Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет25/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

Изохоралық процесс. Көлем тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесін изохоралық деп атайды.
Күй теңдеуінен (3.4) газдың көлемі өзгермеген кездегі кез келген күйінде газ қысымының температураға қатынасы тұрақты болатыны шығады:

(3.9)
Егер газ көлемі өзгермесе массасы берілген газ үшін қысымның температураға қатынасы тұрақты болады.
Бұл газ заның 1787 жылы француз физигі Ж.Шарль(1746-1823) ашқан және сондықтан ол Шарль заңы деп аталады. (3.9)-теңдеуіне сәйкес көлем тұрақты болғанда газ қысымы температураға тәуелді болады, яғни: (3.10)
Бұл тәуелділікт графикте түзумен кескінделеді де, ол изохора деп аталады. Түрлі көлемге түрліше изохора сәйкес келеді. Температура тұрақты болғанда, Бойль-Мариотт заңына сәйкес, газ көлемі ұлғайғанда оның қысымы азаяды. Сондықтан үлкен көлемге сәйкес келетін изохора, кіші көлемге сәйкес келетін изохорадан төмен жатады.(3.10)-теңдеуге сәйкес барлық изохоралар T=0 нүктесінен басталады.Демек, абсолют нөлде идеал газдың қысымы нөлге тең.
Кез келген жабық ыдыстағы немесе электр шамындағы газды қыздырғандағы газ қысымының ұлғаюы изохоралық процесс болып табылады. Изохоралық процесс көлемі тұрақты газ термометрлерінде пайдаланылады.


3-тарау. Термодинамика негіздері
Жылу құбылыстарын манометр және термометр сиякты приборлар тіркейтін шамалардың (макроскопиялық параметрлердің) жәрдемімен бейнелеуге де болады. Бұл жабдықтар жеке молекулалардың әсерін елемейді. Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмейтін жылулық процестер теориясын термодинамика деп атайды. Бұл тарауда біз осыны оқып үйренеміз.
ІШКІ ЭНЕРГИЯ
Термодинамика XIX ғасырдың ортасында, энергияның сақталу заңы ашылғаннан кейін жасалды. Оның негізінде ішкі энергия ұғымы жатыр. Біз осыдан бастаймыз. Алдын ала термодинамика мет молекула-кинетикалық теория арасында қандай байланыс барлығы туралы біраз айта кетейік.
Термодинамика және статистикалық механика. Жылулық процестердің бірінші ғылыми теориясы молекула-кинетикалық теория емес, термодинамика болды. Ол жұмыс жасау үшін жылуды пайдаланудың тиімді шарттарын зерттеу барысында пайда болады. Бұл молекула-кинетикалық теория қалың көпшілік қабылдап күш алғанға дейін, одан көп бұрын, XIX ғасырдың орта шенінде болған еді.
Қазірде ғылымда және техникада жылулық құбылыстарды зерттеуде молекула-кинетикалық теориямен қатар термодинамика да пайдаланылады. (Теориялық физикада молекула-кинетикалық теорияны статистикалық механика деп атайды! Термодинамика мен статистикалық механика бірдей құбылыстарды әртүрлі әдістермен зерттейді және бір-бірін өзара толықтырып отырады.
Термодинамиканың ең басты мазмуны энергияның өзгерісіне қатысты екі негізгі заңнан тұрады. Бұл заңдар тәжірибе жүзінде тағайындалады. Олар барлық заттар үшін, олардың ішкі құрылымына тәуелсіз, тура орындалады.
Статистикалық механика термодинамикарағанда әлде қайда терең және дәл ғылым, оның есесіне өте күрделі. Оған термодинамиканың қарапайым қатынастары жеткіліксіз болған жағдайда жүгінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет