«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет17/150
Дата06.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#471827
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150
Дәрістер

Әдіснамалық мәдениет – бұл жалпы ғылыми іргелі білімділік, әдіснамалық білімді меңгерген, оқу–зерттеу әрекетіндегі шығармашылық, өзін-өзі дамытуға құндылық бағдарлар жүйесі, тұлғаның тұтас, біріккен сипаттамасы (оқулықтың 5.1., 6.3. және 6.5. тармақшаларында «әдіснамалық зерттеу», «әдіснамалық рефлексия», «әдіснамалық мәдениет» ұғымдарының толық мамұны берілген)
Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В.И.Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдістері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».
Педагогиканың әдіснамасы өзіне мыналарды біріктіреді:

  • педагогикалық білім құрылымы мен әрекеттері туралы білім;

  • жалпы ғылымдық мазмұндағы ағымдағы, негізгі, іргелі педагогикалық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар;

  • педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;

  • тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.

А.М. Новиков әдіснаманы білім беру саласы үшін әрекетті ұйымдастыру туралы білім ретінде қарастырды (ғылыми, тәжірибелік, педагогикалық, білім берудегі, оқу, ойындық). Әрекетті ұйымдастыру оның тұтастай жүйесін белгілі бір сипаттамалармен, логикалық құрылымымен және оның жүзеге асыру үдерісімен реттеуді білдіреді. Логикалық құрылымы өзіне келесі құрауыштарды қамтиды: субъект, объект, пән, формалар, құралдар, әрекет әдістемелері, оның нәтижесі. Осы құрылымға қатысты сыртқы сипаттарға мыналар жатады: ерекшеліктері, қағидалары, шарттары, нормалары.
А.М. Новиков әрекетті жүзеге асыру үдерісін белгілі бір уақыт аралығындағы кезең, саты бойынша реттілікпен жүзеге асырылып жатқан жоба шегінде қарастырады (әрекетті ұйымдастырудың сыртқы құрылымы).
Әрекет (жоба) қайталымының аяқталуы үш кезеңмен анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет