Финансовый анализ


Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары



бет6/8
Дата19.05.2022
өлшемі345.5 Kb.
#457886
1   2   3   4   5   6   7   8
Сәтбек Қ.Ж. Жас ерекшелік педагогикасы

Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары.

Шын тәрбие процесінде әлістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол жылжымалы болады. Тәрбие тәсілдерін екіге бөлуге болады:

  • Дамуды қолдайтын: сенім, мадақтау, көңіл бөлу, өтініш, пікір алмасу, ықыласпен тыңдау, қызықты іспен қамту, моральды қолдау табу, т.б.
  • Дамуды қолдамайтын немесе тежеу тәсілдері: жарлық беру, кекету, ұрсу, жақтырмау, жазалау, ескерту, ашулану, немқұрайлы қарау, әшкерелеу, т.б.
  • Осы көрсетілген тәрбие әдістері, тәсілдерінің іс-әрекет арқылы жүргізілуі тәрбие әдістері, тәсілдерінің іс-әрекет арқылы жүргізілуі тәрбие құралдары болып табылады.Шындығында педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке деген сүйіспеншілігінен шығады. Қатынас арқылы ұстаз шәкіртпен рухани, әлеуметтік қатынас туралы пікірлеседі. Педагогикалық қатынаста ұстаз да, шәкірт те бір-біріне құнды, бай ақпарат, хабарлар береді. Ұстаз әр баланың жас және дербес ерекшелігін ескеріп, сол тілде қатынас жасайды.

Адамгершілік және азаматтық тәрбие

  • Адамгершілікті мемлекет қайраткерлері, ғалым ұстаздар, көсемдер, небір жақсылар уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы, сезімді, саналылықты, инабаттылықты, салауаттылықты, адалдықты, шыншылдықты, т.б. насихаттаған. Адамгершілік тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып табылады. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады. Сондықтан да біз адамгершілік тәрбиені осылардан бастағанды жөн деп отырмыз.
  • «Мораль (латыншасы моралис, қазақшасы — әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.)бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз—адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы.

Балалар ұжымы туралы түсінік


Оқушылардың эстетикалық қабылдау түрлі жағдайда өтеді:
а) Табиғат аясында. Табиғаттағы әсемдікті қабылдауға тәрбиелеу біршама жеңіл. Табиғат аясына саяхат жасау, назарын табиғат тамашаларына аудара отырып, оқушылардың бойында ерекше рухани серпін, сүйсіну, сезім туғызып, туып өскен табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін нығайтуға болады. Табиғат балаларға күшті эмоциялық әсер етіп, сүйінішін туғызады.
б) Қоршаған ортаның әсемдігін балаларға көрсетіп, әсемдікті қабылдату да онша қиын соқпайды. Бұл күнделікті отбасындағы, мектептегі, ауладағы тазалық, тәртіп мектептің ішінің безендірілуі, үй жиһаздарына тәуір көрініс беру, жұмыс істейтін жердің ыңғайлылығы, т.б. бұл көрініс те эстетикалық қабылдауға жатады.
в) Оқушыларды өнерге үйрету, өнерді қабылдауға тәрбиелеу күрделі. Себебі өнерді қабылдау үшін өнерге деген сезім болуы керек. Мысалы, көре білу, тыңдай білу. Оның үстіне еңбектену, үйрену керек. Бұл көрінгеннің қолынан келе бермейді. Ол үшін арнаулы даярлық қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет