Ғылыми зерттеу


Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері



бет2/4
Дата29.02.2024
өлшемі63.64 Kb.
#493372
1   2   3   4
Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері
Ғылыми зерттеудің дұрыс нәтижелілігі оны дұрыс ұйымдастыру, жоспарлау және белгілі бір ұстанымда орындауға тікелей тәуелді. Бұл жоспарлар мен іс-қимылдар тізбегі ғылыми зерттеудің түріне, нысанына және мақсаттарына байланысты. Мысалы, егер ол техникалық тақырыптарда жүргізілсе, онда алдымен негізгі жоспарлау алдындағы құжат – техникалықэкономикалық негіздеме әзірленеді, содан кейін теориялық және эксперименттік зерттеулер жүзеге асырылады, ғылыми – техникалық есеп жасалады және жұмыс нәтижелері өндіріске енгізіледі.
Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты алты кезеңді бөліп қарастыруға болады.
1. Тақырыпты таңдау:
- зерттеуді орындауды қажет ететін мәселемен жалпы танысу,
- әдебиеттік көздермен алдын ала танысу және маңызды бағыттарды жіктеу,
- зерттеу тақырыбын қалыптастыру,
- зерттеулердің қысқаша (алдын ала) жоспарын жасау (бастапқы жоба),
- ғылыми-техникалық тапсырманы әзірлеу,
- ғылыми зерттеулердің күнтізбелік жоспарын құру,
- күтілетін нәтижелерді сипаттайтын гипотезаны қалыптастыру,
- күтілетін нәтижелерді алдын ала бағалау.
2.Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау:
- отандық және шетелдік әдебиеттің библиографиялық тізімін таңдау және
жасау,
- тиісті бейіндегі әртүрлі ұйымдардың тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық
есептерді зерделеу,
- дереккөздердің аннотацияларын жасау,
- тақырып бойынша рефераттар құрастыру,
- зерттелетін ақпаратты талдау, салыстыру, сынау,
- пысықталған мәселелер бойынша өз пікірін жинақтау, сынау, құрастыру,
- ақпаратты шолу бойынша әдістемелік қорытындыларды қалыптастыру,
- зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру.
3. Модельдеу:
- зерттелетін объектінің негізгі сапасын анықтайтын процестер мен
құбылыстардың физикалық мәнін (табиғатын) зерттеу,
- алдын ала (іздестіру) эксперименттерін орындау,
- гипотезаны қалыптастыру, физикалық модельді таңдау және негіздеу,
- моделді математизациялау,
- аналитикалық сөздерді алу,
- алынған заңдылықтарды теориялық талдау.
4. Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеулер:
- эксперименттің мақсаты мен міндеттерін әзірлеу,
- экспериментті жоспарлау,
- зерттеу бағдарламасының әдістемесін әзірлеу,
- өлшеу құралдарын таңдау,
- аспаптарды, макеттерді, аппараттарды, үлгілерді, стенділерді, қондырғыларды
және басқа да эксперимент құралдарын құрастыру,
- өлшеу тәсілдерін негіздеу,
- зертханада, тәжірибелік учаскелерде, зауыттарда, фирмаларда эксперимент
жүргізу,
- өлшеу нәтижелерін өңдеу.
5. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және рәсімдеу:
- теориялық – эксперименттік зерттеулерді жалпы талдау,
- эксперименттерді теориямен салыстыру,
- алшақтықтарды талдау,
- теориялық үлгілерді анықтау,
- зерттеу мақсатына қол жеткізгенге дейін қосымша эксперименттерді қайталау
және оларды талдау,
- алдын ала гипотезаны бекітуді қайта қалыптастыру – жүргізілген зерттеудің
ғылыми нәтижесі,
- ғылыми және өндірістік қорытындыларды қалыптастыру,
- ғылыми-техникалық есепті құру,
- пікір жазу,
- баяндама жасау,
- қолжазбаны түзету.
6. Нәтижелерді енгізу және экономикалық тиімділікті айқындау:
- өндірісте зерттеу нәтижелерін енгізу,
- экономикалық әсерді анықтау.
Содан кейін тәжірибелік-технологиялық немесе тәжірибелік –
конструкторлық әзірлемелер жүреді, оларға:
1. Тақырыптарды, мақсаттарды және әзірлеу міндеттерін тұжырымдау;
2. Әдебиетті зерделеу, зерттеулер жүргізу (қажет болған жағдайда) және
эксперименттік үлгіні техникалық жобалауға дайындау;
3. Техникалық жобалау:
- техникалық жобаның нұсқаларын әзірлеу,
- есеп айырысулар жасау,
- сызбаларды әзірлеу,
- жеке тораптарды, блоктарды дайындау және олардың жұмысын талдау,
- техникалық жобаны әзірлеу және келісу,
- жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
4. Жұмысты толық жобалау – жұмыс жобасының барлық бөлшектерін
әзірлеу.
5. Тәжірибелік үлгіні дайындау:
- техникалық құжаттаманы талдау және бақылау,
- технологиялық процестерді жобалау,
- карталарды әзірлеу,
- жұмысты ұйымдастыру жобасын жасау,
- тәжірибелік үлгінің бөлшектерін, блоктары мен тораптарын дайындау, оларды
құрастыру,
- үлгіні сынақтан өткізу, жетілдіру және реттеу,
- стенділік және өндірістік сынақтар;
6. Тәжірибелік үлгіні пысықтау:
- өндірістік сынақтардан кейін үлгі тораптарының жұмысын талдау,
- жеке тораптарды ауыстыру;
7. Мемлекеттік сынақтар – арнайы үлгіні мемлекеттік комиссияныңсынақ
өткізуіне беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет