Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет14/38
Дата10.06.2016
өлшемі2.73 Mb.
#126273
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ әдеби сынының тарихы

Пәннің коды: ТК 4205

Пәннің типі: Базалық пәндер, тандау компоненті

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:1

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Тайманова С-ф.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты: Бiр халықтың рухани тiрлiгiн баяндаған уақытта оның ел-жұртқа қалай әсер етiп жатқанын қадағалайтын сынның, сыншылық ойдың туу, даму, қалыптасу сатылырын әңгiмелеу қазақ халқының эстетикалық таным-бiлiгiнiң өрбiп жатқанын, баспасөз жандана бастағаннан кейiн тұрақты орын тапқанын әңгiмелеу студенттердiң жалпы бiлiм қорын молайтумен қатар, сыни ой-пiкiрлерiнiң ұшталуына жәрдем жасауға тиiс. Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгiлес дүниеге келедi. Көркемдiк даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесi уақыт жағынан бiр-бiрiнiң iлгерi-кейiндiлiгiне қарамастан, өзара байланысты болады.

Деректемелер/Пререквизит:

Халық ауыз әдебиеті

Қазақ әдебиетінің тарихы

Әдебиеттің теориясы



Курстың/ пәннің мазмұны: Қазақ әдебиетi сынының тарихы басқа пәндерге қарағанда кейiннен /1972/ енгiзiлген дәрiс. Бiр халықтың рухани тiрлiгiн баяндаған уақытта оның ел-жұртқа қалай әсер етiп жатқанын қадағалайтын сынның, сыншылық ойдың туу, даму, қалыптасу сатылырын әңгiмелеу қазақ халқының эстетикалық таным-бiлiгiнiң өрбiп жатқанын, баспасөз жандана бастағаннан кейiн тұрақты орын тапқанын әңгiмелеу студенттердiң жалпы бiлiм қорын молайтумен қатар, сыни ой-пiкiрлерiнiң ұшталуына жәрдем жасауға тиiс.Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгiлес дүниеге келедi.Көркемдiк даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесi уақыт жағынан бiр-бiрiнiң iлгерi-кейiндiлiгiне қарамастан,өзара байланысты болады.1972 жылы “ Әдеби - көркем сын туралы” арнайы қаулы қабылданды.Эстетикалық ойды тереңдетудiң бiр жолы – сыншы кадрлар даярлау мәселесiне айрықша назар аударылып, ол мiндеттiң негiзгi салмағы университеттерге жүктелдi.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы А,1994.

2. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын А,1993.Сын жанрлары А,1999.,Сын талқы А,2003

3. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары А,1995

4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш А,1989

5. Қабдолов З. Сөз өнеріА,1992:2002

6. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау

7. Нұрғалиев Р. Айдын А,1985.

8. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы А,1994.

9. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы А,1979.



Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы,

тақтамен жұмыс т.б.



Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

Пәннің коды: ТК 4208

Пәннің типі: Базалық пәндер, тандау компоненті

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:8

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әйтімов Б- ф.ғ.д., профессор

Курстың мақсаты: Тәуелсіз жылдардағы тарихи романдарды оқыту- ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ прозасына қосылған жаңа романдар. Поэтикасына тән тарихи шындық пен көркемдік шешім мәселелерін арнайы жүйелене қарастыру үшін

Деректемелер/ Пререквизит: Тәуелсіз жылдардаындағы қазақ әдебиетін оқыту болашақ мамандарға еліміздің соңғы он бес жылдағы қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық және жалпы азаматтық өркениет жетістіктерімен деңгейлес ерекшеліктерін тани алады.

Курстың /Пәннің мазмұны: Бағдарлама сөз өнері дамуының тарихын әдеби шолу және монографиялық тақырыптар ауқымда оқытуды көздейді.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында».-Алматы:Өнер,1996,-272 б.

  2. Байтұрсынов А. Ақжол: Өлеңдер мен тәржімелер,публ.мақалалар және әдеби зерттеу.-Алматы:Жалын,1991.-464б.

  3. Методология анализа литературного процесса.-М.:Наука,1989.-237 с.

  4. Әуезов М.О. Уақыт және әдебиет.-алматы:ҚМКӘБ,1962.-427 б.

  5. Мұқанов С. Өсу жолдарымыз.-алматы:ҚМКӘБ,1960.-998 б.

  6. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім.-Алматы:Ғылым,1991.-208 б.

  7. Дәдебаев Ж.Жазушы еңбегң.-Алматы:Қазақ университеті,2001,340 б.

  8. Бердібаев Р.Қазақ тарихи романы.-алматы:Ғылым,1979.-240 б.

  9. Бердібаев Р.Роман және заман.-алматы:Жазушы,1965.-250 б.

  10. Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру.-Алматы:Ғылым,1966.-280б

  11. Атымов М. Идея және композиция.-алматы:ғылым,1970-232 б.

  12. Атымов М. Қазіргі қазақ романдарындағысюжет пен композиция мәселесі.-Алматы:Ғылым,1978.-270 б.

  13. Ахметов З. Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете истории ее создания.-Алматы:Наука,1984.-254 с.

Сабақ беру әдістері: Оқу жоспарларында әрбiр ұлт әдебиетi сынының тарихы жалпы пәнге айналды.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың /пәннің/, юниттің атауы: Жай сөйлем құрылымы және тілдік талдау түрлері

Пәннің коды: ТК 4212

Пәннің типі: Базалық пәндер: таңдау компоненті

Оқу жылы: 4

Оқу семестрі: 8

Кредиттер саны: 3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Ж. Сәдуақасұлы –ф.ғ.д., акад. профессор

Курстың мақсаты: Тіл білімінің соңғы жылдарда дамуы сөйлемді жан-жақты зерттеуге байланысты көптеген жаңалықтарды дүниеге әкелді. Соның ішінде, әсіресе сөйлемді коммуникативтік, функционалдық құрылымдары жағынан зерттеп, талдауға байланысты жұмыстардың мәні зор. Осы себепті аталмыш тақырыпты жаңа зерттеулер мен пікірлер аясында толықтыра оқыту, осы арқылы студенттердің ана тіліне, оны ғылыми тұрғыда зерттеп тани білуге жетелеу мақсаты пайда болады.

Деректемелер/Пререквизит: Бұрын өтілген «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәндерінен алған білімдері негізінде, студенттер жай сөйлемнің құрылымына байланысты жаңа теориялық ізденістермен танысады. Тілдік талдау жөніндегі жаңа көзқарастарды игереді.

Курстың/пәннің мазмұны: Курстың мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды: жай сөйлемнің теориялық мәселелеріне шолу жасау; сөйлемнің құрылымдық түрлері туралы көзқарастарды салыстыру; мүшеленетін екі негізді сөйлемдердің ерекшеліктерін таныту; бір негізді сөйлемдердің өзіндік белгілерін, түрлерін айқындау; мүшеленбейтін сөйлемдердің де болуына студенттердің көзін жеткізу;тілдік талдаудың түрлері мен талдау әдістемесіне үйрету.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Сәдуақасұлы Ж.,Сәдуақасова Г. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері. – Қызылорда, 2004.

  2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.

  3. Әміров Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2003.

  4. Садуақасов Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер. – Алматы, 1996.

  5. Балақаев М., Сайранбаев Т. Қазіргі қазақтілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. –Алматы, 1997.

  6. Сәдуақасұлы Ж. Тілдік талдау түрлері. - Қызылорда, 2008.

  7. Исаев С., Бектұров Ш. Сөйлемді грамматикалық талдаудың түрлері. –Алматы, 1985.

  8. Достанов М. Қазақ тілі сөздерінің фонетика-лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау әдістері. – Алматы, 1991.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ тілінің стилистикасы

Пәннің коды: KTS 4304

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:7

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Боранбай Б -ф.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұматтар беру, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажыратуға үйрету.

Деректемелер/ Пререквизит: Бұрын өтілген «Нормативті қазақ тілі», «Фонетика», «Лексикология», «Морфология», «Синтаксис», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәндері аталмыш пән бойынша студенттердің стилистика ғылымының теориялық негіздерімен танысуына, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат алуына, оларды ажыратудың жолдарын ажыратуға, студенттерге стилистикалық норманы меңгеріп, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйретеді.

Курстың / пәннің мазмұны: Курс лекциялар мен практикалық сабақтардан, студенттердің өзіндік жұмыстары мен оқытушының консультацияларынан тұрады. Әрбір студенттің курс бойынша оқылған лекциялардан конспектілері, практикалық сабақтарда орындалған жұмыстары, жаттығулары, сондай-ақ интернеттен немесе өзге оқулықтардан жинақталған қосымша материалдары болуы тиіс.. Практикалық сабақтар іскерлік ойындар, дебаттар өткізу секілді түрлі тәсілдерді қолдану арқылы өтеді. Студенттер берілген тақырыптар бойынша белгіленген мерзімде презентациялар өткізуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы, А.,2009 жыл.

2.Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993

3. Стилистика русского языка. (Бондавлетов и другие) Л., 1989

4. Сыздық Р.. Сөз құдіреті. А., 1997.

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.

6. Әміров Р. Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1977.

7. Жұьанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы, 1996.

8. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. Алматы, 1997.

9. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. Алматы, 1981.

10. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А.,200

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы, тақтамен жұмыс т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әдебиет теориясы

Пәннің коды: АТ 4308

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:8

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Кәрібозұлы Б -ф.ғ.д., профессор

Курстың мақсаты:Бұл пән студенттерге әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін, көркемдік-эстетикалық танымын қалыптастыру, көркем туындыны талдау, бағалау жолдарына машықтану мақсатын көздейді.

Деректемелер/ Пререквизит:„Әдебиеттануға кіріспе” пәнін оқу үшін Сіздің орта мектеп көлемінде әдебиет пәнінен алған біліміңіз жеткілікті.

Курстың /Пәннің мазмұны: Лекциялық және семинар сабақтарында әдебиет туралы ғылымның тарихы жайлы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдістер мен бағыт-ағымдар, стиль мәселесі т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады.Пәннен сабақ жүргізу барысында тарих, тіл білімі, философия, эстетика, халықтық педагогика, психология т.б. ғылымдармен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы, Алматы, Мектеп, 1973

2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш, Алматы, 1989.

3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969.

4. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992, 2002.

5. Әдебиеттануға кіріспе. Хрестоматия. Құрас: С.Мақпыров, Алматы,

1991.

6. Ахмеов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1995.



7. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. Алматы,

1969.


8. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

9. Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы. Алматы, 1955.



Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

Пәннің коды: ТК 4303

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер, тандау компоненті

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:8

Кредиттер саны:2 KZ кредитіДәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Сарышева -ф.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Көркем шығармада қолданылған тілдік құралдардың мәнін ашып түсіндіру, сол арқылы түпкі нәтижеге - көркем туындының жалпы көркемдік-бейнелілік болмысын түсінуді қамтамасыз етуге қол жеткізу. Көркем шығарманы лингвистикалық талдау болашақ тіл мамандарына тіл заңдылықтарын терең ұғынуға, көркем шығарма тілін түсініп, оны талдай білуге дағдыландырады.

Деректемелер/Пререквизит: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау болашақ тіл мамандарына тіл заңдылықтарын терең ұғынуға, көркем шығарма тілін түсініп, оны талдай білуге дағдыландырады.Көркем сөз - сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мәні жағынан да айрықша құрылым. Көркем шығармада сөздердің дыбыстық әуені, бір-бірімен байланысты, орналасу тәртібі, сөйлем құрылысы, тіпті дауыс кідірісіне дейін үлкен мәнге ие болады.

Курстың/ пәннің мазмұны: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәні 4 курста, 8 семестрде 20 сағат лекция, 10 сағат практикалық сабақ, 15 сағат оқытушының студенттермен өз бетінше жұмысы (ОСӨЖ) түрінде жүргізіледі. Дәрістердің тақырыбы, семинарлар, рефераттар, баяндамалар, СӨЖ-дің тапсырмалары, бақылау сұрақтары және әдебиеттер тізімі төменде көрсетілді.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Сыздықова Р., Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. Алматы, 1989.

2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы,1973.

3. Байтанаев Ә. Шын шеберлік. Алматы, 1969.



  1. Жанпейісова Е. М.Әуезовтің “Абай жолы ”эпопеясының тілі.Алматы, 1976.

  2. Жанпейісов Е. М. Әуезовтың “Абай жолы ”эпопеясының тілі. Алматы, 1976.

  3. Жұбанов Е. Ғ. Мүсірепов тілінің кейбір ерекшеліктері. - “Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарлары”, тіл-әдебиет сериясы,1976,№ 4

  4. Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. Алматы, 1978.

8. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы, 1983. 9. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, 1980.

10. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы, 1969.

11. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы

Алматы., 1970

12. Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. Алматы, 2002.

13. Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. Алматы, 2008.

14. Әзімжанова Г. Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті. Алматы, 2007.

15. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Астана, 2006.



Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары т.б.

5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша журналистика бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаларға қабылдау жөніндегі талаптар: өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі және т.б.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/ оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті бакалавр маманын даярлау. Нақты өндіріс жағдайында және қызмет иерархиясы бойынша болашақ маманның әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік қызмет мазмұнын өзгерте алуға қабілеттілігін, біліктілігі мен білімділігін,сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуын, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілігін қамтамасыз ету.

5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.

Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы- 129 кредит + 6 кредит (іс-тәжірибе) + 8 кредит (дене шынықтыру) + 3 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS-219 кредит)


Пәннің коды, шифры

Пән атауы

Қазақстандық кредит саны

ECTS бойынша




Жалпы білім пәндері –кредит

20







Міндетті компонент

1 курс


20




КТ 1101

Қазақстан тарихы

3




ОТ 1102

Қазақ (орыс) тілі

6




ShT 1(2)103

Шетел тілі

6




InF 1104

Информатика

3




ЕКО 1106

Экология және тұрақты даму

2







Базалық пәндер

16







Міндетті компонент

13




ZhK 1203

Журналистикаға кіріспе

3




TZh 1204

Телевизиялық журналистика

3




RZh1205

Радиожурналистика

3




KZhT1207

Қазақ журналистикасының тарихы

Таңдау компоненті

4

3





АК-1211

АТN -1211

1. Әдебиеттануға кіріспе

2. Әдебиет теориясының негіздері

3







Оқытудың қосымша түрі

3




Kor 4101

Қорқыттану

1




Mad 4102

Мәдениеттану

2







Жалпы білім пәндері –кредит

10







Міндетті компонент

2 курс


9




ЕКО 1105

Экология және тұрақты даму

2




FiI 2106

Философия

3




Ektn2109

Экономикалық теория негіздері

2





KN2110


Құқық негіздері

2







Таңдау компоненті







AOKNZhEK2101
ЕKUM 2101

1.Адам өмірі қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау

2.Еңбекті қорғаудың ұйымдастыру мәселелері

1







Базалық пәндер

21







Міндетті компонент

9




PShN2204

Публицистік шығармашылықтың негіздері

3





ShZh 2206

Шетел журналистикасы

3




EZBAK 3209

Этика,заңнама және БАҚ

3







Таңдау компоненті

12




BKTZhF-2201
MBB-2201

1.Баспасөздегі компьютерлік технология және фотожурналистика

2.Мерзімді басылымды безендіру ісі

3




EEEB-2203

SOZhTT-2203

1. Егемен елдің еркін баспасөзі

2. Сыр өңірі журналистикасының тарихы мен тәжірибесі.

3




AK-2204

ATN-2204

1.Әдебиеттануға кіріспе

2. Әдебиет теориясының негіздері

3




КKT-2205

OzhPM-2205

1.Қазіргі қазақ тілі

2. Орфография және пунктуация мәселелері.

3







Кәсіптендіру пәндер










Міндетті компонент







ZhSh 2303

Журналистік шеберлік

3




GzhSh TR 2305

Газет-журналдарды шығару, телерадио хабарлар даярлау

3







3-курс










Базалық пәндер

14







Міндетті компонент

14




ZhMM3205

Журналистика менеджменті мен маркетингі

3




EZBAK

Этика,заңнама және БАҚ

3




AAT 3210

Әлем әдебиетінің тарихы

3




KAT 3211

Қазақ әдебиетінің тарихы

3




SR 3215

Стилистика және редакциялау

2







Кәсіптендіру пәндер

17







Міндетті компонент

10




BKTS 2301

Бұқаралық комуникацияның тілі мен стилі

4





ZhShS 3302

Журналистика бойынша шеберлік сыныбы

3




PShSh 2304

Публицистің шығармашылық

шеберханасы

3







Таңдау компоненті

7




TAB-3301
TZhE-3301

1.Телевизиядағы авторлық бағдарламалар

2.Телерадиоарналардағы журналист этикасы.

3




GTZh-3302

GPB-3302

1.Ғылыми-танымдық журналистика

2.Ғылыми-педагогикалық басылымдар

4







Базалық пәндер

14







Міндетті компонент

12







4 курс







IntZh 4208

Интернет журналистика

3




KBKT 4212

Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары

3




Med D 4213

Медиа дизайн

3




BKHK 4214


Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынастар

3








Таңдау компоненті

2




ZhSM-3210

ТМ-3210

1.Журналистің сөйлеу мәдениеті

2.Телеэкран мәдениеті

2







Кәсіптендіру пәндер

5







Міндетті компонент

5




SZh-3305

Сатиралық жанрлар

2




КEP-4306

Қазақ эпистолярлық публицистикасы

2




ASOEZhB-4307

Арал, Семей өңірлерінің

экопроблемалары және баспасөз

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет