындалатын  тапсырмалар 

осы  мәселелердің  айналасында  іске  асуы  тиіс,  солар  бойынша  дағдылар 

қалыптастыруды көздейді. 

Жазылымның  сөйлеу  әрекеттерінің  басқа  түрлеріне  қарағанда 

(сөйлесім,  оқылым,  тыңдалым)  әлдеқайда  күрделі  және  содан  кейін,  осы 

әрекеттердің    негізінде    жүзеге    асатынын    ескерсек,    аталған    дағдыны 

студенттің   бойында   қалыптастыру   аса   маңызды   болып   табылады.   Ол 

студенттің  белгілі  бір  тақырып  бойынша  оның  логикалық  сызбасын  нақты 

көз   алдына   елестетіп,   түсіне   алуға,   өз   ойында   ойша   жинақтап   алуға 




 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

көмектеседі.  Бұл  дағды  –  нақты  жазуға  апарар  жол  болмақ,  осы  жолда 

шыңдалмаған  үйренуші  жазу  барысында  да  кейбір  қателіктерге  ұрынуы 

әбден мүмкін. 

Жазуға дейінгі қалыптасатын дағдыларды мына сызба бойынша беруге 

болады: 


1-кесте 

 

 



Жазуға дейінгі дағдылар 

 

 



 

 

 



ойлау 

 

 



ішкі үн 

 

 



логикалық бөліктерге ажырату 

 

 



сыртқы тіл 

 

 



 

Аталған  дағдылардың  негізінде  студенттің  тілдік  санасында  мәтіннің 

логикалық сызбасы түзіледі, оны былайша беруге болады: 

 

 



 

Негізгі тезис 

 

 

Мәтіннің логикалық сызбасы 



2-кесте 

 

 



 

 

 



 

Дәлел 1  дәлел 2 

дәлел ... 

Иллюстрация (мысалдар) 

 

 

Қорытынды (резюме) 




Сызбаға  түсініктеме  бере  кететін  болсақ,  бұл  жерде  негізгі  тезис  – 

негіздеуді қажет ететін пайымдау болып табылады. Негізгі тезис өзіне сөйлеу 

тақырыбын  (мәтінде  не  туралы  айтылатындығы)  және  оның  талданатын 

белгілерін  (тақырыптың  белгілерін)  қосады.  Дәлел  (аргумент)  –  бұл  тезистің 

негіздемесі;  дәлелдер.  Иллюстрация  –  теориялық  жайттарды  бекітетін 

мысалдар.  Қорытынды  (түйін)  –  тақырыпты  аналитикалық  талдаудың 

түйіндемесі, зерттеудің болашақ бағдары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет