«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Зерттеу тақырыбының, өзектілігінің және мәселесінің өзара байланысы



бет58/150
Дата06.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#471827
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150
Дәрістер

Зерттеу тақырыбының, өзектілігінің және мәселесінің өзара байланысы
4-кесте


р/с

Зерттеу тақырыбы

Зерттеудің өзектілігі

Зерттеудің мәселесі




Мәселені шешшешуге
бағытталған жаңа білім

Жаңа мазмұнға, жаңа нормаға
немесе
әрекеттің жаңа тәсіліне
қажеттілікті негіздейді.

• зерттеу нәтижесінде жаңа білім алу арқылы қазіргі
нормаларға
қажеттіліктер сәйкестендіріледі,
экспериментте сынақтан
өткен, практикаға
ендірілген әрекет тәсілі
арқылы қазіргі нормалар
мен
қажеттіліктер сәйкестендіріледі,
зерттеуде алынған
жаңа білім, жаңа
әрекет тәсілі арқылы
қазіргі норма мен әрекет
тәсілі арасындағы
сәйкессіздік көрінеді.

Сәйкессіздіктің үш типі зерттеу өзектілігінен орын алады [3,338].

“Негіздеме” сөзінің өзі ғылымда “негіз”, “негізділігі” деген түсініктермен қатар қолданылады. “Негіздер” – бір нәрсенің бастапқы, негізгі қағидалары, “негізділігі” – белгілі бір құбылыстарды жіктеуде қажет болатын мәнді белгі, немесе, негізділігі дегеніміз – бір нәрсені негіздеу, дәйек. Терең ғылыми негіздеме [1, 381].


Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады, тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп қарастырады. Олардың пайымдауынша, тақырыпты зерделеу практиканың мағыналы сұраныстарына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы “ақтаңдақтардың” орнын толтырады. Дегенмен, ғылымтанушылар ойынша, өзекті тақырыпқа орындалған зерттеу шынайы жаңа ғылыми нәтижелердің алынғанының кепілі бола алмайды. Ғалымдардың пікірінше, тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер өзекті болмауы да мүмкін, әсіресе бұл ретте жетілдірілген әдістеме қолданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соны жаңа ағымы пайдаланылса да, нәтиженің өзекті болмауы мүмкін [4, 164].
Демек зерттеудің көкейкестілігін одан ары ойластыру қажет. Бұл жағдайда біз В.М. Полонскийдің тұжырымдамасының бағытын ұстанамыз. Ғалым ғылыми зерттеудің бұл бөлігіне мынадай анықтама береді: «Зерттеудің көкейкестілігің – ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын бағалау өлшемі [2, 161]. Оның тұжырымдауынша, көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті, ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал; педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды. Көкейкесті зерттеулер халыққа білім беру жүйесінің даму деңгейімен, еліміздің экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, осы тарихи сәтте алға қойылатын және шешілетін міндеттермен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет