Физика 9 сынып тест


Энергяның сақталу заңы және пайдалы әсер коэффициенті (пәк)



бет3/6
Дата02.04.2023
өлшемі144.5 Kb.
#471596
1   2   3   4   5   6
Кинематика каз тест

Энергяның сақталу заңы және пайдалы әсер коэффициенті (пәк)

1. 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 500 г доптың ең жоғарғы нуктесіндегі потенциалдық энергиясы


А) 55 Дж
В) 57 Дж
С) 58 Дж
Д) 56,25 Дж
Е) 54,75 Дж
2. Массасы 500 г, 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған дененің ең жоғарғы биіктіктегі потенциалдық энергия өзгерісі (g=10 м/с²)
А) 5 Дж
В) 4 Дж
С) 2 Дж
Д) 3 Дж
Е) 0
3. 5 м биіктікпен құлап жерге түсуге 2 м қалғанда, массасы 3 кг тастың тастың кинетикалық энергиясы
А) 80 Дж
В) 100 Дж
С) 90 Дж
Д) 85 Дж
Е) 70 Дж
4. 8 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 500 г доптың ең жоғарғы нүктесіндегі толық энергиясы
А) 5 Дж
В) 10 Дж
С) 15 Дж
Д) 16 Дж
Е) 20 Дж
5. Бастапқы кинетикалық энергиясы 49 Дж массасы 0,25 кг допты вертикаль жоғары лақтырғанда, кинетикалық және потенциалдық энергияларының теңесетін биіктігі (g=9,8 м/с²)
А) 20 м
В) 30 м
С) 5 м
Д) 10 м
Е) 15 м
6. Массасы 2 кг дененің 10 м биіктікте 20 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы толық механикалық энергиясын табыңыз
А) 200 Дж
В) 400 Дж
С) 1000 Дж
Д) 800 Дж
Е) 600 Дж
7. Массасы 2 кг тас вертикаль жоғары лақтырылған, оның бастапқы кинетикалық энергиясы 400 Дж, 15 м биіктікте оның жылдамдығы
А) 20 м/с
В) 15 м/с
С) 10 м/с
Д) 5 м/с
Е) 25 м/с
8. Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қажетті атқарылатын жұмыс
А) 1 Дж
В) 0,5 Дж
С) 0,6 Дж
Д) 2 Дж
Е) 2,5 Дж
9. Серіппені 4 мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істелсе, осы серіппені 4 см-ге созу үшін атқарылатын жұмыс
А) 1 Дж
В) 2 Дж
С) 3 Дж
Д) 4 Дж
Е) 2,5 Дж
10. Бастапқы ұзындығы l0 серіппені біріншісінде А1 жұмыс жасап дейін созса, екіншісінде 2l0- дан 3l0 –ге дейін созу үшін А2 жұмыс жасалса, А12 қатынасы
А) 1/2
В) 3/2
С) 3/5
Д) 1/4
Е) 1/3
11. Вертикаль жоғары лақтырылған дененің 1 м биіктікте кинетикалық энергиясы
25 Дж-ға кемісе, ауырлық күшінің жұмысы
А) -25 Дж
В) -4 Дж
С) 25 Дж
Д) 4 Дж
Е) 0 Дж
12. Массасы 1 кг арбаша 3 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның энергиясын 2 есе арттыру үшін атқарылатын жұмыс
А) 9 Дж
В) 36 Дж
С) 18 Дж
Д) 3 Дж
Е) 4,5 Дж
13. Массасы 2 т, үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең, авариялық тежелуде 50 м жүріп, тоқтаған автомобильдің кинетикалық энергиясының өзгерісі
А) -40 кДж
В) -400 кДж
С) -400 Дж
Д) -40 Дж
Е) -4 кДж
14. ПӘК-і 40% көлбеу жазықтықпен 400 Дж Жұмыс жасап көтерілген дененің пайдалы жұмысы
А) 400 Дж
В) 160 Дж
С) 1000 Дж
Д) 200 Дж
Е) 500 Дж
15. 5 кДж толық жұмыс жасаған ПӘК-і 75% қондырғының пайдалы жұмысы
А) 3 кДж
В) 3,5 кДж
С) 3,75 кДж
Д) 3,2 кДж
Е) 5 кДж
16. ПӘК-і 60% көлбеу жазықтықпен 300 Дж пайдалы жұмыс жасап жүкті көтергенде жұмсалған толық жұмыс
А) 50 Дж
В) 300 Дж
С) 500 Дж
Д) 600 Дж
Е) 700 Дж
17. ПӘК-і 70% көлбеу жазықтықпен салмағы 3,5 кН жүкті 1,4 м биіктікке көтеру үшін атқарылған жұмыс
А) 8 кДж
В) 7,6 кДж
С) 8,2 кДж
Д) 6,8 кДж
Е) 7 кДж
18. Массасы 500 кг денені 3 минуттың ішінде 15 м биіктікке көтеретін двигателінің қуаты 2 кВт, кранның ПӘК-і (g=10 м/с²)
А) 30%
В) 21%
С) 40%
Д) 42%
Е) 50%
19. ПӘК-і 70% және двигателінің қуаты 9 кВт кранның, массасы 5 т жүкті 20 м биіктікке көтеру уақыты (g=10 м/с²)
А) ≈ 159 с
В) ≈ 170 с
С) ≈ 180 с
Д) ≈ 175 с
Е) ≈ 182 с
20.Жоғары ұшы бекітілген серіппеге массасы 18 кг дене ілінген.Сондағы серіппенің ұзындығы 10 см.Оған массасы 30 кг денені ілгенде ,оның ұзындығы 12 см болады.Серіппенің 10см –ден 12 см-ге дейін созу үшін атқарылатын жұмыс(g=10 м/с²)
А) ≈ 14 Дж
В) ≈ 5 Дж
С) ≈8 Дж
Д) ≈9 Дж
Е) ≈1 Дж

21.Бастапқы жылдамдығы нөлге тең,массасы 2,5 кг жүк 10м биіктіктен құлайды.Түсе бастағаннан 1с өткенде оның потенциалдық энергиясының өзгерісі неге тең. (g=10 м/с²)


А) 245 Дж
В) 125 Дж
С) 250 Дж
Д) 25 Дж
Е) 24,5 Дж
22.Тыныштық күйден 1 жылдамдыққа дейін қозғалатын автомобиль двигателі 1000 Дж жұмыс атқарады. 1 жылдамдықтан 2 1 жылдамдыққа жету үшін двигателдің атқаратын жұмысы
А) 1000 Дж
В) 2000 Дж
С) 3000 Дж
Д) 4000 Дж
Е) 5000 Дж
23.3,2 м биіктіктен массасы 2 кг дене вертикаль орналасқан серіппеге құлағанда ,орташа мәні 8 кН серпінділік күшін тудырады.Серіппенің сығылуы (g=10 м/с²)
А) 8 см
В) 16 см
С) 6,4 см
Д) 1,6 см
Е) 0,8 см
24.Мылтықтан 1000м/с бастапқы жылдамдықпен атқылаған оқ 500м/с жылдамдықпен жерге құлады.Егер оқтың массасы 10 г болса,онда кедергі күшінің жұмысы

А) 375 Дж


В) 3750 Дж
С) 125 кДж
Д) 125 Дж
Е) 0 Дж
25.Бастапқы жылдамдықсыз 30м биіктіктен құлаған массасы 4 кг дененің потенциалдық энергиясы 3 есе кеміген езде кинетикалық энергиясы (g=10 м/с²)

А) 700 Дж


В) 800 Дж
С) 750 Дж
Д) 850 Дж
Е) 780 Дж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет