Ұңғыма бекітілуі. Кенорында қолданылатын ұңғыма конструкциясы



бет16/26
Дата01.07.2022
өлшемі1.29 Mb.
#459572
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Жанерке

Динамикалық сорғы – кірісі мен шығысына тікелей қатысты орналасқан жұмысшы камерасындағыжұмысшы органдардың әсер ету күші арқала сұйық зат тиісті энергияға ие болатын сорғылар. Бұл топқа қалақшалы (ортадан тепкіш, диагоналды, осьті) құйынды сорғы, ағынша сорғысы, дірілді сорғылар және ауалы сукөтергіштер жатады. Негізінен өндіріс орындарын жабдықтайтын бұл сорғылардың жалпы өнімділігі 0,001-40 м3/с, ал арынды сорғыларда 2,5-2000 м аралығында болады.
Қалақшалы сорғы – айналып тұрған жұмысшы доңғалақтардың қалақтары арқылы сұйықтыққа механикалық энергия беретін сорғы. Жұмыс атқару принципіне және жұмыс органдарының құрылысына қарай динамикалық сорғылар тобына жатады.
Қалақшалы сорғылар жұмысшы доңғалағы қалақтарының ағынды сұйыққа тигізер әсеріне және сұйықтық бағытының біліктің осьтік айналу қатынасына байланысты ортадан тепкіш, осьтік және диагональды болып бөлінеді.
Қалақшалы сорғы жерді гидромелиорациялауда, сутоспа құрылысында, шаруашылықтарды сумен қамтуда, ақаба су жүйелерінде және тасымалдау станцияларында кеңінен қолданылады.
Көлемдік сорғы – кірісі мен шығысына алма-кезек қатысты және көлемі өзгеріп тұратын жұмысшы камератсындағы жұмыс органдардың әсер ету күші арқылы сұйық зат тиісті қуатқа ие болатын сорғы. Көлемдік сорғыларға: поршенді, роторлы, өтпе қанатшалы, диафрагмалы, иірлік сорғы және шынжырлы, таспалы, шөмішті сукөтергіштер жатады.Көлемдік сорғылар гидромелиорациялық жұмыстарда, гидротехникалық құрылыстарда, бұрғылау қондырғыларында, бетон қоспасын және цемент ертіндісін беруде, мелиорациялық құрылыс машиналарының механизмдері мен технологиялық жүйелерін жабдықтауда және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде қолданылады. Көлемдік сорғылардың өнімділігі 0,01-800м3/сағ, арынды 25-25000 м аралығында.
Сорғылар жұмыс істеу тәсіліне байланысты бөлінеді:
а) ортадан тепкіш сорғылар, мұнда сорып алу мен ағынды тудыру жұмыс доңғалағын айналдырғанда пайда болатын центрден тартқыш күштердің әсерінен жүреді; Ортадан тепкіш сорғылар жұмысшы доңғалақ айналғанда пайда болатын ортадан тепкіш күштердің әсерінен сұйықтарды қотарады және арынды айдайды;
б) остік (қалақты) сорғылар, жұмыс ағзасы ретінде пропеллер типті лопасты доңғалақтар қызмет етеді. Бұл насостағы сұйықтық доңғалақтың айналу осі бойында орналасады; Осьтік сорғылар жұмыс органы қалақшалы доңғалақ пропеллер түрінде болады Бұл сорғыларда сұйықтық жұмысшы доңғалақтың осі бойлай қозғалады.
в) поршенді және білікті сорғылар, мұнда сұйықтық поршеннің немесе біліктің ілгерімелі-қайтымды қозғалысы бойынша қозғалады. Мұндай топқа поршенді сорғының ең қарапайым түрі – жұмыс ағзасы ретінде ілгерімелі-қайтымды қозғалысын жүзеге асыратын резенкелі немесе былғары диафрагма қызмет ететін диафрагмалы сорғыларды келтіруге болады;
Поршенді сорғылар элетроқозғалтқыш арқылы айналады да, кривошипті-шатуды механизм жәрдемімен поршен цилиндр ішінде ілгерінді-кейінді жылжиды. Білікті оңнан солға қарай жылжығанда цилиндр ішінде қысым пайда болады. Соның салдарынан сору клапаны жабылып үрлеу клапаны ашылады. Сұйық үрлеу клапаны арқылы айдау құбырына ығыстырылып шығарылады. Негізгі кемшілігі жұмыстың инерциондығы және сұйықты берудің біркелкеместігі.
г) Гидравликалық тарандар, гидравликалық соққы энергиясы есебінен жұмыс істейді;
д) Ағыншалы сорғылар, мұнда сұйықтықтың ауысуы будың немесе газдың, сұйықтықтың көмекші ағын энергиясының есебінен жүзеге асырылады;
е) эрлифттар (ауа су көтергіштері), мұнда жұмыс денесі қысылған ауа болып табылады.
Тағайындалуына байланысты мен істеу принципі бойынша сораптардың конструктивті жасалуы әр түрлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет