Ғылыми зерттеулердің жіктелуі. Іргелі ғылыми зерттеулер. Қолданбалы ғылыми зерттеулерге анықтама беріп, талдаңыз



бет2/4
Дата20.05.2024
өлшемі1.15 Mb.
#501588
1   2   3   4
ғылыми билеттер (копия) (1)

Ғылымның міндеттері: 
- фактілерді жинау, сипаттау, талдау, сараптау және түсіндіру; 
- табиғат, қоғам, ойлау және танымдық қозғалыс заңдарын ашу; 
- алынған білімді жүйелеу; 
- құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру; 
- оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді болжау
- алған білімдердің тәжірибелік пайдалануының бағыттары мен формаларын белгілеу. 
Ғылымның функциялары. Ғылымның ең маңызды функциясы қоғамның өнімді күші болып табылады. Зерттеудің практикалық қызметі ғылыми әдістерді қолданып, көптеген мәселелерді шеше алудеңгейіне жеткізумен сипатталады. Қайта жанданудәуірінде ғылымның маңызы айтарлықтай өсті. ХХ ғасырда ғылым озық басқарушы өндірістік күшке айналды. Радиоэлектроника, биотехнология, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы соңғы жаңалықтармен тығыз байланыстыөндірістің жаңа салалары қалыптасты. Ғылым – теориялық зерттеулер немесе инженерлік-құрастырушы үлгілер түрінде көрсетілген сенімдінегізделген бағдарламалар мен жоспарлардыәзірлейтін және ұсынатын рухани өндіріс саласынаайналды. Қайта жандану дәуірінде ғылымның дүниетанымдық функциясы іргелі дами бастады. Дінге қарсы күрес кезінде ғылым дүниетанымның қалыптасуына қатысу құқығынан шектелген. Ғылымның білім беру функциясы дүниетанымның функциясына жақын, өйткені білім берудің бастыміндеті – адамдарды мәдениет құндылықтарына үйрету болып табылады.
Ғылыми зерттеудің дұрыс нәтижелілігі оны дұрыс ұйымдастыру, жоспарлау және белгілі бір ұстанымда орындауға тікелей тәуелді. Бұл жоспарлар мен іс-қимылдар тізбегі ғылыми зерттеудің түріне, нысанына және мақсаттарына байланысты. Мысалы, егер ол техникалық тақырыптарда жүргізілсе, онда алдымен негізгі жоспарлау алдындағы құжат – техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, содан кейін теориялық және эксперименттік зерттеулер жүзеге асырылады, ғылыми – техникалық есеп жасалады және жұмыс нәтижелері өндіріске енгізіледі.
Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты алты кезеңді бөліп қарастыруға болады

4

Жалпы



№2

Сұрақтар/тапсырма

1

Ғылыми зерттеу әдістері. Эмпирикалық деңгей. Теориялық деңгейді талдаңыз
Ғылыми зерттеу әдісі – объективті шындықты тану тәсілі. Әдіс іс-әрекеттердің, тәсілдердің, операциялардың белгілі бір реттілігін білдіреді. 
Оқытылатын объектілердің мазмұнына байланыстыжаратылыстану әдістері мен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу әдістері ерекшеленеді. Зерттеу әдістері ғылым салалары бойыншажіктеледі: математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық және т.б. 
Таным деңгейіне байланысты әдістер келесідейболып бөлінеді: эмпирикалық, теориялық және метатеоретикалық деңгейлер. 
Эмпирикалық деңгей әдістеріне бақылау, сипаттау, салыстыру, есеп, өлшеу, сауалнамалық сұрау, әңгімелесу, тестілеу, эксперимент, модельдеужәне т.б. жатады. 
Теориялық деңгей әдістеріне аксиоматикалық, гипотетикалық, формализация, абстрагирлеу, жалпы логикалық әдістер (талдау, синтез, индукция, дедукция, аналогия) және т.б. жатады. 
Метатеоретикалық деңгейдің әдістері диалектикалық, метафизикалық, герменевтикалық және т.б. болып бөлінеді. Қолдану саласы мен ортақтасу дәрежесіне байланысты әдістерді ажыратады: 
- барлық ғылымдарда және танымның барлық кезеңдерінде әрекет ететін жалпылама(философиялық); 
- жалпы ғылыми, олар: гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдарда қолданыла алады; 
- жеке, өзара туыс ғылымдар үшін; 
- арнайы, нақты ғылым, ғылыми таным саласыүшін қолданылатындар.

2

Жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру қалай жүреді? Талдаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет