Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет3/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

Істей алулары керек:

  • Бөлімнің негізгі міндеттерін физикалық шамалардың ретін бағалай білу;

  • атом ядролары мен элементар бөлшектердің қасиеттері мен ядролық сәулелердің затпен әсерлесуі, кванттық ұғымдар мен релятивистік түсініктер бойынша сапалы түрде қолдану.


ГЛОССАРИЙ



  • Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.

  • Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.

  • Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.

  • Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз.

  • Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері

  • Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.

  • Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.

  • Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.

1-тарау. Механика




Механика – кинематика, динамика және статика деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Механиканың негізгі есебі: қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау болып табылады. Кинематика деп денелердің массалары мен өзара әрекеттесу күштерін ескермей, олардың қозғалыстарын зерделеп зерттейтін механика бөлімін айтады. Динамика деп денелерге түсірілген күштерді ескере отырып, олардың қозғалыс заңдылықтарын тағайындайтын механика бөлімін айтады. Статика деп күш түсетін денелердің тепе-теңдік шарттарын анықтайтын механика бөлімін айтады. Біз бұл тарауда кинематика тұрғысынан механикалық қозғалыстарды сипаттайтын боламыз. Механикалық қозғалыс деп денелердің кеңістікте уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орын ауыстыруларын айтады. 2. Механикалық қозғалыстарды сипаттау үшін кинематикада кеңістік, уақыт, координата, материялық нүкте, траектория, жүрілген жол, орын ауыстыру, қозғалыстардың салыстырмалылығы, жылдамдық, үдеу деп аталатын базалық ұғымдар мен шамалар қолданылады. 1. Механика деген қандай ілім? Механикалық қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

2. Механикалық қозғалыстарды сипаттау үшін қандай ұғымдар мен шамалар қолданылады? Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың теңдеулері қандай өрнектермен сипатталады?


3. Санақ жүйесі деп қандай жүйені айтады? Қозғалыстың салыстырмалылығы қалай түсіндіріледі?
4. Материялық нүкте деп нені айтады? Радиус-вектор деп қандай векторды айтады?
5. Орын ауыстыру векторы деп қандай векторды айтады? Неліктен қисықсызықты қозғалыста орын ауыстыру түзусызықты қозғалыстағыдай жүрілген жолға тең болмайды?
Бұл бөлімнің материалдарымен сендер 9-сыныпта таныстыңдар.
Ол механиканың негізгі бөлімдерін қайталау және жалпылау үшін берілген, себебі Ньютон заңдарын, өзара әрекеттесу күштерін терең меңгермей, орта мектептің толық физика курсын оқып-үйрену кезінде алдыға жылжу оңайға соқпайды. Сонымен қатар мұнда 9-сыныпта қарастырылмаған кейбір жаңа мәселелер де бар.
Механика-материялдық денелер қозғалысы және олардың өзара әрекеттесуі туралы ежелгі ғылымдардың бірі. Механика термині mechanike деген грек тілінен аударғанда "бейімделу", "машина" деген ұғымды береді. Механиканың дамуы А р и с т о т е л ь (б.з. дейінгі IV ғ.), А р х и м е д (б.з.д. III ғ.), Б и р у н и (973-1048), Ұ л ы қ б е к (1394-1449), Л е о н а р д о д а В и н ч и (1452-1642), Н.К о п е р н и к (1473-1543), Г. Г а л и л е й (1564-1642), И.Ньютон(1643-1727), А. Э й н ш т е й н (1879-1955), Н.Е. Ж у к о в с к и й (1847-1921), К.Э. Ц и о л к о в с к и й (1857-1935) сияқты көрнекті ғалым-физик, философтардың атымен тығыз байланысты.
Ежелгі грек философы А р и с т о т е л ь бірінші болып қозғаластың себебін анықтауға талаптанды. Құбылыстар табиғатына кейбір қате көзқарастарына қарамастан, Аристотельді физиканың ғылым ретінде негізін салушы деп есептеуге болады. Аристотельше айтсақ, физика негізгі заңдылықтарды және табиғаттың принциптерін, оның "элементін" (элементар бөлшектер) зерттеуге тиіс.
А р х и м е д - ежелгі дүниедегі ғылыми ойдың шыңы. Ол тек математик және механик болып қойған жоқ, сонымен қатар өз заманының ірі инженері, машина мен механикалық аппараттарды құрастырушы болды.
Орта Азияның ұлы философтары Б и р у н и мен Ұ л ы қ б е к астро-
номияның дамуына зор үлес қосты. Олар өте үлкен дәлдікпен көптеген жұлдыздардың координаталарын анықтады. Ұлықбек Самарқанда обсерватория салды, оны сол кездегі құралдармен жабдықтады. Ол құрған планеталар қозғалысының кестесі мен жұлдыздар катологі қазіргі кезде де маңызын жоғалтқан жоқ.
Италияның ұлы ойшылы, оқымыстысы, қайта өркендеу дәуірінің суретшісі, сәулетшісі және инженері Л е о н а р д о д а В и н ч и атап айтқандай, танымның жалғыз көзі -тәжірибе. Әрине шындықтың критерийі-тәжірибе. Леонардо да Винчидің ғылыми зерттеулері көптеген техникалық проблемаларды қамтиды, атап айтсақ, ол ұшқыш аппараттар құру, иінтіректің және көлбеу жазықтықтағы жүктердің тепе-теңдік шарттарын зерттеу, денелердің қозғалыс динамикасы және т.б мәселелермен айналысқан.
Поляктың ұлы астрономы Н.К о п е р н и к нағыз революция жасады. Ол сол кезде үстемдік етіп тұрған Птолемей жасаған дүниенің геоцентрлік жүйесін қабылдамай, дүниенің гелиоцентрлік жүйесін құрды. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізінде атақты неміс оқымыстысы И.К е п л е р Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалыс заңын түсіндірді.
Италияның ұлы оқымыстысы Г.Г а л и л е й алғашқы телескопты жасады және оның көмегімен Юпитер планетасының төрт серігін ашып, астрономияны дамытуға үлес қосты. Ол денелер қозғалысының себебі туралы Аристотельдің пікірін жоққа шығарып, физикаға зор еңбек сіңірді. Г. Галилей тәжірибелік жолмен мыналарды дәлелдеді:
1) сыртқы әрекет жоқ болғанда, дене тыныш күйін немесе бірқалыпты түзусызықьы қозғалысын сақтайды;
2) барлық денелер Жерге массаға тәуелсіз бірдей үдеумен құлайды.
Ағылшынның данышпан физигі И.Ньютон-физикалық заңдарды зерттеудің математикалық әдістемесінің негізін салушы. И.Ньютон "тәжірибе шындықтың критерийі" деген Леонардо да Винчидің идеясын дамытып, физикалық құбылыстарды зерттеудің эксперименттік әдістемесін құрды. И.Ньютон-классикалық механиканың негізін салушы.
А.Э й н ш т е й н-данышпан физик-теорик, қазіргі физиканы құрушылардың бірі. Кеңістік, уақыт және материя туралы адам баласының көзқарасын түбірінен өзгерткен арнайы және жалпы салыстырмалық теориясын құрды. Исаак Ньютон "кеңістік- материяны орналастырушы бостық" деп ойлады, ал Э.Эйнштейнше материяның болуы кеңістіктің қасиетін өзгертеді, Альберт Эйнштейн зат пен өріс арасындағы өзара терең байланысты тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет