Философия пәнінен лекциялар тезистері


№7 - сабақ тақырыбы: Адам философиясы және құндылықтар әлемі



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата10.10.2022
өлшемі0.98 Mb.
#462322
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Философия п нінен лекциялар тезистері

№7 - сабақ тақырыбы: Адам философиясы және құндылықтар әлемі.
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.Адам және Ғалам. Зат әлемі. Адамды қарастырудың 
философиялық тәсілінің ерекшелігі. Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам 
мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы 
экзистенциалдық рефлексиясы.
Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға. 
Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық 
ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде пайда болған. Көрнекті 
өкілдерінің бірі – М.Хайдеггер (1889-1976) - неміс философы. 1927 ж. «Болмыс пен уақыт» 
кітабын шығарады. Бұл шығарманың өте ықпалды болуының себебі мұнда адамның белгілі 
жағдайға түсуі терең экзистенциалдық талдаудан өтеді. Бірақ сол кейінірек философ 
«Болмыс пен уақытқа» кіріспе жазып, ең басты назарды адамға емес, болмысқа аударады. 
Хайдеггерше, болмысты ұмыту Батыс философиясының тағдырына айналған, оны осы 
ұмытшақтығынан құтқару керек. Осы кезден бастап М.Хайдеггерге болмыс туралы ілім 
қалыптастыру өмірлік мақсатына айналады. М.Хайдеггер үшін философия - болмыс туралы 
ілім. Болмыс пен тірлік болу мүмкіндігі мен нақты бар болу бір емес. Болмыс - бар 
тіршіліктің өзгеру мүмкіндігі. Сондықтан болмыстың атойын тыңдау керек. Болмыс пен 
тірлік, мән мен мағына бір болмағандықтан, М.Хайдеггер Батыс философиясының 
классикалық философиясын сынап, «деструкция» ұғьмын енгізеді. Деструкция дегеніміз - 
философияның үйреншікті схемаларын бұзып, жаңаша пайымдау. Бұл тұрғыда, 
Хайдеггерше, ежелгі грек философтары ақиқатқа жақын болған. Сондықтан ол осы фи-


лософияның көп қағидаларын қайта жаңғыртады. Егер Декарт философиясы күмәндану 
бағытында дамыса, грек философиясы таңдану, таңырқау бағытында дамыған. Егер өмірді 
соқпақ жол деп есептесек, ол жолға аттану мен жол басына қайта оралудан тұрады. Ал 
жалпы болмыстың үйі - тіл. Ойлау процесі тіл арқылы жасалады. Тілсіз ой жоқ. Тіл сөйлеу, 
тыңдау, ұғыну қарым-қатынасынан тұрады.
Экзистенциализм көрнекті ағым ретінде ғасырымыздың 40-жылдарының басында Франция 
жерінде пайда болды. Бұл философиялық ағымның ерекшелігі - оның өкілдері шетінен 
жазушы, драматург, сыншы, қоғам қайраткерлері еді. 
Солардың ішінен Жан Поль Сартр (1905-1980) мен Альбер Камюді (1913-1960) жатқызуға 
болады. 
Жан Поль Сартр философ қана емес, француздың көрнекті жазушысы. Оның романдары – 
«Еркіндікке қарай жолдар», «Қабырға», «Бөлме», «Герострат сияқты бірнеше новеллалары 
әлемге әйгілі.
Ж.П. Сартрдың қарастырған негізгі мәселелерінің бірі- адам және оның еркіндігі 
болғандықтан, гуманизм проблемасын көтеріп, оны басқаша шешкен «Экзистенциализм - ол 
гуманизм» деген еңбегін атап өткеніміз жөн. Бұрынғы гуманистік идея бойынша адамның 
мәнін ашып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығару керек. Біз, амал нешік, 
күні бүгінге дейін осылай ойлаумен келеміз. Ал шындығында бұл көзқарас адамды тірі жан 
ретінде емес, оған зат деп қарауға әкеліп соғады. Өйткені біз күні бұрын бірдеңені, айталық, 
пышақты жасауды, оны қалай пайдалануды ойластырамыз. Яғни біз күні бұрын мақсат 
қоямыз. Пышақ - сол мақсаттың жүзеге асуы. Ал адам - зат емес. Оны күні бұрын жоспарлап, 
дайындап, белгілі бір мақсат ретінде жүзеге асыруға болмайды. «Адам деген ол өзін-өзі 
жүзеге асыру», сондықтан да ол өзіне өзі жауапкершілік артады, өйткені өзіне-өзі ерікті. 
«Адам дегеніміз – еркіндік». Адам сондай-ақ моральдік зандылықтарды қабылдауы немесе 
қабылдамауы мүмкін, ол өз еркінде. Өйткені оның өз моралі бар. Осыдан келіп адам - 
болашақ, болашақтың жобасы болып шығады.
Экзистенциализмді өзінше ілгері дамытып, романдары мен философиялық эсселерінде 
заманымыздың қайшылыққа толы көкейтесті мәселелерін көтерген ойшыл француз 
жазушысы Альбер Камю еді. Оның дүниежүзіне белгілі «Бөтен», «Сизиф туралы аңыз», 
«Бүлікшіл адам», т.б. шығармалары экзистенциализмнің өзіндік бір түрі дүниеге келгенін 
айқындайды. 
А. Камюдің көзқарасын абсурд (латын тілінде мағынасыз, қисынсыз) философиясы деуге 
болады. Осы абсурд философиясын үш кезеңге бөліп қараған жөн. Бірінші кезеңде 
абсурдтың пайда болып, қалыптасуы. Бұл кезең оның «Бөтен» деген повесі мен «Сизиф 
туралы аңыз» атты эссесінде толығынан баяндалған. Адам, оның еңбегі, күнделікті күйбең 
тіршілігі, барлық өмірі - абсурд. Абсурдтық ойлау, абсурдтық шығармашылық. Екінші кезең 
- абсурдқа қарсы күресу. Бұл мәселе оның «Оба деп аталатын романында көркем тілмен, 
терең оймен суреттелген. Бірақ күрес, обаға қарсы қолданған тәсілдер уақытша нәтиже беріп, 
жеңіске әкелгенімен түбінде оба тарататын сабау қүйрық тышқандар қайтадан бой көрсете 
бастады. Ендеше бұл күрес, қарсылық нәтижесіз, абсурдқа алып келе береді. Үшінші кезең 
күрес, әрекет, бүлік еш нәтиже бермеген соң «қуғында болу, «айырылысу. Осы кезеңнің 
мазмұнын «Құлдырау» деген повесі айқындап берді. Бұл дәуірде адамның жалғыздығын, 
тіршіліктен безушілігін қарастырумен қатар адам мен адамды жақындастыруды сағыну, 
аңсау сарыны бар. 
Экзистенциализм философиясын түйіндей келе, оның XX ғасырдың қайғы-қасыретін, 
адамның басына түскен ауыртпашылықты терең ой, көркем тілмен суреттеп бергенін атап 
өткен жөн. Сондықтан да бұл философия адам, оның өмір сүруі мен өмірі туралы философия 
деуге әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет