Стильдің қолданылу аясы:Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
Стильдердің ерекшелігі: Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу.
Стильдердің тілдік құралдары: Ғылыми стильде – ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.
Ғылыми стиль – жазба стилінің бір түрі. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік:
Ғылыми стиль – жазба стилінің бір түрі. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік:
Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі – ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде.
Ғылыми көпшілік шағын стиль (Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль).
Таза ғылыми шағын стиль белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілер шығармаларының стилі болып табылады, олар сол әріптестеріне арнап жазылады. Қоғамдық – гумманитарлық ғылым саласындағы ғылыми еңбектер көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонысына қарамастан, таза ғылыми стильге жатады. Оның басты себебі: ондай зерттеулерде, айталық, әдебиетті жақсы түсінетін мәдениетті оқырманды елең еткізерлік нақтылы теориялық тұжырымдар жасалып отырады.
Қазақ тілінде оқу-ғылыми шағын стилі жақсы дамыған. Ғылыми стильдің бұл түрінің негізгі жанрлары — оқулық, оқу құралдары, оқу мақалалары.