Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты


Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық күтіп ұстауға және



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі341 Kb.
#131206
1   2   3   4   5
3.5. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық күтіп ұстауға және

куәландыруға қойылатын талаптар

 

48. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігі мен сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында объектілердің ерекшеліктері мен өндірістік процестердің спецификаларын есепке ала отыра, ведомстволық (салалық, объектілік) ережелер мен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық ұстау бойынша нұсқаулықтар әзірленеді.

49. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық ұстау бойынша ережелер мен нұсқаулықтар осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып әзірленеді.

50. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға енгізген сәттен бастап әрбір объектіде техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеулерін жүргізу ұйымдастырылады.

51. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуді тек объектінің тиісті дайындықтан өткен немесе мамандандырылған ұйымдарымен шарт бойынша (бұдан әрі - Орындаушы) мамандары ғана орындайды.

52. Мамандандырылған ұйымдармен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған шарттың болуы объект басшысынан осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау жауапкершілігін алып тастамайды.

53. Ішкі істер органдарының ведомстволық бағыныстағы мамандандырылған бөлімшелері күзететін объектілерде техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-сақтық жөндеулері мен өрт-күзет сигнал беру жабдықтарының қондырғыларын пайдалану ведомстволық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылу қажет.

54. Өрт автоматика жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуге:

1) жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу;

2) ақаулықтарды жою және ағымдағы жөндеуді жүргізу;

3) орындаушының Тапсырыс берушіге дұрыс пайдалану жөнінде көмек көрсетуі кіреді.

55. Техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулерінің кезеңділігі қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттарының талаптарына сәйкес жинақтау-баптау жұмыстарын қабылдап алу-тапсыру кезеңінде белгіленеді және шартта көрсетіледі.

56. Білікті пайдалану және өрт автоматика жүйелері мен қондырғыларын техникалық ақаусыз күйде ұстап тұру үшін объектіде басшының бұйрығымен мынадай мамандар:

1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға;

2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін оқудан өткен мамандар (мамандандырылған ұйымдармен шарт болмаса);

3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының күйін бақылауға, сондай-ақ өрт бола қалған жағдайда өртке қарсы күрес қызметін шақыруға арналған жедел (кезекші) маман тағайындалады.

57. Қызмет көрсету мамандары үшін объектілерде «Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану бойынша нұсқаулықтар» және «Кезекші (жедел) мамандарға арналған нұсқаулықтар» әзірленеді.

58. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға:

1) осы Техникалық регламенттің талаптарының орындалуын;

2) шарт бойынша жұмыстардың кестесі мен күнтізбелік жоспарға сәйкес техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулер бойынша жұмыстарды бақылау мен қабылдап алуды;

3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын уақытында техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулерін жүргізуді ұйымдастыру жолымен жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұруды;

4) қызмет көрсету және кезекші мамандарды, сондай-ақ қорғалатын орындарда жұмыс істейтін тұлғаларды өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары жұмыс істеген кездегі әрекет бойынша нұсқаулықтарға оқытуды;

5) қажетті пайдалану құжаттамасын әзірлеуді және оны жүргізуді;

6) мынадай:

дайындаушыларға - өрт автоматика жүйелері мен қондырғыларының кешенді емес немесе осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарына, белгіленген тәртіпте бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес келмейтін техникалық құралдары мен жабдықтарын жеткізген кезде;

жинақтау ұйымдарына - сапасыз жинақтауды және жобаның әзірлеушілері мен өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның тиісті бөлімшелерімен келісілмеген, жобалық құжаттамадан бас тартуды анықтаған кезде;

қызмет көрсету ұйымдарына - өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуді уақытында жүргізбегені және сапасыз жүргізгені үшін наразылықтарды уақытында беруді қамтамасыз етуге міндетті.

59. Объектінің қызмет көрсету маманы немесе Орындаушы объектіде жинақталған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрылғысы мен жұмыс принципін білуге, осы Техникалық регламенттің талаптарын, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды білуге және орындауға, регламенттік жұмыстарды белгіленген мерзімде жүргізуге және тиісті пайдалану құжаттамасын жүргізуге міндетті.

60. Жедел (кезекші) мамандар:

1) жедел мамандарға (кезекшіге) арналған нұсқаулықты;

2) кәсіпорында жинақталған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жабдықтары мен аспаптарының тактикалық-техникалық сипаттамаларын және олардың әрекет ету принциптерін;

3) қондырғылармен қорғалатын (бақыланатын) аймақтардың атауын, арналуын және орналасқан жерін;

4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қол режимінде іске қосу тәртібін;

5) жедел құжаттаманы жүргізу тәртібін;

6) объектіде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігінің күйін бақылау тәртібін;

7) өртке қарсы қызметті шақыру тәртібін білуі міндетті.

61. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықталған объектіде мынадай құжаттамалар:



1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған жобалау-сметалық құжаттамасы;

2) орындау құжаттамалары (жұмыс сызуларының кешені), жасырын жұмыстардың (бар болғанда), сынақтар мен өлшеулердің актілері;

3) қондырғыны пайдалануға қабылдап алу актісі;

4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралдарға арналған паспорттар;

5) жинақталған жабдықтың ведомосі;

6) газ өрт сөндіру қондырғыларының (олар бар болғанда) баллондарын өрт сөндіру құралдарымен зарядтауға арналған паспорттар;

7) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану бойынша нұсқаулық;

8) техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс регламенті;

9) техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеулерінің жоспар-кестесі;

10) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуі бойынша жұмыстардың есебін жүргізу журналы;

11) жедел (кезекші) маманның кезекшілік кестесі;

12) жедел маманның кезекшілігін тапсыру-қабылдап алу журналы;

13) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының ақаулықтарын есепке алу журналы;

14) газ өрт сөндіру қондырғыларына арналған өрт сөндіру құрамы бар баллондарды өлшеу журналы (олар бар болса);

15) кезекші және қызмет көрсету мамандарының, техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулықтары, техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар;

16) хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйелерін пайдаланып адамдарды эвакуациялау бойынша мамандардың дайындығын жүргізу журналы (олар бар болғанда) болуы міндетті.

62. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары үнемі жұмыстың кезекші (жобалық) режимінде болу қажет.

63. Жүргізілуі өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын ажыратуға байланысты болатын техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде объект әкімшілігі өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен қорғалатын объектілерінің өрт қауіпсіздігін өтелетін шаралармен қамтамасыз етуге міндетті.

64. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралдарға арналған құжаттамаларда айтылған қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмыстары істен шыққанда оларды одан ары арналуы бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында барлық жүйелер мен қондырғыларға техникалық куәландыру жүргізіледі.

65. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды Тапсырыс берушінің, Орындаушының, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның тиісті бөлімшелерінің және қажетті жағдайда басқа ұйымдардың мамандарының міндетті қатысуымен комиссия жүргізеді.

66. Куәландырудың нәтижелері тиісті актімен (қорытындымен) ресімделеді.

67. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жай-күйіне қарай комиссия:

1) қазіргі өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын одан ары пайдалану мүмкін болмаған жағдайда жаңа жүйелер мен қондырғыларды жинақтауды орындауға;

2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жекелеген техникалық құралдарына жөндеу жүргізуді;

3) келесі куәландыру мерзімін белгілеп, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануды ұзартуды ұсынуы мүмкін.

68. Өрт автоматикасының жаңартылатын жүйелері мен қондырғыларының сәйкестігін бағалау осы Техникалық регламенттің 3.4-бөлімінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.



 

4. Өнімнің қауіпсіздігіне және оны пайдалану процесстеріне қойылатын талаптар



 

4.1. Жалпы талаптар

 

69. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары жүйелері мен қондырғыларына ұсынылатын қауіпсіздікке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әзірленеді және нақты типті және модификацияның өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.

70. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары электр жабдықтау сенімділігі бойынша ӨАЖҚ бойынша 1-санатты ток қабылдағыштармен қамтамасыз етіледі.

71. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының электр жабдықталуы мен құбыр жолдары жерге қосылады (нөлденеді). Жерге қосу белгісі мен орнын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес белгілейді.

72. Сорғы станциялары немесе өрт орындары үй-жайларында орнатылған басқару түйіндері мен қолмен іске қосу крандарын қоспағанда, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын басқару түйіндері мен қолмен іске қосу крандары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршайды және пломба салады.

73. Қорғалатын үй-жайларда орналасқан автоматты өрт сөндіру қондырғыларын басқару түйіндері осы үй-жайлардан 0,72 сағ. отқа төзімділік шегімен өртке қарсы қоршаулармен және ара жабындармен, қорғалатын үй-жайлардан тыс - шынылайды немесе тор ара жабындармен бөлектейді.

74. Ілгекті құрылғылар (ысырмалар, шұралар, крандар) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарының эргономикалық талаптарына сәйкес келуге және сұйықтық ағынының бағытының көрсеткіштерімен (меңзерлермен) және «АШЫҚ» және «ЖАБЫҚ» деген жазулармен жабдықталуы тиіс және автоматты өрт сөндіру қондырғыларын абайсызда немесе өз еркімен қосылу немесе ажыратылу мүмкіндігін болдырмайды.

75. Автоматты өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен жұмыс істеуге тек қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша арнайы нұсқаулық пен оқудан, қауіпсіздік ережелері мен орындалатын жұмысына қатысты лауазымына сәйкес нұсқаулықты білуін тексеруден өткен тұлғалар жіберіледі.

76. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын пайдаланған кезде:



1) автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарын қандай да бір жабдықты ілу немесе бекіту үшін пайдалануға;

2) автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарына өндірістік жабдықтар мен санитарлық аспаптарды қосуға;

3) автоматты өрт сөндірудің спринклерлік қондырғыларының құбыр жолдарында орнатылған ішкі өрт крандарын өртті сөндіруден басқа мақсаттар үшін пайдалануға тыйым салынады.

77. Өрт сөндіру мен басқару түйіндерінің сорғы станцияларының үй-жайларында сорғы қондырғысының негізді сұлбасына сәйкес сорғылар, басқару түйіндері, ысырмалар мен басқа жабдықтар нөмірленген сұлба іледі.

78. Сорғы станциясының үй-жайларында жұмыс және апатты жарық беру, сондай-ақ өрт орнымен (диспетчер бөлмесімен) телефон байланысы қарастырылады.

79. Сынақтар немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу орындарында «Сынақтар жүргізілуде!» деген түсіндірме жазуы бар «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес «Абайлаңыз! Басқа да қауіптіліктер» деген ескерту белгілері орнатылады, сондай-ақ қауіпсіздік нұсқаулары мен ережелері ілінеді.

80. Көбік түзушіні сақтауға арналған үй-жай Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

81. Радиоизотопты өрт хабарландырушылары «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға» СанЕжН 5.01.030.03 және «Сәулеленуді иондаушы санитарлық ережелер. Радиациялық қауіпсіздік. Радиациялық қауіпсіздік нормалары» СЕ 2.6.1.758 сәйкес келуге тиіс.



Радиоизотопты өрт хабарландырушыларының беттерінде гамма және рентген сәулеленудің балама дозасының қуаты 3 мкЗв аспауы қажет.

Альфа- және бета- сәулеленуі бар радиоизотопты өрт хабарландырушыларының белсенділігі 185 кБк аспауы қажет.

 

4.2. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысына қойылатын жалпы талаптар



 

82. Өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының (бұдан әрі - қондырғылар) конструкциялық шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және:

1) климаттық әсерлерге тұрақтылығы бойынша орындалу санаты;

2) сейсмикалық және діріл бөлігінде;

3) беріктігі мен қымтақтығы бөлігінде нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірлейді.

83. Қондырғылар:



1) өрттің дамуының алғашқы сатысында жұмыс істеуін;

2) әрекетке жедел күштер мен құралдарды енгізуге қажетті уақыт ішінде өртті жайылтпауды;

3) өрт сөндіру заттарын берудің беттік немесе көлемдік тәсілімен оны жою мақсатында өртті сөндіруді;

4) өрт сөндіру заттарын берудің және (немесе) концентрациясының қажетті қарқындылығын;

5) атқарымдылықтың қажетті сенімділігін (жайылтпау немесе сөндіру) қамтамасыз етуі қажет.

84. Қондырғылар:



1) өрт және оның туындау орны туралы дыбыстық және жарықтық хабарландыру беру;

2) қондырғының жұмысқа қабілеттілігін, ішінде өрт сөндіру заты бар толтырылған құбыржолдар мен ыдыстардың қысымын (деңгейін) және (немесе) өрт сөндіру затының салмағын бақылау;

3) газды және (немесе) құбыржолдарды жууға (үрлеуге) және сынақтар жүргізуге арналған сұйықтықты жеткізу;

4) оларды орналастырған кезде берілген биіктік кезінде суландырғыштар мен құбыржолдарды жинақтау мен қызмет көрсетуге арналған;

5) өрт ғимаратынан адамдарды эвакуациялауға қажетті уақытқа газды және ұнтақты өрт сөндіру заттарын беруді ұстап тұратын құрылғымен жабдықталуы қажет.

85. Өрт сөндірудің автоматты қондырғылары көлемдік өрт сөндіру кезінде:



1) қажет жағдайда қорғалатын ғимаратқа өрт сөндіру заттарын шығаруға дейін аралас ғимараттарға ойықтарды желдету мен бөгеуді автоматты өшіру;

2) есіктердің өздігінен жабылуы;

3) адамдарды эвакуациялауға қажетті уақытқа қорғалатын көлемге өрт сөндіру заттарын беруді ұстап тұру командалық импульстарын қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек.

86. Қорғалатын үй-жайдың ішіндегі өрт сөндірудің көлемдік (ұнтақты, газ) қондырғылары жұмыс істеген кезде «Газ (көбік, ұнтақ) - жолама!» деген жарық таблосындағы жазу түріндегі сигнал және хабарлаудың дыбыстық сигналы берілуі қажет. Қорғалатын үйге кіруде «Газ (көбік, ұнтақ) - кіруге болмайды!» деген жарық таблосындағы жазу түріндегі сигнал, ал кезекші маманның орнында - өрт сөндіру затының берілгені туралы ақпараты бар тиісті сигнал берілуі қажет.

87. Спринклерліктен басқа өрт сөндіру автоматты қондырғылары қол:

1) арақашықтық іске қосумен - қорғалатын ғимаратқа кіре берісте орналасқан құрылғыдан бастап және қажет жағдайда - өрт орнынан бастап;

2) жергілікті іске қосумен - қорғалатын аймақтың ішінде орналасқан ілгекті-іске қосу түйінінде және (немесе) өрт сөндіру станциясында орнатылған құрылғыдан бастап жабдықталуы қажет.

88. Қолмен іске қосу құрылғысы оларды кездейсоқ әрекетке келтіруден және механикалық бүлінуден қорғалуы және жану аймағынан тыс болуы керек.

89. Өрт сөндірудің роботтандырылған қондырғылары:

1) қондырғының жұмыс аймағында адамның тікелей қатысуынсыз ошақтан тыс өртті анықтау және жою немесе таралуын шектеуді;

2) қондырғыны арақашықтық басқару және қондырғының жұмыс орнынан операторға ақпаратты беру мүмкіндігін;

3) өрт пен жарылыстың қауіпті факторларының әсерлері, радиациялық және химиялық әсері жағдайларында олардың өз функцияларын орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

90. Өрт сөндірудің автоматты жүйелерінің қоздырушылары қорғалатын аумақта үйдің кез келген нүктесінен өртті уақытында анықтауды қамтамасыз ететіндей орналасуы керек.

91. Өрт сөндірудің автоматты жүйелерінің жұмыс істеуі объектінің ғимараттарында және ашық алаңдарда өрттің және (немесе) жанғыш материалдардың жарылысының туындауына әкеп соқпауы керек.

92. Өрт сөндіру затын өрт ошағына беру тәсілі жанғыш материалдарды төгу, шашырату немесе тозаңдату салдарынан өрт алаңының ұлғаюына әкеп соқпауы қажет.

93. Технологиялық жабдықтың өрттен қорғау стационарлық қондырғылары басқа қондырғыларды пайдалану мақсатқа лайық болмайтын немесе техникалық мүмкін болмайтын ғимараттар мен құрылыстарда пайдаланылуы қажет.

94. Өрт сөндіру заттарының түрі, оларды берудің қарқындылығы, өрттен қорғаудың стационарлық қондырғыларына арналған өртке қарсы жабдықтардың типі қорғалатын объектінің ерекшеліктеріне, түріне және өрт жүктемесінің орналасуына қарай анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын есепке ала отырып, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелерінің нұсқауларына сәйкес келуі қажет.

95. Қондырғылар бір мезгілде автоматты өрт сигнал беру жабдығының функцияларын орындауы керек.

 

4.3. Су өрт сөндіру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар



 

96. Қондырғылар суландырғыштың типіне байланысты:

1) спринклерлік;

2) дренчерлік болып бөлінеді.

97. Спринклерлік қондырғылар:



1) сумен толтырылған;

2) ауа;

3) су-ауалы болып бөлінеді.

98 Дренчерлік қондырғылар жетегінің түріне қарай:



1) электрлік;

2) гидравликалық;

3) пневматикалық;

4) механикалық;

5) құрама болып бөлінеді.

99. Қондырғылар жұмыс істеу уақыты бойынша:



1) 3 с. аспайтын жұмыс істеу ұзақтығы бар жылдам әсер ететін;

2) 30 с. аспайтын жұмыс істеу ұзақтығы бар орташа инерциялы;

3) 30 с. бастап 180 с. дейінгі жұмыс істеу ұзақтығы бар инерциялы болып бөлінеді.

100. Қондырғылар әрекет етуінің ұзақтығы бойынша:



1) әрекет етуі 30 мин. аспайтын орташа ұзақтықты;

2) әрекет етуі шамамен 30 мин. бастап 60 мин. дейінгі ұзақ ұзақтықты болып бөлінеді.

101. Қондырғылар әрекет ету уақыты бойынша қорғалатын алаңда суландырудың берілген екпінін қамтамасыз етуі қажет.

102. Қондырғылар белгіленген тәртіпте бекітілген есептік шығын мен арынды қамтамасыз ететін автоматты суқоректендіргішпен немесе суқоректендіргішке арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес негізгі суқоректендіргішті қосқанға дейін қысым асты күту (бақылау) режимінде қондырғыны ұстап тұратын импульсты құрылғымен жабдықталады.

103. Қондырғылар үшін электр қоректенудің мынадай параметрлері:



1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тұрақты және ауыспалы тоқ желілерінің кернеуі;

2) кернеудің тербелісі минус 15 % бастап плюс 10 % дейін;

3) ауыспалы тоқтың жиілігі шамамен (50 + 0,1) Гц қабылданады.

104. Қондырғылардың қалтқысыз жұмыс істеуінің ықтималдылығының есептік мәні әзірлеу сатысында 0,924 кем болмауы қажет.

105. Күрделі жөндеуге дейін қондырғылардың орташа қызмет мерзімі 10 жылдан кем болмауы қажет.

106. Қондырғылар:



1) берілген қысымда және оларды арқаулар мен аспаптарға қосуда құбыр қосылыстарының беріктігі мен қымтақтығын;

2) құбырлардың тірек құрылмалары мен сол құрылмалардың негіздерде сенімді бекітілуін;

3) оларды қарау, сондай-ақ шаю мен үрлеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

107. Қондырғыларда олардың сенімділігіне ықпалын тигізетін сызаттардың, жаншықтардың және тағы басқа ақаулардың болуына жол берілмейді.

108. Дренчерлік қондырғылардың автоматты режимнен қолмен іске қосуға уақытша ауысуы өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның бөлімшелерімен келісіп қана жүргізуге рұқсат етіледі.

109. Басқару түйіндерін орналастыру, құбыржолдарды жинақтау ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

110. Қондырғыларда автоматты суқоректендіргіш немесе импульсты құрылғы ретінде қолданылатын ыдыстар белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы қажет.

111. Қондырғыларды электрмен басқару:



1) жұмыс сорғысын автоматты іске қосуды;

2) жұмыс сорғысы жұмыс істеудің белгіленген уақыты ішінде өрт сөндіру режиміне іске қосылудан немесе шығуынан бас тартқан жағдайда резервтік сорғының автоматты іске қосылуын;

3) арынды арқаулардың электр жетектерін автоматты басқаруды;

4) басқару шынжырларының жұмысшыдан электр энергиясымен қоректенудің резервтік көзіне автоматты ауыстырып-қосуын қамтамасыз етуі қажет.

112. Қондырғылардың өрт сөндірудің сорғы станциясының үй-жайында сорғыларды қолмен ажырату құрылғысы болуы қажет.

113. Қондырғының сорғы станциясы үй-жайында:

1) электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік енгізуінде кернеудің және фазалардың жерге тұйықталуының (шақыру бойынша) болуы туралы;

2) сорғыларды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;

3) сұйық қоймадағы апатты деңгей туралы;

4) дренажды шұңқыршадағы апатты деңгей туралы жарық сигнал беру жабдығы қарастырады.

114. Қондырғының атқарымдығын тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын мамандары бар үй-жайда:



1) қондырғының жұмыс істеуі туралы (бағыты бойынша шарт белгіні ашумен);

2) сорғылардың автоматты іске қосылуын бұғаттау туралы;

3) қондырғының ақаулы екені туралы (автоматты суқоректендіргіште немесе импульсты құрылғыда қысымның түсуі, сұйық қоймадағы немесе дренаждық шұңқыршадағы судың апатты деңгейі, электр басқару желілерінің арынды құрылғылармен бұзылуы, электрмен жабдықтаудың негізгі енгізуіндегі кернеудің жоғалып кетуі туралы жалпы сигнал);

4) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығы қарастырады.

115. Жинақтау аяқталғаннан кейін басқару түйіндерінің:



1) түйін мен оның нөмірінің атауы;

2) бағытының нөмірін;

3) қорғалатын үй-жайдың атауы;

4) суландырғыштың типі мен саны;

5) таңғыштың функционалды сұлбасы мен от сөндіру қондырғысының негізді сұлбасы;

6) от сөндіру затының берілу бағыты;

7) қондырғыны жұмысқа қосу тәсілі көрсетілген табличкасымен жабдықталады.

116. Қондырғылардың құбыр жолдары «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес боялады.



Қондырғылардың басқару түйіндері «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптарына сәйкес қызыл түске бояйды.

Жабынның класы Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес.

117. Суландырғыштарды, хабарландырушыларды, жылу құлыптарын бояуға жол берілмейді.

118. Қондырғылар объектіде үлестіру құбыр жолдарында жинақталған қондырғылар санының 10 % кем болмайтын және сынақтар жүргізу үшін 2 % кем болмайтын суландырғыш запасымен қамтылады. Ашылған және ақаулы суландырғыштарын орнына тығындар мен бұқтырмаларды орнатуға тыйым салынады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет