Физика • толқындар • электромагниттік спектр 1 1-бөлім. Төмен инфрақызыл


-бөлім. Инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәулелер



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата02.12.2023
өлшемі0.84 Mb.
#485189
1   2   3   4   5   6   7   8
KKTwig Электромагниттік спектр

2-бөлім. Инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәулелер
• Инфрақызыл сәулелер дегеніміз не?
Толқын ұзындығы 0,3 мм-ден төмен және шамамен 
0,007 мм-ден жоғары (7 мкм) толқындар инфрақызыл деп 
аталады. Көбіне қызған денелер көп мөлшерде инфрақызыл 
сәулелер бөледі. Күннен Жерге түсетін энергияның шамамен 
жартысы инфрақызыл сәуле түрінде болады.
Молекулалардағы тербелетін атомның көбісі инфрақызыл 
сәулелер диапазонында орналасқан. Бұл жиіліктегі жарықты 
молекулалар жұтатындықтан, инфрақызыл сәулелерді үлгіде 
қандай молекулалардың бар екендігін анықтау үшін қолдануға 
болады. Бұл инфрақызыл спектроскопия деп аталады, және 
ол үлгінің инфрақызыл сәулелер диапазонындағы қай жиілікті 
жұтатындығына байланысты үлгіні анықтауға болатындығына 
негізделген. 
Ұсынылатын фильм
- Инфрақызыл сәуле: Жылан аңшылығы
Инфрақызыл сәуле адам сияқты 
объектілерден бөлінетін жылу болып 
саналады


ФИЗИКА • ТОЛҚЫНДАР • ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СПЕКТР
3
Қосымша сұрақтар
Алкотест демдегі алкоголь мөлшерін анықтау үшін инфрақызыл сәулелерді пайдаланады. Инфрақызыл 
сәулелер үлгі бар камера арқылы өтеді және әрбір толқын ұзындығында жұтылған инфрақызыл сәуле мөлшері 
тіркелінеді. Бұны үлгінің құрамындағы спирттің (этанол) мөлшерін анықтауға қолдануға болады, себебі этанол 
құрамындағы оттегі-сутек байланысы инфрақызыл диапазонын өте жақсы жұтады.
С4. Алкогольді анықтау үшін инфрақызыл сәулелер қалай қолданылады?
Түнгі көрініс құралдарын жасаудың бірнеше әдісі бар. Жылу көрінісі жылы объектілерден бөлінетін инфрақызыл 
сәулелерді анықтайды, бірақ ол адам, жануар немесе көлік құралдары секілді объектілерді анықтай алмайды, 
дегенмен ол құқық қорғау өкілдерімен адамдарды іздеуге қолданылады.
Сонымен қатар, инфрақызыл сәулелер қоршаған ортаны жарықтандыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл 
адамдарға көрінбейді, алайда инфрақызыл датчик шағылған инфрақызыл сәулелерді жинақтап бейне 
кескіндеуге пайдаланылады. Екінші дүниежүзілік соғыста қарулы күштер бұл принципті қолданған. Бірақ, 
инфрақызыл сәулелер қоршаған ортаны жарықтандыруға қолданылғандықтан, сондай технологияны 
қолданатын қарсыласқа бұл жарық көрінетін еді, сондықтан оны қолдануға шектеулі болды. Осы себептерге 
байланысты бұл технология қазіргі уақытта қарулы күштерде көп қолданылмайды, бірақ қауіпсіздік жүйелерінде 
қолданысқа ие.
Жарық күшейткіштері тек инфрақызыл сәулелерді анықтап қана қоймай, түрлі толқын ұзындықтарында 
кездесетін азғантай ғана жарық мөлшерін анықтайды және олардың адам көзіне көрінуі үшін оның 
интенсивтілігін көбейтеді.
С5. Түнгі көрініс көзілдірігі қалай жұмыс істейді?
Абсолют қара дене – спектрдің кез-келген бөлігіне жататын электромагниттік сәулелерді жұтатын объект. 
Бұл объектінің сәулеленуі абсолют қара дененің сәулеленуі деп аталады. Қара дене ұзындығы әртүрлі 
диапазондағы сәулелерді бөледі, алайда сәулелену ең мықты болатын ұзындық дененің температурасына 
тәуелді. Дененің температурасы жоғарылаған сайын сәулеленген жарықтың толқын ұзындығы қысқарады. 
Бөлме температурасындағы денелер негізінен бізге көрінбейтін инфрақызыл жарық шығарады, ал шамамен 
600°C температурада ол денелер бізге көрінетін қызыл түсті жарық шығарады. Одан жоғары температурада 
дене қызғылт-сары, не сары түспен жарқырайды. Беткі температурасы 5500°C Күн жартылай абсолют қара 
дене ретінде әрекет етеді және көбіне сәулелерін көрінетін жарық түрінде шығарады. Оның сәулеленуінің ең 
жоғарғы нүктесі спектрдің жасыл түсінде орналасады. Күн жасыл болып көрінбейді, себебі ол басқа да толқын 
ұзындығындағы сәулелер шығарады, нәтижесінде олар араласып, Күн ақ түсті болып көрінеді (алайда Жерден 
қарағанда сары түсті болып көрінеді, себебі көк түс атмосферада тарқайды).
С6. Абсолют қара дене сәулеленуі дегеніміз не?
• Адамдар электромагниттік толқындардың қандай диапазонын көре алады?
Адамдар толқын ұзындығы 0,4 және 0,75 мкм (микрометр 
метрдің миллионнан бір бөлігі) аралығындағы жарықты көре 
алады, дегенмен бұл адамдар арасында әрқалай. Мұндай 
толқындар атомдағы электрондар орын ауыстырғанда, яғни 
жоғарғы энергетикалық деңгейден төменгісіне түскенде түзіледі. 
Көрінетін жарық электромагниттік спектрдің тек бір бөлігі болып 
табылады, бірақ оларды Күн өте көп мөлшерде шығарады. 
Кейбір құстар мен бунақденелілер өте қысқа толқындарды 
анықтай алады, сондықтан ультракүлгін сәулелерді де 
анықтауға қабілетті. Алыстан көру қабілеті инфрақызыл 
сәулелерде аз таралған, бірақ кейбір жыландарда өзінің қорегін 
табу үшін инфрақызыл сәулелерді анықтай алатын мүшесі бар. 
Олардың бейнені инфрақызыл ретінде көретіндігі әлі белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет