- Мақаланың кітапханалық коды (жіктеу индексі)
- Көптеген ғылыми журналдардағы мақалаларды безендіруге қойылатын талаптардың бірі – автор өз мақаласына кітапхана кодын (жіктеу индексі) өзі алуы керек деген тармақты қамтиды. Мұндай индекстер үш — ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу), КБЖ (кітапханалық-библиографиялық жіктеу) және ҒТАМА (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік айдары) болса да, көп жағдайда талап ӘОЖ-ға қатысты болады, өйткені ол бүкіл әлемде ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, мерзімді басылымдарды, әртүрлі құжаттарды жүйелеу үшін кеңінен қолданылады. ӘОЖ бойынша әдебиеттің түрін оқымай-ақ түсінуге болады. ӘОЖ индексі кез келген басылымның шығу мәліметтерінің міндетті элементі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |