Философия және саясаттану факультеті



бет8/12
Дата15.02.2024
өлшемі155 Kb.
#491898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәрістер тезисі саяси режим және жүйе2012

Дәріс 10. Келісімдік жүйелер
Бюрократиялық авторитарлы жүйелердің трансформациясы және келісімдік жүйелерге өтуі. Билік етуші бюрократияның үлкендігі, полицияның жазалаушылығы, партиялық жүйенің жеткіліксіз институциализациясы, қуатты тәуелсіз кәсіподақтардың болмауы – плюралистік демократияның қалыптасуына немесе тиімді келісімдік жүйеге жол бермеу. Келісімдік саяси жүйенің қалыптасу шарттары. Келісімдік саяси жүйенің негізгі белгілері.
Сол сияқты, келісімдік саяи жүйелер қазіргі заманғы жүйеге тән болуда. Себебі, келісімдік жүйеде ен басты адамның құқы мен еркі ескеріліп, сол немесе басқада шашім қабылданады, аталмыш белгілер тікелей либералдық тәртіпке тән. Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді. Либерализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан (либералды фундаментализм) араласуға болмайтын (laisser-faire) әмбебап принциппен қорғалады. Демократиялық мемлекетте толық билікке азаматтық қоғам ортақтасады. Қоғамдағы әділеттілік заң үстемдігімен және барлық азаматтың заң алдында теңдігімен қамтамасыз етіледі. Либералды демократияның қоғам дамуының гуманистік бағыты ретінде орнығуы жаһанданудың саяси қырын құрайды және тұлғаны құқықтық қорғауға шүбәсыздық мәртебесін берумен байланысты.
Дәріс 11. Мобилизациялық жүйелер
Мобилизациялық саяси жүйе жүйелердің бір типі ретінде. Мобилизациялық саяси жүйелердің қағидалары. Мобилизациялық жүйенің негізгі белгілері. Мобилизациялық типтің популистік және элитистік саяси жүйелері (ел тануды талдауға бағытталған баяндама).
Мобилизациялық жүйенің белгілері тікелей социалистік жүйенің сипатына тең, яғни КСРО-ғы Сталин, Қытайдағы Мао, олардын негізгі көздеген саясаты қоғамда әлеуметтік теңдікті орнату.
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, ал мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:
а) ортодокстік марксизм, ол 20-ғасырда буржуазиялық қоғамды революциялық жолмен өзгерту және таптық күрес арқылы коммунизмді және оның төменгі сатысы болып табылатын социализмді орнатудың лениндік теориясына ұласты;
ә) марксизммен генетикалық түрғыдан байланысты әлеуметтік-демократиялық ілімдер;
б) ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде туындаған түрлі социалистік түсініктер, т.с.с. Социализмнің түрлі ілімдері негізінде қоғамның социалистік құрылысының үлгілері жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет