Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



бет9/11
Дата29.06.2016
өлшемі2.05 Mb.
#165643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Аттестаттау туралы № ___ куәлік
___________________________ облысының (республикалық маңызы бар

қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының 20___ жылғы «__»

___________ № ____ шешiмi негiзiнде__________________________________

____________________________________________________________________

(ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорты)

тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн – тек тұқым сату) жөнiндегi

___________________________________________________________

(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)


мәртебесi берiлген___________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)


Басшының Т.А.Ә. ______________________ ____________________

(қолы)


Лауазымы ___________________________________________________________

Берiлген күнi: 200__ жылғы «___» ______________________________________

М.О.

200__ жылғы «___» ______________________________________дейiн жарамды.



«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша


 ___________________________ облысының әкiмiне

(республикалық маңызы бар қаланың,

астананың)

____________________________________Т.А.Ә.

_________________________________________

_________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.) 


Өтініш
Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргiзудi және ________________________

____________________________________________________________________

(ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорты)

тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн – тек тұқым сату) жөнiндегi ___________________________________________________________

(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)

мәртебесiн берудi сұраймын.

Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:

1. Меншiк нысаны _________________________________________________

2. Құрылған жылы _________________________________________________

3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу, қайта тіркеу туралы куәлiгi немесе

жеке тұлғаның жеке куәлiгi______________________________________________________________

____________________________________________________________________

(№, кiм және қашан бердi)

4. Мекен-жайы:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №, телефон, факс, e-mail)

5. Басшының Т.А.Ә.________________________________________________

6. Банк деректемелері _____________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(СТН, БАА, шот №, банкiнiң атауы және тұрған жерi)

7. Қоса берiлiп отырған құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(бiлiктiлiк талаптарға сәйкес)

Басшы _________________ ________________________________

(қолы) (Т.А.Ә.)

М.О.
200__ жылғы «___»_________________

Өтiнiш қарауға 200__ жылғы «___» ___________ қабылданды._________________________________________________________

(өтiнiшті қабылдаған жауапты адамның Т.А.Ә.)

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша


Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Бірегей тұқым өндірушілер қойылатын біліктілік талаптарына мыналар енеді:

1) бірегей тұқым өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістігінің) болуы;

2) бірегей тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;

3) соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы сүрі жерлердің (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне бұл талап қолданылмайды; астық үшін жыртылған ауыспалы егісті көпжылдық шөптердің жер қыртысымен алмастыруға жол беріледі):

шаруашылық бойынша орташа есеппен – кемінде 20 пайыз;

тұқым шаруашылығы бастапқы звеноларының учаскелерінде (іріктеу, көбейту питомниктері) – кемінде 50 пайыз көлемінде болуы;

4) тұқым шаруашылығының егістіктерінің жалпы егістік алқапта 30 пайыздан кем болмауы;

5) бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша жұмыс тәжірибесі 6 жылдан кем болмауы;

6) жоғары деңгейлі сорттық агротехниканың болуы;

7) бірегей тұқым өндірушілердің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушілердің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңде де болмауы тиіс;

8) бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар дақыл жөніндегі селекционер мамандардың болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірегей тұқым өндіру жөніндегі бірлескен жұмысты жүзеге асыруға жасалған шарттың болуы;

9) әрбір дақыл бойынша кемінде бір агроном-тұқымшының және маманның, сондай-ақ дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстың ерекше әдістерін білетін техникалық персоналдың кемінде үш адамының болуы;

10) дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін схемаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндіруді қамтамасыз ету;

11) элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті түрлерде және көлемде сорттың негізгі тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің тұқымын өндірушілер үшін аналық екпелердің) болуы;

12) қажеттілікке қарай тұқым сақтандыру қорларының болуы:

бастапқы буындардың негізін қалау үшін - 100 пайыз;

суперэлита үшін - 50 пайыз;

13) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерінің бірегей тұқымын өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;

14) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, қойма бөлмелерінің (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының), тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы ыдыстың жеткілікті болуы;

15) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша жүргізілетін бірегей тұқым өндірісіне, өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс, сұрыптаулықтар, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар) актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті), тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына) есеп жүргізу;

16) сортты шығару әдісі, ата-аналық нысандары мен сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт бойынша құжаттаманы жүргізу;

17) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының сақталуын алты жылдан кем емес мерзім ішінде қамтамасыз ету;

18) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалдық-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.

2. Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) соңғы үш жылда жыртылған жер құрылымындағы сүр жерлер алқабының болуы (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне талап қойылмайды; ауыспалы егісті астық алқабына сүр жерді көпжылдық шөптер егілген топырақ қабатымен алмастыруға рұқсат етіледі) – 20 пайыздан аспайды;

2) элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір айналымнан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;

3) жоғары деңгейлі сорттық агротехниканың болуы;

4) жалпы егіс алқабындағы тұқымдық егістік жер көлемінің болуы - 25 пайыздан кем емес;

5) соңғы үш жылдағы өнімділік – орташа облыстық көрсеткіштен жоғары;

6) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы – төрт жылдан кем емес;

7) жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз етуі – 25 пайыздан кем емес;

8) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақыл саны – 4-ден аспайды;

9) аттестаттау талабына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны – 3-ден аспайды;

10) суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қорының болуы – 50 пайыз;

11) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;

12) аудандастырылған сорттар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;

13) тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру;

14) аудандастырылған және перспективті сорттардың негізгі тұқым материалдары (бірегей тұқым) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіруге қажетті түр мен көлемде болуы;

15) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жылда элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін қажетті түр және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушілермен жасалған шарттың болуы;

16) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалармен элиталық тұқым өндірісі ілеспесіне келісімнің болуы;

17) элиталық тұқым өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;

18) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін қойма бөлмелерінің болуы;

19) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті) есеп жүргізу;

20) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;

21) жоспарланған жұмыс көлемін білікті атқару үшін тиісті білімі бар штат кестесінде көзделген арнайы мамандар санының, оның ішінде кемінде бір тұқым өсіруші-агроном болуы;

22) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.

3. Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыс тәжірибесі - екі жылдан кем болмауы;

2) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістігінің) болуы;

3) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;

4) соңғы үш жылда жыртылған жер құрылымындағы сүр жерлер алқабының болуы (суармалы жерлерге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне талап қойылмайды; ауыспалы егісті астық алқабына сүр жерді көпжылдық шөптер егілген топырақ қабатымен алмастыруға рұқсат етіледі) орта есеппен шаруашылықта – 16 пайыздан аспайды;

5) жалпы егістік көлеміндегі тұқым шаруашылығы егістіктері 20 пайыздан кем емес;

6) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақыл саны 3-ден аспайды;

7) аттестаттау талабына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны – 3-ден аспайды;

8) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жылда тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өндіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;

9) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өндірудегі ғылыми сүйемелдеу туралы жеке және заңды тұлғамен ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыратын шарттың болуы;

10) нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеу агротехнологиясын сақтау;

11) тұқым шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым шаруашылығы аумағында сонымен қатар аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл болмауы тиіс;

12) кемінде бір тұқым өсіруші агрономның болуы;

13) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;

14) сорттық тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясын өсіру жөніндегі схеманың болуы;

15) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясының жоспарланған көлемін өндіруге қажетті түрлерде және көлемде сорттың негізгі тұқымдық материалының болуы;

16) тұқымның бірінші, екінші және үшінші репродукциясының жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстардың кешенін қамтамасыз етуге арналған меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілейтін техниканы қоса алғанда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;

17) арнайы жасақталған қырмандардың, жабық асфальтталған алаңдардың, тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін қойма бөлмелерінің болуы;

18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (егіс актілері, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізуге, бірегей тұқымды жинауға, кіріске алуға, тазалауға және өңдеуге, сатуға, тұқымның талапқа сай екендігі туралы куәлігіне, тұқым аттестатына тұқымдарды есепке алу журналына (оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті) есеп жүргізу;

19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде үш жыл сақталуын ұйымдастыру;

20) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.

4. Тұқым сатушыларына қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) тұқым стау бойынша жоспарланған жұмыс көлемін орындау үшін штат кестесінде көзделген тиісті білімі бар мамандардың, оның ішінде кемінде бір тұқым өсіруші агрономның болуы;

2) әрі қарай тұқым сату үшін тұқым өндірушілермен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы (тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда тұқым жеткізушілермен) жыл сайынғы келісімнің болуы;

3) жабық асфальтталған алаңдардың, қойма бөлмелерінің (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының), тұқым партияларын араласып кетуіне жол бермейтіндей орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы ыдыстың болуы;

4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеу, сақтау және сату жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығында, лизингте немесе мүлік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) арнайы ауыл шаруашылығы техникасының қажетті санының болуы;

5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр тұқым партиясы бойынша сатылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне, тұқымды құжаттау, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуі, тігуі және қол қоюы тиісті тұқымдарды есепке алу журналына есеп жүргізу;

6) тұқымдарды сақтау және сату материалдарының кемінде үш жыл сақталуын ұйымдастыру;

7) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда тұқым өткізушіде (лицензиатта) патент иесі (лицензиар) берген селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығының болуы;

8) өндірістік қызметті жүзеге асыруға материалды-техникалық базаның жарамдылығы туралы қорытындылардың болуы:

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың өндірістік базасының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы туралы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы.

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,

екінші және үшінші репродукциядағы

тұқым өндірушілерді және тұқым

өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері


Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Кейінгі жылы көрсеткіштің мақсатты мәні

Есеп жылындағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты өткізген сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % (үлесі)










2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)










3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің көрсету тәртібі туралы сапа мен ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар

% (үлесі)












3.2. Электрондық форматта қол жетімді ақпарат қызметінің

% (үлесі)












4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар

% (үлесі)












Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «5» мамырдағы

№485 қаулысымен

бекітілді



«Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Байқаудан өткізушілерді аттестаттау ережелері, Тұқым сарапшыларын аттестаттау ережелері негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mіnagri.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе оны беруден дәлелді жазбаша бас тарту болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс;

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең көп жол берілген күту уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алу кезінде күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызметті осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетеді.

10. Мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында көрсетіледі, оларда күтуге және қажетті құжаттарды дайындау үшін қолайлы жағдай жасалады (құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жабдықталады).

Мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет ету үшін пандустар қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет