3. Жазудан кейінгі дағдылар
Редакторлық жұмыстар, өз жұмысына басқаның көзімен қарай білу,
жазба жұмыста кездесетін стилистикалық-функционалдық белгілерді нақты
айқындау т.т. дағдылар – жазудан кейінгі дағдылар қатарына жатады. Бұл
кезеңдегі жұмыстар негізінен дайын мәтіндермен жүргізіледі, дәріс алушы
дайын мәтіндерді функционалдық және коммуникативтік белгілеріне қарай
ажырата білу керек, бұл дағды әртүрлі редакторлық немесе стилистикалық
өңдеулер негізінде дамытылады.
Қорыта келгенде, жазу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін,
лингвистикалық сауаттылығын танытатын маңызды тұстардың бірі. Сауатты
жазуды үйрену қандай мамандық болмасын дағдыланатын жалпы
филологиялық мәні зор сапалық өлшем болып табылады. Сондықтан оған
үйрету, баулу жолдарын жетілдіру – тілдік курстардың басты міндеттерінің
бірі.
Резюме
Достарыңызбен бөлісу: |