«Ғылыми семинар» бағыты бойынша магистрларға арналған ОҚУ – Әдістемелік кешен



бет2/6
Дата16.06.2016
өлшемі359.5 Kb.
#138266
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Аралық бақылау:


ОСӨЖ тапсырмаларын орындау (ситуациялық тапсырмаларды шешу және басқа да тапсырмаларды орындау);

Екі аралық бақылау өткізу көзделіп отыр.


Үй жұмысы:


Таңдап алған тақырып бойынша реферат жазу;

Таңдап алған тақырып бойынша қосымша баяндаманың тексті.


Рейтинг- шкала


Бақылау формасы

Баллы

Ағымдық бақылау

20

Аралық бақылау

30

Үй жұмысы

10

Қорытынды бақылау

40

Барлығы

100



1.9 Курстың саясаты мен процедурасы

Оқу үрдісіндегі студенттерге әкімшілік талаптар:




Рефераттың уақытында тапсырылмауы

Минус 5 балл

Қосымша баяндаманың уақытында тапсырылмауы

Минус 2 балл

ОСӨЖ тапсырмасының орындалмауы

Сабақ тақырыбы бойынша балл алу

Аралық бақылауға келмеу

Минус 8 балл

Кешігу мен сабақты босату

Ағымдық бақылаудан балл алу



2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1. Тақырыптық жоспары

Барлығы 3 несие




Барлығы 3 несие



Лекция


Семин

ОСӨЖ

СӨЖ


1

2

3

4

5

6

1

1


Қоғамдық µндірісті тымды ±йымдастырудың ғылыми негізі

4

2

5

5

2

Аймақ басқару жєне талдау объектісі ретінде

4

2

5

5

3

Талдаудың єдістері

4

2

5

5

4

Мемлекеттің саясаты

4

2

5

5

5

Аймақтық дамуды реттеу қ±ралдарының ж‰йесі

4

2

5

5

6

ҚР Бюджеттік-салықтық ж‰йесі

4

2

5

5

7

Аймақтың инвестициялық саясаты жєне оны ж±зеге асыру

4

2

5

5

8

Аймақтағы ж±мысбастылықты реттеу

2

1

5

5

9

Еркін экономикалық аймақтарды мемлекеттік реттеу

2

1

5

5




Барлығы (сағат)

30

15

45

45


2. 2 Дәріс сабақтарының тезисі
Тақырып 1. Қоғамдық өндірістің ұтымды ұйымдастырудың ғылыми негізі

1. Өндірісті орналастырудағы ғылыми-негізделген

қадам

2. Қазіргі ғылымды қалыптастыру



3. Негізгі аймақтық мамандандыру және аймақаралық сауда


  1. Өндірісті орналастырудағы ғылыми-

негізделген қадам

Аймақтық ғылыми зерттеумен ең алғаш тәжірбие Й.Тюнен, В.Лаунхардт, А.Вебер атттарымен байланысты. Олардың жұмыстары кеңістіктік және аймақтық экономиканың теориясының әрі қарай қалыптасыуына әсер етті.



Й.Тюненнің ауылшаруашылық теориясының стандартты. Орнату (локализациялау) теориясының қалыптасуы неміс экономисі Й.Тюненмен байланыстырады. Оның ғылыми еңбегінің негізгі мазмұны ауылшаруашылық кәсіпорындарын орнатуының заңдылығын табуында.

Кеңістіктің кез келген нүктесінде әр өнімнің бағасы қалаға қарағанда өзгеше, оған жүк тасымалы мен жүктің салмағы, жолдың ара қашықтығы пропорциональды тікелей әсер етеді. Й.Тюненнің жұмыстарында тиімді орнату критериі – жүк тасымалы шығынын неғұрлым азайту.



Тюнен сақинасы. Й.Тюнен ауылшаруашылық кәсіпорынын тиімді схемасы – ауылшаруашылық қызыметінің әр түрлі түрлерін орналастырған аймақтарға бөлінген орталық қала аумағында әртүрлі диаметрдегі шеңберленген концентратты жүйе екендігін дәлелдеген.

Өнімділік жоғарлаған сайын сәйкес өндіріс соғұрлым қалаға жақын орналасу керек,сонымен бірге бірлік салмаққа шаққанда өнім неғұрлым қымбат болса, оны қаладан алыс орналастырған жөн. Сонда қаладан алыс шаруашылықтың интенсивті жұмысы нәтижесі төмендейді.

Мекленбургтегі өзінің шаруашылығында Й.Тюнен шаруашылықты жүргізі шартында ауылшаруашылық қызметін алты белдікке (шеңберге) бөлуге негіздеген.

Оларға келесілер жатады:

• жоғары өнімділікті қажетті шаруашылық;

• орман шаруашылығы;

гоюдосеменное өндіріс;

• пайдалы шаруашылық;

• үшалаңды өзіндік айналымды алаң (поля трехпольного севооборота);

• мал шаруашылығы зонасы.



В.Лаунхардт өнеркәсіп кәсіпорынының рациональды штандорты.

Неміс ғалымы В.Лаунхардттың басты ашуы - өнеркәсіп кәсіпорынын өнімді сату нарығы мен шикізат көзінің жақын орналастырудың тиімді жеке жолын табу әдісі. Бұл есепті шешу үшін В.Лаунхардт салмақ үшбұрышы әдісін жасап шығарған.

Кәсіпорынды орналастырудың шешімді факторы В.Лаунхардтта да, Й. Тюненде де жүк тасу шығынын азайту. Өндірістік шығындар барлық зерттеу нүктелеріне тең бөлінеді. Кәсіпорынның тиімді орналасуы салмақтық қатынастың жүк тасуына және ара қашықтыққа тәуелді.

А.Вебердің өнеркәсіптік штандорты теориясы. Неміс экономисі А. Вебер ештеңемен байланыспаған кәсіпорын қарау негізінде жалпы таза аймаққа кәсіпорын орналастыруды бойынша өз алдына мақсат қойды.

Й.Тюнен мен В.Лаунхардтқа салыстырып қарағанда талдауда кәсіпорынды орналастырудың жаңа факторын енгізе отырып тек жүк тасуға ғана емес, сонымен бірге өндірістің шығындарын мейліне азайтуға мүмкіндік беретін есепті жалпылама тиімді шешуде аңғарарлық қадам жасады.

А.Вебер орналасу факторы кәсіпорынның тұрған орнына тәуелді шаруашылық қызметі үшін қажет экономикалық пайданы айтты. Бұл пайда өнеркәсіп өнімін шығару мен оны өткізу кезінде шығындарды азайтумен қорытындылайды, сәйкесінше осы өнімді бір жерде төмен шығынмен өндіру мүмкіндігін тудырады.

А.Вебер тұрған жеріне қарамастан өндірістік шығындарды азайтудың үш факторын атады:

1) шикізатқа деген шығын;

2) жұмыс күшіне деген шығын;

3) көлік шығыны.

Келешекте талдау осы үш фактор арқылы тізбектей жүреді, оларға: көлік, жұмыс күші және агломерационная.



Көлік. А.Вебер бойынша көлік шығыны жүктің салмағы мен жүк тасу ара қашықтығына байланысты. Көлік шығыны өндірілген өнімді өткізу орталығының ара қашықтығы мен шикізат алу орнағына қаншалықты жақындығына тәуелді. Бұл пункт көлік штандорты (көлік пункті) болып табылады. Осы пункті табу үшін Влаунхардт салмақты үш бұрышы қолданылады. Сонымен қатар ең маңызды рольді келесі екі көрсеткіш ойнайды: материалдық индекс және штандортты салмақ.

Жұмыс күші. Жұмыс күшіне шығынның ерекшелігіне қарай жұмыс күші пункті анықталады, яғни мейлінше төмен жұмыс күші шығыны. Жұмыс күші пункті өндірісті өзіне тартады, нәтижесіне өндіріс жұмыс пунктіне не көлік пунктіне қалады. Мұндай жағдай кәсіпорын ауысу кезінде жұмыс күшіне шығынды үнемдеу жүк тасымалдаудың артық шығынын жаба алатын кезіне болады.

Өнеркәсіптік штандортты көліктік және жұмыс күші шығындары факторының ықпал етуін есекере отырып анықтау үшін А.Вебер бірдей ауытқулар шығыны пункттерін жалғайтын изодапан-сызығы аталатын сызықты сызуды ұсынады.



2.Қазіргі ғылымды қалыптастыру

Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта аймақтық экономиканы зерттеу барлық елде дами бастады.

Оқымысты – регионалистер және экономиканы ұйымдастырудың кеңістік теориясының жаңа қадамдарын біріктіру үшін алғышарттар құрылды. Осы кезеңде басты рөлді американдық оқымысты У.Изард.болып табылады. Оның 1956 ж алғашқы ірі «Кеңістік экономика және орналастыру» атты монографиясы шықты.

Аймақтық ғылымдағы жаңа объектілерді зерттеу. Аймақтық ғылым, ашық және басқа да қоғамдық пәндердің теориясын қолдана отырып, қоғамдық формаларды және қоғамдық мінез-құлықты түсіну үшін адамдық іс-әрекеттің және оның маңызының кеңістік аспектілеріне сүйенеді. Бұның мақсаты — адамдар және оның іс-әрекеті арасындағы кеңістік өзарабайланысты көрсету ғана емес, сонымен қатар адамдар жне географиялық орта арасындағы өзара байланыс.

Регионалистика теориясының жаңа объектілері болып телекоммуникациялық және компьютерлік жүйелерді, инновацияларды орналастыру.

Құрылымдық теориясы және экономикалық кеңістікті ұйымдастырудың тиімділігі орналастыру және өндірістің кеңістік ұйымының формаларының қызметтік формаларына — өнеркісіптік және транспорттық желілерге, аумақтық-өндірістік кешендерге, қалалық және ауылдық қоныстарға сүйенеді .
4.Мамандандыру және сауда.

Аймақаралық сауданың және өндірістік аймақтық мамандандырудың теориялық негізі алғашқы рет ресми түрде халықаралық экономикалық қатынастар теориясының шегінде зертелді.

Аймақаралық еңбек бөлінісі және аймақаралық сауда — бұл ортақ еңбек нарығымен және капиталмен, ортақ валюталық жүйемен, ортақ кедендік жүйемен сипатталатын ортақ экономикалық кеңістік шегінде жүргізілетін үрдістер

Негізгі әдебиет: п. 1.7

Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 2. Аймақ-басқару және талдау объектісі ретінде
1. Елдің қайта өндіріс үрдісіндегі аймақтық экономиканың орны

2. Елдің аймақаралық байланысты сипаттайтын көрсеткіштер

3. Біркелкі кешен ретінде аймақ экономикасының қызмет ету сызбасы

4. Аймақтық қайта өндірістік пропорциялар


1. Елдің қайта өндіріс үрдісіндегі экономиканың орны

Әкімшілік – жоспарлы экономикалық жүйедегі әрбір аймақ (әкімшілік – аумақтық бірлік) ұлттық экономиканың (халық – шаруашылық кешен) бөлігі ретінде және аз жағдайда – экономикалық кіші жүйе (аймақтық шаруашылық кешен) ретінде қарастырылды. Аймақтық экономиканың негізгі параметрлері, жергілікті сұрансты ескермей, мемлекеттік жоспармен және жалпы одақтық ведомстволармен анықталды.

Нарықтық экономикаға өту барысында әрбір аймақ өзінің негізгі элементтерінің өзара байланысын сипаттайтын экономикалық кіші жүйе болып қалыптасады. Мұндай жағдайда аймақтық әлеуметтік ортаның дамуына, тұтыну мен инвестицияға, өндірісіке деген табыс пен төлемге қабілетті сұраныс ықпалының өсуі байқалады.
2. Елдің аймақаралық байланысты сипаттайтын көрсеткіштер

Аймақаралық байланысты сипаттау үшін натуралды немесе жалпы құн өлшеміндегі өнім және ресурстар ағымының көрсеткіштері қолданылады. Аймақтар арасындағы өнімнің негізгі түрлерінің айналымын сипаттайтын натуралды көрсеткіштер: шикізат ресурстары, машиналар мен жабдықтар (салмақ және бірлік өлшемінде), сонымен қатар еңбек ресурстары.

Аймақаралық байланыстың негізгі формалары болып тауар мен қызметтерді айырбастау, тұрғындардың миграциясы, қаржылық және ақпараттық ағымдар табылады.

Аймақтың сырқы экономикалық байланыстарды сипаттау үшін индикаторлардың 2 тобы қолданылады:

1. Натуралдық және құн түріндегі өнімдерді айырбастау бойынша көрсеткіштер. Өнімді кіргізу және шығару көлемі.

2. Басқа аймақтардың бюджеттерімен аймақтың қаржылық байланысын сипаттайтын көрсеткіштер.

Экономикалық аймақтар – бұл аумақтық еңбек бөлінісі үрдісінде тарихи қалыптасқан, өзінің экономикалық және демографиялық жағдайымен, табиғи экономикалық жағдайымен, шаруашылықтың мамандануымен және кешенділігімен ерекшеленетін мемлекет аумағының ірі бөлігі.
3. Біркелкі кешен ретінде аймақ экономикасының қызмет ету сызбасы

Аймақтың құрылымын әртүрлі көзқарастардан қарастыруға болады: экономикалық, әлеуметтік, табиғи-ресурстық, институционалдық және т.б. Аймақтың қызмет ету сызбасы кем дегенде өзара бір бірімен байланысты үш блокты енгізу қажет: «экономика», «тұрғындар», «табиғи орта». Сонымен қатар, болып жатқан үрдістерге ықпал ететін мемлекеттік құрылымын және сыртқы секторды (аймақ үшін бұл – тек шетел экономикасы ғана емес, сонымен бірге көрші аймақтың экономикасы) ескеру қажет.

Аймақ экономикасындағы қайта өндірістік цикл – аймақтық байланыстарды кешенді зерттеудің негізі және белгілі бір қоғамдық қайта өндірістік аспектісін сипаттайтын аймақтық жүйелер бөлігі.

Аймақтық қайта өндірістік циклге жататындар: еңбек ресурстарының қайта өндірісі, ақша – несиелік ресурстардың қайта өндірісі, инвестициялық үрдістің қайта өндірісі, өндірістік және әлеуметтік – тұрмыстық қызметтердің, нарықтық инфрақұрылым қызметінің, ақпараттық қызмет көрсетудің қайта өндірісі, табиғи ресурстардың қайта өндірісі.


4. Аймақтық қайта өндірістік пропорциялар

Аймақтық қайта өндірістік пропорциялар – бұл өнім мен ресурстар арасындағы, өнім мен ресурстардың бөлек түрлері арасындағы, шығындар мен нәтижелер арасындағы ара қатынасты сипаттайтын көрсеткіштер.

Аймақ экономикасының кешенді дамуы – табиғи, ғылыми, өндірістік-техникалық және әлеуметтік-экономикалық потенциалды тиімді қолдану негізінде берілген аймақтың абсолютті және қатысты басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында кәсіпорын аумағындағы шаруашылық позициялардың болуы.

Аймақтық қайта өндірістік пропорцияларға жататындар:

1. Жалпы экономикалық пропорциялар;

2. Макроқұрылымдық пропорциялар;

3. Өндірістік пропорциялардың тізімі;

4. Әлеуметтік – экономикалық пропорциялар;

5. Демографиялық пропорциялар;

6. Экологиялық пропорциялар;

7. Қаржылық пропорциялар.

Негізгі әдебиет: п. 1.7

Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 3. Талдау әдістері
1. Аймақ экономикасы дамуының және жағдайының индикаторлары

2. Аймақтарды түрлендіру мәселесі

3. Өндірісті орналастырудың құрылымдық-логикалық және баланстық әдістері

4. Аймақтық кешенінің салааралық моделі

5. Имитациялық-эксперттік модельдеу әдісі


  1. Экономика дамуының индикаторлары.

Аймақ экономикасының дамуымен қызмет етуінің әртүрлі аспктілерін талдау объективті тенденцияларды анықтау және осы негізде объективті диагноз бекіту үшін жүргізіледі. Осы негізде аймақтық дамудың стратегиясы мен тактикасы құрылуы қажет.

Аймақтық есептер жүйесін жасау- аймақтық статистиканы жетілдірудің басты бағыты.Аймақтар үшін қазіргі уақытта ұлттық есептер жүргізу жүйесіне кіретін сондай есептер тізбегін жасау қажет, тура айтсақ:

• тауар және қызметтер есебі;

• өндіріс есебі;

• табыстарды құру есебі;

• алғашқы табыстарды бөлу есебі;

• табыстарды екіншілік бөлу әдісі;

• қолданылатын бөлінуші табыстар есебі;

• капиталдық операциялар есебі.

Аймақ туралы жалпы мағлұматтар.

Мұнда аймақтың географиялық орналасуы көрсетіледі, табиғи ресурстардың жалпы мазмұны беріледі және табиғи-климаттық зонаның түрі суреттеледі. Сонымен қатар аймақтың әкімшілік бөлінуі баяндалады, оның халқының жалпы саны, ұлттық құрамы және орналасу тығыздығы, ЖАӨ-і аймақ экономикасындағы басты салалардың орны ауыл шаруашылық қызметін барлық түрлері бойынша пайда, жұмыссыздар саны, қорлармен капитал құрушы инвестициялар бөлшек тауар айналымының көлемі көрсетіледі.

Аймақтың экономикалық жүйелер үшін макроэкономикалық индикаторлар кешеніне өндіріс пен ЖАӨ-ді қолдануды, бағалар деңгейінің өзгеруін, жұмысбастылықпен инвестициялық белсенділік деңгейінің өзгеруінің динамикасын және аймақтардың қаржылық және шаруашылық қызметінің басқа да жақтарын баяндайтын көрсеткіштер кіреді.

Осындай көрсеткіштерге жеке салалар бойынша келесілерді жатқыза алады.

өндіріс саласында:

• ЖАӨ көлемі;

• Адам санына ЖАӨ;

• ЖАӨ-нің өсу ырғағы;

• тұтынудың өсу ырғағы мен негізгі капиталға инвестициялардың салыстырмасы;

• өндірістік негізгі қорлардың тозуының деңгейі;

• шығынды кәсіпорындардың үлес салмағы;

Қаржы саласында:

• банк несиелері бойанша;

• негізгі капиталға инвестициялардың өсімінің ырғағы;

• ЖАӨ мен аймақтық бюджетке түсетін түсімдердің салыстырмалы индексі ;

• бағалар деңгейі;

• аймақтың бюджеттік қамсыздандырылуы;

• аймақтың кредиторлық және дебиторлық

қарыздарының жағдайы, соның ішінде салықтар бойынша;

Әлеуметтік салада:

• өмір сүру деңгейі;

• ЖАӨ ішіндегі еңбекті төлеу үлесі;

• орташа айлық жалақы мен өмір сүру минимумының айырмасы;

• жалақыны, зейнетақыны және жеңілдіктерді төлеу бойынша қарыздар

• халықтың жалпы санының ішіндегі өмір сүру минимумынан төмен табыстары бар тұрғындар үлесі.


2. Аймақтарды түрлендіру мәселесі

Аймақтарды түрлендіру –белгілі бір белгілер бойынша

аймақтық құрылымды белгілеу мен топтастыру.

Мұнда қиын талаптардың әдістерін басты рөл беріледі, бұл жағдайда аймақтар жиынтығын топтарға бөлу екі немесе одан көп белгілер бойынша жасалады.

Ең оңайлатылған жағдайда аймақтардың төрт тобын бөліп көрсетуге болады:

– бұл топқа базистік және бақыланған

жылда да индикатордың деңгейі ортаңғыдан жоғары болатын аймақтар;

- индикатор деңгейі базистік жылда ортаңғыдан жоғары болады, ол бақыланған жылдан төмен болған аймақтар;

- индикатор деңгейі базистік жылда ортаңғыдаң төмен болып, одан кейін ортаңғыдан асқан аймақтар;

- Базистік және бақыланған жылда да индикатор деңгейі ортанғыдан төмен болған аймақтар.


3. Өндідісті орналастырудың құрылымдық – логистикалық және баланстық әдістері.

Құрылымдық – логистикалық әдістердің мәні әр – түрлі бағыттар бойынша аймақтық жүйенің элементтерінің өзара байланыстарының голиканын қарастыруда жптыр. Құрылымдық – логистикалық әдістердің жақтастары экономикалық қарым – қатынастар логикасына сәйкес аймақ экуономикасы өнімді өткізу нарығының орналасуына байланысты екі секторға бөлінеді деп есептейді, нақты айтсақ бірінші – базистік сектор, мұнда өнімді аймақтан тыс өткізеді және жалпылай елдің қызығушылықтарына қызмет етеді, екінші кемендеуші сектор, мүнда ол аймақтық ішкі қажеттіліктеріңн қанағаттандыра отырып, аймақ шаруашылығына бүтіндік береді.

Аймақтық қарым – қатынастарды зерттеудің баланстық әдісінің жақтастары экономиканың территориялық дамуын зерттеу мен модельдеуге реттелген тұрғыдан қарау қажеттілігін мәлімдейді. Мұнда біркелкі реттеуге аймақтағы қайта өндіру үрдісінің әр – түрлі жақтарын да жатқызамыз.

Өнімді өндіру мен бөлудің территориялық баланстары материалдық баланстардың бір түрі болып табылады.

Аймақтық баланстар - территориялық баланстардың бір түрі. Олар ресурстардың (еңбек, су, жер) берілген аймақ үшің маңызға ие өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерінің, өндірістің, капиталды құрылыстық, транспорттың жоспарларын негіздеу үшін құрастырылады.

4. Аймақтық кешенінің салааралық моделі

Модельдің ортақ сипаттамасы: негізгі моделденуші өзара байланыстар. Онда аймақтағы ресурстар мен өнімдерді өндіру және сатудағы материалды-заттай өзара байланыстарда, аймақтың қаржылық өзара-байланыстары да көрсетіледі.

Модельдің формальді сипаттамасы бсқарушы, экзогенді және эндогенді айнымалылардың мақсаттарымен тығыз байланысты.

Модельдің басқарушы айнымалылары деп оның тура есептеу негізінде өзгеріп отыратын және осы өзгеріске жауап ретінде экономикалық жүйенің реакциясын бақылау мақсатын көрсететін параметрлері айтылады.

Моделдің экзогенді айнымалылары-бұл оның белгілі деп есептелетін, жалпы экономикалық жағдайды анықтайтын және әдетте есептеу үрдісінде өзгермейтін параметрлері.

Эндогенді айнымалылар- есептеу үрдісінде айқындалатын модельдің параметрлері.




  1. Имитациялық-эксперттік модельдеу әдісі.

Аймақтық жағдайды объективті бағалау үшін, аймақтық дамуды сандық және сапалық бағалау үшін аймақ өкілдерін эксперттік үйлестірілген. әлеуметтік модельдеу әдістерін қолдану тиімді болып табылады.

әлеуметтік модельдеудің бір түрі болып зерттеушілік мақсаттардың толық тізімін шешетін имитациялық модель табылады. Бұл модельдер ең әлеуеті жоғарылардың санатына жатады. Имитациялық модельде құралушы даму гепотезалары, көбінесе, объектінің дамуының бірнеше сценарилерінен тұрады: оптимистік, писсимистік және шынайы.

Аймақтардың халықтың өмірінің тәуірлігі бойынша дифференциясы олардың экономикалық дамуының әр-түрлі әлеуеті, және соған сәйкес олардағы қандай жолмен болсын бөлінетін жалпы аймақтық өнімнің көлемі әр-түрлі екендігі жайлы байқалады.

Аймақтық мониторинг түрлері

Мұнда жалпылай және мәселелік – бағытталған аймақтық мониторингті айырады. Жалпылай мониторингтің арналымы барлық ел мастабындағы аймақтық жағдайдың үздіксіз диагностикасы мен талдауы болып табылады.

Мәселелік-бағытталған мониторнг мақсаты - әртүрлі критерилер бойынша таңдалынған, қоғамдық маңызы бар деп мойындалған және бірнеше жылдар бойы мемлекет тарапынан ерекше назарды талап ететін кейбір аймақтық мәселелердің дамуының тенденцияларын бақылау.

Аймақтық жағдайлар мен мәселелер мониторингі аймақтардың қауіпсіздігінің әртүрлі түрлерін бағалауға бағытталған: әлеуметтік, экологиялық, экономикалық саяси.

Аймақтың экологиялық қауіпсіздігі – адамның өмірі мен қызметінің, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзқарасынан аймақтағы жағдай тәуірлігі.

Аймақтың саяси қауіпсіздігі – саяси жүйе тарапынан тұрақтылықтың болуының тәуірлігі.

Негізгі әдебиет: п. 1.7

Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 4. Мемлекеттің аймақтық саясаты
1. Аймақтық экономикалық саясаттың мақсаттары жєне міндеттері

2. Аймақтық басқарудың субъектілері жєне оның қызығушылықтары

3. Экономикалық дамуды басқару облысындағы мемлекеттік органдардың міндеттері

4. Аймақтың экономикасын басқару органдарының қ±рылымы жєне қызметтері

5. Экономиканы басқару саласындағы мемлекеттік аппараттардың ж±мысын жетілдіру бағыттары
1.Аймақтық экономикалық саясаттың мақсаттары жєне міндеттері

Экономикалық саладағы аймақтық саясаттың мақсаты болып ауданаралық еңбек бµлінісінің объективті артықшылықтарын, территориялық агломерация жєне кооперациясын тиімді қолдану жолындағы µмір сапасын жєне деңгейін арттыру мақсатындағы єр т‰рлі шектеулі µндірістік ресурстарды ±тымды пайдалану болып табылады.

Аймақтық дамудың мақсаты бірінші кезекте аймақтың табиғи, капиталдық, еңбек ресурстарын ±тымды пайдаланумен, шаруашылық, єлеуметтік жєне табиғи-экологиялық кешендік аймақтық дамудағы ж‰йелік т±рғыны қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

Мемлекеттік аймақтық саясаттың мақсаты жеткілікті кµпт‰рлі Солардың ішінде келесідей т‰рде бµлінеді:

• Қазақстандық мемлекеттің єлеуметтік-экономикалық негізін нығайту жєне оның т±тастығын сақтау, єскери жєне экономикалық қауіпсіздікті жєне экологиялық т±рақтылықты қамтамасыз ету;

• ҚР аймақтарының µмір с‰ру деңгейін арттыру;

• ҚР барлық халқының ±лттық- мєдени дамуы ‰шін жағдай жасау

• жеке аймақтармен єлеуметтік топтардың омір деңгейін єлеуметтік теңдігін қамсыздандыру жєне олардың мемлекеттің єлеуметтік-экономикалық саясатыммен қызығушылықтарын арттыру;

• халықты єлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, аймақтардағы нарықтық экономиканы қалыптастыру.

Аймақтық дамуды реттеудің басты мақсаты территориялырдың салыстырмалы артықшылықтарын қолдану жєне мамандандыру саласының дамуын ынталандыру базасындағы негізделген ішкі аумақтық пропорцияларды қалыптастыру ‰шін жақсы жағдай жасаудан т±рады.

1. Аймақтың индустриалдық дамуының кµрсеткіштері.

2. Аймақтың дамуының єлеуметтік факторлары.

3. Аймақтың қаржылық кµрсеткіштері

4. Потенциалдың ресурстың кµрсеткіштері.


2. Аймақтық басқарудың субъектілері жєне оның қызығушылықтары

Аймақтық қызығушылық аумақтарда орналасқан аймақтардың өндірістік, еңбектік және табиғи ресурстарын тиімді қолдануда жүзеге асырылады.

Экономикалық қызығушылық — аймақтың экономикалық және саяси дамуының тенденциясын анықтауға қажетті түсінік. Оның анықталуы шаруашылық қызметіндегі түрлі субъектілерінің іс-әрекетін зерттеуді болжамдайды, оның объективті жағдайын талдауын, халықтың жеке топтарының қызуғышылықтарының трансформа иясының бағыттарын және қалыптасуының перспективаларын анықтайды.

Аймақтық қызығушылықтың маңызды компененттері болып екі құраушылар табылады: тікелей және жанама. Тікелей құраушы компененттер болып, белгілі бір аймаққа қатынасты қажеттіліктерді анықтаушы, — халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуды қатамасыз ету, халықты тұтыну тауарларына деген қажеттілікті қанағаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды қамсыздандыру, халықты еңбекпен қамтамасыз ету.

Жанама құраушы болып аймаққа кіші жүйе ретінде кіретін, қажеттіліктің жоғарғы деңгейі табылады.

Аймақтық деңгейдегі экономикалық қызығушылықтың проводниктері болып экономикалық саясаттың субъектілері табылады. Экономикалық саясаттың субъектілерін үш топқа бөлуге болады: тасушылар, анықтаушылар және шаруашылық қызығушылықты орындаушылар.

Шаруашылқ қызығушылықты тасымалдаушылар болып мына белгілер бойынша бөлінетін, әлеуметтік топтар: мүлік, кіріс бойынша, қызмет бойынша, мамандық бойынша, салалық және аймақтық қызығушылық бойынша.

Шаруашылқ қызығушылықты анықтаушылар болып мамандандырылған ұйымдар: маманданған одақтар, кәсіпкерлік одақтар, фермерлер, маклерлер және т.б.

Шаруашылқ қызығушылықты орындаушылар болып аймақтың мемлекеттік саясатын жүзеге асырушылар табылады.

Аймақтық дамудың үш түрін бөлуге болады: асимметриялық, гармониялық, нейтралдық.


3. Экономикалық дамуды басқару облысындағы

мемлекеттік органдардың міндеттері

Қазақстанда нарықтық экономикада экономикалық саясатты басқаратын және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңа әкімшілік органдары құрылған болатын. Қазіргі жағдайда мемлекеттің және үкіметтің міндеттеріне келесілер кіреді:

• нарықтық экономика үшін әкімшілік және қаржылық инфрақұрылымды құру;

• бағаны либерализациялау;

• жеке меншікті құқықтық рәсімдеу және легализациялау;

• инвестиция үшін нарықтық жағдай жасау, өнеркәсіптік саясатты негіздеу және жүзеге асыру;

• макроэкономикалық жағдайды басқару, фискалдық балансқа жету, ақша-несие саясатын жүргізу;

• орталық, аймақтық, жергілікті билік органдарының қызметін кординациялау;

• әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру және еңбек нарығы;

• тиімді мемлекеттік қызметті қоса алғанда, әкімшілік нарықтық экономика бойынша үкіметтің қабілеттерін арттыру.

әлеуметтік-экономикалық даму облысындағы саясатты жүргізушілер құрамына ҚР индустрия және сауда Министрлігі, энергетика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі, ҚР қаржы Министрлігі, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі , ҚР энергетика және минералды ресурстары Министрлігі, транспорт Министрлігі, ҚР байланыс және коммуникация Министрлігі, ҚР ауыл шаруашылық Министрлігі.
4.Экономиканы басқару органдарының құрылымы жєне қызметтері

Экономиканы басқару органдарының құрылымы мен қызметтері ҚР басқа субъектілерінде әртүрлі болып келеді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің негізгі міндеттері:

• аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясын өңдеу, құрылымдық саясатты өндіру, нарықтық экономика жағдайындағы экономиканың дамуына мемлекеттік әсер ету шараларының жүйесі;

• экономиканы дамыту және тұрақтандыру бойынша ұсыныстарды тайындау, өндірістік, ғылыми потенциалды және аймақтың әлеуметтік жағдайын дамыту мақсатындағы қаржылық және материалдық, еңбектік, табиғи ресурстарды тиімді қолдану, осы аймақта тұратын халықтың өмір деңгейі арттыру;

• мақсатты әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық бағдарламаларды жасау, олардың ресурстық қамсыздандырудың көздерін анықтау және болжамдау;

• инвестициялық саясатты анықтау және осы қызметті реттеу;

• бюджеттік түсімдердің көздерін зерттеу және олардың көбею тәсілдерін анықтау;

• тұтыну нарығын қалыптастыруға әсер ету;

• валюталық ресурстарды қолдану және ішкі экономикалық реттеу механизмдерін жасау;

• кәсіпкерлік пен меншік формаларының даму стратегиясын өңдеу.

Аймақтың қаржылық сұрақтарымен айналысатын, қаржылық Министрлігінің негізгі қызметтері:

• аймақтың жергілікті бюджеттік жобасын жасау, оның орындалуына басшылық ету және қаржылық шаралар жүргізу;

• салықтық жүйенің қызметіне талдау, бухгалтерлік есепке бақылау жүргізу және осы шараларды жетілдірудің жолдарын іздеу;

• жергілікті бюджет пен аймақтық бюджеттің қаржыларының қатынасын анықтау және ұсыныстарды жасау;

• аймақтық бюджеттік қаржылардың ведомстволарының дұрыс және ұтымды қолданылуына қаржылық бақылау жүргізуді қамсыздандыру.

Транспорт, коммуникация және байланыс Министрлігінің негізгі қызметтері:

транспорт және байланыс, кәсіпорын және ұйымдар жұмысын координациялау;

• аймақтың өнеркәсіптік дамуына әсер ету, транспорттық кешенін дамыту, жол шаруашылығын, пошталық, телеграфтық, телефондық және радиобайланыстарды дамыту;

• өнім өндірісінің динамикасын жоспарлау;

• жаңа технологияларды енгізу, өндірістік ұжысдардың жұмысын жетілдіру;

• монополизді жаулау және бәсекелестік үшін жағдай жасау, шағын кәсіпкерліктің, меншік түрлерінің дамуына әсер ету.

Индустрия және сауда Министрлігі келесі міндеттерді шешеді:

• тауар ресурстарының резервтерін құру және мемлекеттік сауданың дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

• ішкі нарықты қорғау бойынша басқа органдармен бірігіп шаралар жүргізу, орталықтанған ресурстардан тауарларды жүзеге асыру, кәсіпкерлік пен меншік формаларының дамытуға әсер ету.
5. Экономиканы басқару саласындағы мемлекеттік

аппараттардың ж±мысын жетілдіру бағыттары

Қазіргі уақытта барлық ел үшін басты міндет - өзара толықтыратын мемлекеттік және жеке құрылымдармен жаңа басқару жүйесін құру.

Келесі бағыттарды көрсетуге болады:

1. Жекешелендіру

2. орталықтандыру.

3. мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Мемлекет аппаратының тиімді жұмысының маңызды жағдайы болып, қабылданатын шешімнің бұқаралық және міндетті негізделген болуы керек.

Қазіргі уақытта мемлекет аппаратының жұмысын жетілдірудің бірнеше әдістері қолданылады:сапаны тоталды басқару, ең жақсы көрсеткіштер әдісі, реинжиниринг, жобалық басқару, стратегиялық басқару, ұйымдық даму, және т.б.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметті реформалаудың жалпықазақстандықбағдарламасын жүзеге асырудың және өңдеудің қажеттілігі пайда болды. Бұл бағдарлама нарықтық қатынастар жағдайындағы экономиканы мемлекеттік басқарудың тұтастай жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етуге құралған.

Оның міндеті ғылыми зерттеулер және үйымдық-басқару шараларымен заңжобалық және нормативтік жұмыстарды координациялауды қамтамасыз ету.



Негізгі әдебиет: п. 1.7

Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 5. Аймақтық дамуды реттейтін құралдар жүйесі.

1. Елдің өндірістік күштерін дамытудың және орналастырудың бас сызбасы

2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

3. Елдің дамуын стратегиялық жоспарлау

4. Елдің дамуын индикативті жоспарлау


  1. Елдің өндірістік күштерін дамытудың және

орналастырудың бас сызбасы

Өндірістік күштерді дамытудың және орналастырудың Бас сызбасы болашаққа өндірістік күштерді дамытудың және орналастырудың ғылыми түрде негізделген стратегиялық сипаттағы болжамдық құжат болып табылады. Ол ел аймақтарының кешенді экономикалық және әлеуметтік дамуын, аумақтық еңбек бөлінісін жетілдіру негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында қалыптастырылады.

Бас сызба келесі құрылымда болу қажет:

1. базистік кезең бойынша өндірістік күштерді дамытуды және орналастыруды талдау.

2. болашаққа бағытталған өндірістік күштерді орналастыру міндеттері.

3. болашақтағы өндірістік күштерді орналастыру жағдайлары мен объективті алғышарттары.

4. еңбек ресурстарын қайта үйлестірудің аумақтық масштабы және бағыты, орналастырудың әлеуметтік мәселелері.

5. кәсіпорындардың және салааралық кешендердің, халық шаруашылығы салаларын дамытудың және орналастырудың болжамы.

6. елдің өндірістік күштерін орналастырудағы халықаралық еңбек бөлінісіне әсерінің бағамы.

7. халық шаруашылығының аймақтық құрылымындағы ұсынылатын өзгерістердің экономикалық тиімділігінің есебі



2.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуыныңболжамы

Әлеуметтік- экономикалық дамуды талдау және болжамдау аймақтық дамуды басқару бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңі болып табылады. Дәлелденген болжам негізінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары және аймақтық шаруашылық кешенінің дамуындағы бағдарламалық шаралар мен басымдықтар анықталады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау құрамы келесі жиындарды енгізеді: қоғам өмірінің бөлек жақтарының болашағын сипаттайтын жеке болжамдар мен аймақтың экономикалық және әлеуметтік ортаның дамуының жалпылай формасын сипаттайтын кешенді экономикалық болжам.

Жеке болжамдарда бағаланады:

• аймақтағы демографиялық жағдай;

• табиғи орта, соның ішінде, жер ресурсы, су ресурсы;

• болашақтағы ғылыми техникалық жетістіктер және оларды өндіріске енгізу мүмкіндігі;

• өндірістің негізгі факторлары (капитал, еңбек, инвестиции);

• халықтың тауарға жәнге қызметке деген сұранысының мөлшері және динамикасы;

• жеке тауар мен сұранысқа деген халықтың төлемқабілеттілігі;

• халық шаруашылығының жеке салаларының даму деңгейі.

Кешенді экономикалық болжамда біртұтас құрылым ретінде аймақ экономикасының болашақ дамуы сипатталады.

Аймақтың экономиклық дамуының кешенді болжамы мерзіміне қарай үшке бөлінеді: ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді.
3. Елдің дамуын стратегиялық жоспарлау

Ел дамуының стратегиялық жоспары — елдің дамуы бойынша қызметтің әртүрлі аспектілерінің өзара байланысы сипатталған басқару құжаты. Бұл құжатты дайындау қарастырады:

• аймақтың даму мақсаттары;

• қойылған мақсаттарға жету жолдарын анықтау;

• потенциалды мүмкіншіліктерді талдау;

• таңдалған бағыттар бойынша қозғалыстарды ұйымдастыру әдістерін қалыптастыру;

• ресурстарды қолданудың ұтымды әдістерін дәлелдеу.

Елдің әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық жоспары — бұл мемлекеттің әкімшілік аппаратының аймақтық қоғамдастықпен бірге ірекет етуге мүмкіндік беретін индикативті құжат.


4. Елдің дамуының индикативті жоспары

Индикативті жоспар- бұл дамудың тиімді жолдарын таңдауға бағытталған кәсіпкерлік секторын бағдарлау құралы болып мтабылады. Ол бекітілген индикаторларға жету мақсатымен әлеуметтік және экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал ету шараларын қалыптастыруды көздейді. Индикативті жоспардың көрсеткіштері директивті сипатты иеленбейді. Ол міндетті тапсырмалардың шектелген соңын енгізеді. Және мақсатты сипатта болады..

Әлеуметтік -экономикалық дамудың маңызды индикаторы болып мынадай көрсеткіштер табылады, экономиканың құрылымы мен тиімділігі, динамикасы, қаржылық жағдайн, ақша айналымы, бағалы қағаздар мен тауар нарықтары, баға қозғалысы, жұмысбастылық, халықтың өмір сүру деңгейі, ішкі экономикалық байланыстар және т.б.

Негізгі әдебиет: п. 1.7

Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 6. ҚР Бюджеттік-салықтық жүйесі


  1. Аймақтық бюджеттік жүйенің қызметтері

  2. Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру әдістері

  3. Елдің дамуындағы бюджеттің рөлі және орны

4. Бюджеттегі тапшылықты жою жолдары
1. Аймақтық бюджеттік жүйенің қызметтері

Аймақтың бюджеттік жүйесінің негізгі қызметтері:

• аймақтың халқының өмір сапасын және деңгейін арттыру жағдайын құру;

• аймақ территориясындағы халықтың жеке топтарының табыстарын әділетті бөлу;

• аймақтың даму бюджеті арқылы немесе тікелей мемлекеттік инвестициялар жолымен аймақтық шаруашылық кешенінің өсуі, аймақтағы іскерлік белсенділіктің дамуын арттыру;

• әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымның, өндірістін даму жолымен аймақтың аумақтық қалыптасуындағы кәсіпкерлік жағдайын түзелту.

Аймақтың бюджеттік құрылымында кірістің негізгі бөлігін салық құрайды.

Ал, шығын құрылымында негізгі орынды әлеуметтік-мәдени шараларға, капиталсалымына кеткен шығындар алады. Соның ішінде мемлекеттік дотация және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығына кеткен.


2. Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру әдістері

Мемлекеттік бюджетті құраудың негізгі әдісі —елдің экономикасы дамуының бірнеше нұсқаларын қарастырудағы маңызды болып табылатын, сценарлық болжамдау.

Бюджеттің орындалуын бақылау қаржы Министрлігінің аймақтық басқарудың жергілікті органдары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджет өзіне жергілікті бюджеттерді кіргізеді. Жергілікті бюджет — жергілікті өзінбасқару органдарымен жүзеге асырылатын орындау және басқару, қалыптастыру болып табылады.

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі қазіргі уақытта толық әлеуметтік бағыты бар-80 пайызға дейінгі шығыс бөлігі білімге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмекке және т.б. тұтынуға жұмсалады.

Капиталдық шығындар жалпы баптар бойынша бюджетке жазылады. Қаржылық ресурстардың шектеулі капиталдық жабдықтар мен құрылысты шағын қаржыландыруды анықтайды, яғни аймақтардың ұзақ мерзімді даму негіздері қаланбайды.

Істің жағдайын өзгерту бюджеттің барлық деңгейін орта мерзімді үш жылдық кезеңге әзірлеуге көшуге және жергілікті бюджеттің шығындарын ағымдағы және инвестициялыққа бөлуге мүмкіндік береді.
3. Елдің дамуындағы бюджеттің рөлі және орны

Аймақтағы бюджеттің маңызды бөлігі болып елдегі

инвестициялық үрдіске мемлекеттің ықпал етудің мүмкіншіліктерін көрсететін, аймақтық даму бюджеті болып табылады.

Бюджетті өңдеудің мақсаты болып:

• аймақтың экономикасы үшін маңызды (приоритетных) инвестициялық жобаларды қолдау;

• аймақтың экономикасының дамуы бойынша қажетті шараларды қаржыландыру;

• тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға несие бойынша кепілдік алу мүмкіндігін беру.

Экономика дамуының бюджеті болып, инвестициялық жобаларды қамтамасыз ету және инвестициялау, несиелеуге қолданылатын қаржылардың аймақтық бюджеттің құрамды бөлігі болып табылады.

Даму бюджетінің қаржылары келесі көздерден құралады:

• инвестициялық мақсаттарға жұмсалатын аймақтардың ішкі және сыртқы қарыздары;

• мемлекеттік меншікті және мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, мемлекеттік қарыздан түсетін түсімдер;

Бюджеттің қаржылық құралдары келесі мақсаттарға жұмсалады:

• конкурстық негізде таңдалатын инвестициялық жобаларды қаржыландыру;

• бюджеттік даму қаражаттар есебінен инвесторларға берілген мемлекеттік кепілдіктер бойынша аймақтың міндеттерін атқару.




  1. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою

жолдары.

Бюджет тапшылығы- мемлекеттік шығындардың

табыстан көп болуы. Аймақтық бюджеттің тапшылығын жюдың бірнеше жолдары бар: бағалы қағаздар эмиссиясы, бюджеттік емес қорларды тарту, республикалық қаржылық қорлардан қарыз алужәне т.б.

Аймақтық бюджетті өңдеу және жүзеге асыру—бұл жұмылдыру жолымен аймақтағы қоғамдық қайтаөндірісті басқаруға аймақтық әкімшіліктің қатысуымен болатын құрал.

Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдардың өкілеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік тиімділігін қамтамасыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілу қажет:

- аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз ету, соның мүдделі пайдалануының бақылау тетіктерін әзірлеу;

- жергілікті бюджеттерге орталцықтандырылған қолдаудың нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мүдделі субвенцияларды бөлуді тәжірибиеге енгізу;

- экономикалық даму жағынан артта тқалған аймақтар мен дағдарысқа ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден, және т.б. режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.



Негізгі әдебиет: п. 1.7

Қосымша әдебиет: п. 1.7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет