Ылғалдылықтың маңызы. Адам терісінің бетіндегі ылғалдың буланып кебу шамасы ауаның ылғалдылығына байланысты. Ал адам денесінің температурасын тұрақты ұстап тұру үшін ылғалдың булануынын маңызы зор. Адам үшін неғұрлым қолайлы болатын салыстырмалы ылғалдық (40-60) % ғарышкемеде.
Метеорологияда ауа райын күні бұрын болжап айту үшін де ылғалдылықты білудің үлкен маңызы бар. Атмосферадағы су буының мөлшері онша көп болмағанмен де (1%-ке жуық), бұл шама атмосфералық құбылыстарды айтарлықтай роль атқарады. Су буының конденсациясы бұлттың пайда болуына және онан соң жауын болуына әкеп соқтырады. Бұл жағдайда көп мөлшерде жылу бөлініп шығады. Судың булануы, керісінше, жылудың жүтылуымен бірге жүреді.
Тоқыма, кондитер және басқа өндірістердегі процестердің дұрыс жүруі үшін белгілі бір ылғалдық қажет.
Өнер туындыларын және кітаптарды сақтау үшін ауа ылғалдылығын тиісті деңгейде ұстап тұру қажет. Осыған сай музейлердің қабырғаларында психрометрлердің ілулі тұрғанын көруге болады.
Атмосферадағы су буының абсолюттік мөлшерін емес, оның салыстырмалы ылғалдылық мөлшерін білу маңызды. Салыстырмалы ылғалдықтылықты психрометрмен өлшейді.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығына анықтама беріңдер.
Психрометр термометрлерінің көрсетулерінің айырмасы салыстырмалы ылғалдылықпен ғана анықтала ма, әлде сонымен қатар прибордың жасалуына да тәуелді ме?
№ 2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
Жабдық: 1)тұрмыстық психрометр: 2)металл гигрометр: 3)шаш гигрометрі;4)тығындалған шыны ыдыстағы эфир: 5)0-ден 100°С дейінгі шкалалы лабораториялық термометр: 6)қысқа түтікті қарапайым воронка №3:7)психрометрлік таблица;8)қаныққан су булары қысымының таблицасы.
Теориялық түсінік.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп берілген температурада ауада болатын су буы р парциаль қысымның температурасы сондай қаныққан будың p0 қысымына процентпен өрнектелген қатынасын айтады:
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаудың бірнеше әдісі бар. Бұл жұмыста оны психометрдің, конденсациялық және шаш гигрометрлерінің көмегімен анықтайды:
1. Психометрмен-термометрлер температураларының айырмасы бойынша, мұнда бірінің резервуары шүберекпен оралып суға батырылған (оң жақтағысы). ал екіншісінің резервуары құрғақ күйінде қалған (сол жактағы) және арнаулы таблица бойынша анықталады.
2. Конденсациялық гигрометрмен-шық нүктесін, яғни ауадағы су буы қаныққан буға айналатын температураны табу жолымен және қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігін өрнектейтін таблица көмегімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |