Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы


Газ қысымының ондағы молекулалар шоғырына және температураға тәуелділігі



бет20/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

Газ қысымының ондағы молекулалар шоғырына және температураға тәуелділігі.
болатынын ескеріп, газ қысымының молекулалар шоғыры мен температураға тәуелділінгін көрсететін өрнекті аламыз:
Формуласынан қысым мен температура бірдей болғанда барлық газдардың молекулалар шоғыры бірдей болатындығы көрінеді.
Міне, осыдан IX сыныптың химия курсынан белгілі Авогадро заңы шығады: температуралары мен қысымдары бірдей, тең көлемдегі газдардың молекулалар саны бірдей болды.
● Идеал газдың қысымы немесе көлемі нөлге айналатындай ең төменгі температура болуы сөзсіз. Ал бұл абсолют нөл температура-273 . Абсолют нөлден бастап алу температураны өлшеуге қолайлы. Температураның абсолюттік шкаласы осылай құрылған.
Молекулалардың ілгерліемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы абсолют температураға тра пропорционал. Больцман тұрақтысын Дж/К сақтау керек.

Бақылау сұрақтары


? 1. Температураның Цельсий шкаласы бойынша абсолют нөл температура неге тең?
2. Цельсий шкаласымен салыстырғанда температураның абсолют шкаласының қандай артықшылығы бар?
3. Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы қандай? Оны тәжірибеге жүгінбей-ақ , теориялық жолмен анықтауға бола ма ?
4. Молекулалардың ілгерілемеліқозғалысының орташа кинетикалық энергиясы температураға қалай тәуелді?
5. Қысымдары және температуралары бірдей болғанда барлық газдардың молекулалар шоғырының бірдей болатыны неліктен?
6.Температураның абсолют нөлінің физикалық мағынасы қандай?
Молекула-кинетикалық теориядағы идеал газ.


Идеал газдардың негізгі заңдары. Идеал газ деп молекулалар арасында өзара әсерлесу күштері болмайтын, жеке молекулалар көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда өте аз, тіпті оны еске алмауға да болатын және молекулалар арасындағы өзара соқтығысу абсолют серпімді болатын газдарды айтады. Молекула-кинетикалық теория ашылғанға дейін идеал газдар қасиетін сипаттайтын көптеген зандар болған.
Бойль-Мариотт заңы. Газ күйіндегі заттардың меншікті көлемі болмайды. Сондықтан газдар ыдысқа толтырылғанда, сол ыдыстың көлемін толық алып тұрады және ыдыс қабырғаларына белгілі бір қысым күшін түсіреді. XVII ғасырдың ортасында ағылшын ғалымы Р. Бойль (1627-1691) және француз физигі З. Мариоттың (1620-1684) бір-біріне тәуелсіз жасаған тәжірибе қорытындылары температура тұрақты болғанда газ көлемінің (V) оның қысымына (р) тәуелді өзгеретінін тұжырымдады, яғни берілген газ массасы үшін тұрақты температурада оның қысымы көлеміне кері пропорционал өзгереді, яғни:

Бұл тәуелділікті изотерма деп аталатын гипербола қисығымен көрсетуге болады (1-сурет). Газ күйінің бір күйден екінші күйге тұрақты температурада өтуі изотермалық процесс деп аталады. Ал нақты газдар бұл заңдылыққа тек тығыздықтары өте аз болғанда ғана бағынады. Сонымен, тұрақты температурада р мен V тәуелділігі заттар қасиетін сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет