Ғылыми мәтіндердің түрлері және оларды орындау әдістемесі ретінде жоспарлар, тезистер, рефераттар. Ауызша сөйлеу әдістемесі. Презентацияларды ресімдеу


Жай жоспар Мәтіндегі маңыздыбөлімдердің атауы Күрделі  жоспар



бет2/3
Дата02.01.2022
өлшемі28.43 Kb.
#452182
түріПрезентация
1   2   3
ғылым №4 (1)

Жай жоспар Мәтіндегі маңыздыбөлімдердің атауы

Күрделі  жоспарМәтіндегі  маңызды бөлім атаулары мағыналық компоненттерімен

бірге ұсынылады.



Тезистік  жоспарМәтін  бөлімдерінің тақырыпшалары мен азат жолдардың негізгі мазмұнына  қатысты атаулар қамтылады.

Сұраулы жоспарӘр сауал мәтіннің ақпараттық бөлігін қамтиды

Жоспар құра білу


Идеялар  топтастырылып, сұрыпталып жоспар құрылады. Жоспар құруда қажетті мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік беріледі.

Мәтін – лингвистикада сөйлемнен жоғары бірлік ретінде қарастырылады. Ал лингвистикалық бірліктердің – сөз, сөйлем – формалық құрылымынан мазмұнына қарай қарастырылатыны белгілі.

Мәтін – тек сөйлеудің туындау үдерісінің жемісі ғана емес, сонымен қатар, қабылдау жемісі болып табылады. Сондықтан да мәтінді екі жақты тану маңызды орын алады: біріншісі – айтушының тұрғысынан, екіншісі – тыңдаушының тұрғысынан қарастыру.

Сондықтан мәтінді түсініп оқу дағдысын қалыптастыру үшін мәтінге жоспар жасау маңызды. Негізінде ғалымдар мәтінге жоспар құруды біліктіліктің күрделі қызметін қажет ететін үдеріс деп санайды. Дұрыс құрылған жоспар – негізгі айқындалған ойды танытады.

Мәтінге жоспар құру барысында екі жақты әрекет жасаладыды: оның бірі – тұтас мәтінді бөлшектеу жолын танып жатады, екіншісі – мәтіннің мәнісі жағынан жуық келетін бөліктерін топтап, жинақтап жатады. Сонда, жоспар құру анализ бен синтездің қатар жүруін қажет ететін логикалық амалдар екендігін танимыз. Құрылымдық жағынан бөлшектеп жатқанымен, сол бойда мән-мағыналық жағынан топтап жатады.

Мәтінге жоспар құруды үйрену арқылы білім алушылар берілген материалдың ішіндегі ең мәнді, маңызды, яғни ойдың дәнін тану жолын меңгеретінін ұмытпау керек. Мәтінге жоспар құрғызуда білім алушылар орындайтын, оларды қалыптастырылуы тиіс деп саналатын логикалық амалдар мыналар: тұтас мәтінді мағыналық бөлшектерге бөлу; негізгі ойды іріктеп, анықтау; бөлшектерге тақырыпшалар беру; оларды жоспар түрінде ретке келтіру.

Жоспар құру үшін, сонымен бірге жоспардың түрлерін де тану керек. Олар:

- жоспарды сөзбен құру, мұның өзі жай жоспар, күрделі жоспар, кеңейтілген жоспар болып бөлінеді;

- сурет арқылы жоспар құру;

- танымдық жоспар құру;

Жоспар -  мәтін мазмұнының ықшам, нақ әрі жүйелі берілген тірек-негізі .

Мәтін құру барысында немесе берілген мәтінді талдап қарастыру бағытында жұмыс жасау – ойды жүйелеуге көмек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет