Физика-2 курсы бойынша 2006-2007 оқу жылына арналған тірек конспектілері


в) Спектр. n, l, и кванттық сандары



бет29/48
Дата14.09.2023
өлшемі6.81 Mb.
#477643
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Лекция Физика 2 - каз

в) Спектр. n, l, и кванттық сандары Бор теориясында алынған сутегі атомының шығару және жұту спектрлерін толығырақ суреттейді.


ІРІКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОН СПИНІ.

20.1. Орбиталық және магниттік санның өзгеруі.


20.2. Электрон спині.
20.3. Штерн Герлах тәжірибесінде
Кванттық механикада іріктеу ережесі енгізіледі , ол сәуле шығару және жұтуға байланысты атомдағы электрондардың ауысу мүмкіндігін шектейді: 1) орбиталық кванттық санының өзгеруі келесі шартты қанағаттандырады
(20.1)
2) магниттік кванттық санның өзгеруі мына шартпен шектеледі:
(20.2)
Электронның спині. Спиндік кванттық сан. О. Штерн мен В. Герлахтың біртекті емес магнит өрісінде магниттік моменттерді тікелей өлшеуге арналған тәжірибесі (1922 ж.).
Спектрлік сызықтардың нәзік құрылысын және одан да басқа атомдық физикадағы қиыншылықтарды түсіндіру үшін, американдық физиктер Д. Уленбек пен С. Гаудсмит электронның меншікті жойылмайтын механикалық импульс моменті - спин бар деген жорамал айтты, бірақ ол электронның кеңістіктегі қозғалысына байланысты емес.
Электронның спині (басқа да микробөлшектерге тән) – кванттық шама , оның классикалық аналогы жоқ ; бұл электронның заряды, массасы сияқты оның бөліп алмайтын ішкі қасиеті.
Егер электронның меншікті механикалық импульс моменті (спин) бар десек, онда оған меншікті магнит моменті сәйкес келеді.Спиннің квантталу заңы
(20.3)
мұнда s – спиндік кванттық сан.
Орбиталық импульс моменті сияқты, спиннің проекциясы да квантталады, ал вектор соның арқасында 2s + 1 бағытқа ие бола алады. Штерн мен Герлах тәжірибесінде тек қана екі бағыт байқалған, сондықтан 2s + 1 = 2, одан s = ½ екені көрініп тұр. Спиннің сыртқы магнит өрісінің бағытына проекциясы кванттық шама болғандықтан оған (10.5) формуласын қолдану керек:
(20.4)
- магниттік кванттық сан; ол екі мән ғана қабылдай алады: .
Сонымен, электронды (кез келген микробөлшекті) қосымша ішкі еркіндік дәрежесімен сипаттау керек екендігін жасалған тәжірибелер көрсетті. Сондықтан атомдағы электронның күйін толық сипаттау үшін негізгі, орбиталық және магниттік кванттық сандармен қатар магниттік спиндік кванттық сан берілуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет