Қазіргі заманның саяси жүйелері, оларды салыстырмалы талдау
Дәріс 8. Халықтық (тайпалық) жүйелер
Тайпалық жүйенің мысалы ретінде Африкада қоғам сан, пигмеи, тив, ибо, кикуйю, Австралияда аборигендер және индейцтер, Азияда дунсян, Солтүстік Америкада эскимостар мен индейцтер Оңтүстік Америкада индейцтер она және сирионо. Отбасы халықтық жүйенің негізгі түйіні ретінде. Аңшылар мен жинаушылар қоғамы. Аз өнімді егін шаруашылықпен аграрлы жүйелер жаңаша тирихта. Халықтық жүйелер шешімді қабылдау барысында теңдікке, бірлікке және келісімділікке негізделген «алғашқы қауымдағы табиғи демократия» ретінде.
Рулық, тайпалық жүйе - көнеден келе жатқан түркі мемлекеттігінің тірегі. Рулық, тайпалық жүйе ыдырауы түркілік мемлекетті басқарудың түркілік жүйесінің ыдырауына әкелетінін, оның орнына мемлекетті басқарудың абсолюттік билікке негізделген парсылық жүйесі қалыптасатынын кезінде В.В. Бартольд айтқан болатын.
Дәріс 9. Бюрократиялық авторитарлы жүйелер
Бюрократиялық авторитарлы жүйе саяси жүйе типтерінің бірі ретінде. Бюрократиялық авторитарлы жүйелердің тіршілік ету және таралу факторлары. Аграрлы және индустриаландырылған жүйелердің негізгі белгілері. Бюрократиялық мемлекет: даму тарихы және әлеуметтік жаңару бағыты.
Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемле-кеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді.
Достарыңызбен бөлісу: |