Физика-2 курсы бойынша 2006-2007 оқу жылына арналған тірек конспектілері


Фотометрияның энергетикалық шамалары



бет10/48
Дата14.09.2023
өлшемі6.81 Mb.
#477643
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Лекция Физика 2 - каз

Фотометрияның энергетикалық шамалары. 1 бірлік уақыт ішінде S аудан арқылы өтетін жарық энергиясының мөлшерін жарық ағыны деп атайды, яғни:
мұндағы Ф жарық ағыны, W жарық энергиясының мөлшері, t-уақыт. Сәулелену шоғының өлшемі ватт (Вт). Энергетикалық жарқырау (сәулеленгіштік) Re жарқырау дегеніміз бет шығаратын сәуле ағынының осы ағын өтетін беттің қимасының S ауданына қатынасына тең шама. ( беттік сәуле ағынының тығыздығы ) Энергетикалық жарқыраудың өлшем бірлігі –
(Вт/м2).
жарықтың энергетикалық күші (сәулелену күші) Ieнүктелік көздің сәулелену ағынының осы шоқтар тарайтын ω денелік бұрышқа қатынасына тең шама. Жарықтың энергетикалық күшінің ваттың стерадианға қатынасы (Вт/ср).
Энегетикалық жарықтылық (сәулелену) Вe, — Жарық шығарып тұрған беттің жарықтың ΔIe энергетикалық күшінің бақылау бағытына перпендикуляр ΔS қатынасына тең шама. Энергетикалық жарықтылықтың өлшем бірлігіваттың стерадиан-метр квадратқа қатынасы Вт/(ср-м2).
Энергетикалық жарықталыну жарықталынатын бірлік бетке түсетін сәулелену ағынымен сипатталады. Энергетикалық жарықталынудың өлшем бірлігі ватт бөлінген метр квадрат (Вт/м2).
Фотометриядағы жарықты сипаттайтын шамалар:
Оптикалық өлшеулерде қолданылатын әртүрлі қабылдағыштар ерекше талғамды қажет етеді. Олардың әрқайсысы үшін әртүрлі толқын ұзындығының энергиясына деген сезімталдығының әртүрлі қисығы сәйкес келеді.
Жарықты өлшеу объективті энергетикалық өлшеулерге қарағанда субьективті. Олар үшін тек көрінетін жарық үшін қолданылатын жарық бірліктері енгізіледі.
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі негізгі жарық бірлігі – кандела (кд). Ол жиілігі 540-1012 герц, энергетикалық күші болатын жарық күші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет