Филология және педагогика факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы



бет4/14
Дата23.11.2022
өлшемі108.57 Kb.
#465585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Базарбайқызы Көркем КОК203

6
Төте мағыналы:(бала- шаға,қыз-келіншек),мағына жағынан қайшы мәнді қос сөздер (жақсы-жаман,алыс-жақын),
бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздер:(қатар-қатар,тырс-тырс,отыра-отыра) деп іштей бірнеше топқа жіктеледі.
Біріккен сөздерді қос сөзден үш түрлі белгісіне қарап ажыратуға болады:1.Біріккен сөздер мағынасы әртүрлі,жеке айтылғанда біріне бірі қатынасы жоқ сөздерден құралады.Ал қос сөздер болса,бір түбірдің қайталауынан,не қайшы я төте мәнді сөздерден тұрады.2.Күрделі сөздердің мағынасы сөйлемге,басқа сөзге байланысты емес.Бұлар жеке тұрғанда бір ұғым болып саналады.Қос сөздердің мағынасы тек сөйлем арқылы ғана білінеді.3.Күрделі сөздердің мағынасы оған енген жеке сөздердің мағынасына сай болмайды,басқа болады.
Қысқарған сөздер.Мекемені өндірісті,ұйымды білдіретін,бірнеше сөздің тіркесінен құралған атаулардың қысқаруынан жасалған сөздерді қысқарған сөздер деп атайды.Қысқарған сөздердің де бірнеше жасалуы жолы бар:а.ылғи бас буындары алынып жасалған Нар-ком-прос,кол-хоз
ә.басқы дыбыстардан құралған ОК-Орталық Комитет б.буын мен әріптерден аралас жасалған (ҚазССР,ҚазПи).
Қос сөздер.Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан,я оның бір сыңарының,не бір буынының,не бір дыбысының өзгеріп қайталануынан,я өзгеріліп жасалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним,я антоним сөздерден салаласып құралады.
Қос сөздер туралы Ахмет Байтұрсынов: «Қос сөз дегеніміз-қосарынан айтылатын бір өңкей есімді сөздер» дейді.Қос сөз екі түрлі болады.Біреуі нәрсенің көбін қамтиды,екіншілері нәрселерді айыра айтады.Алдыңғысы жалпылағыш қос сөз,соңғысы жалқылағыш қос сөз деп айтылады.
Жалпылағыш қос сөздерге:аяқ табақ киім-кешек бұта- бұтанақ жер-су түйме-мүйе т.б.
Жалқылағыш қос сөздерге:жел -бау,қауға- шелек,асыл -бек,ес -құл,өмір -қожа,шеге- балға т.б.Жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айырылып та,айырмайда жазылатынын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет