Ғылымның құрылымы, методологиясы және проблемалары. Ғылыми білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Жоспар



бет2/3
Дата11.10.2023
өлшемі0.88 Mb.
#480434
1   2   3
БОПӘ. Мұсатаева Н.М., Дәкей Бота

Жаңалық ашу табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару
Суреттеу – қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету
Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтайды
Методологияның негізі ертедегі философиялық жүйелерде салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Методологияның қарқынды дамуына жаңа дәуір философиясында жаратылыстану әсер етті. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. 
Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында”
Бэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды
Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды
XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ғылымның методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді
И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды
Г.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді
XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді.
1
    • Философиялық

2
    • Жалпы ғылыми

3
    • Жеке ғылыми

Методологияның 3 деңгейі бар:
Философиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі.
Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді.
Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғылыми танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады
Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.
Ғылыми білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері болады
Эмпиризм(грек.empeira- тәжірибе) – табиғат туралы білімнің дара және негізгі көздері ретінде сезімтал тәжірибені қарастыратын теория, оның шеңберінде барлық білімдер тәжірибеге және тәжірибе арқылы негізделеді.
Теориялық деңгей – объективті шындықта заттар, құбылыстар немесе процестер туралы талдап қорытылған жеткілікті білім жүйесі.
Эмпиризмнің теориялық негізін салған ағылшын философы Ф.Бекон, ол табиғаттың шынайы танымын эксперименттік ғылыммен байланыстырады. Классикалық жаратылыстану негіздерін қалыптастыру үшін объективті алғышарттар жасалды. Эмпиризм “заттардың табиғи сипатының” барабар анықталуын индукциямен, яғни дара фактілерден жалпы сипаттағы жағдайларға өтуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Бэкондық әдіс “индуктивті эмпиризммен” немесе “эмпирикалық индукция” деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет