Жұмыстың орындалу тәртібі.
1. Психрометр кұрылысымен танысыңыздар.
2.Оның термометрлерінің көрсетулерін анықтап, температуралардың айырмасын есептеп шығарыңыздар.
3. Психрометр таблицасы бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңыздар.
Бөлменін температурасы 22°С, екінші термометрдің көрсетуі 20°С. Температуралардың айырмасы 2"С. Психрометр таблицасы бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаймыз (83%).
Қорытынды жасандар.
Сұйықтың беттік қабатының қасиеттері
Сұйықтың беттік қабаты. Сұйықтың ішіндегі молекулалық күштер әрекетінің сұйықтың бетіндегі әрекетінен қандай айырмашылығы бар екенін қарастырайық.
Молекулалық күштердің сұйықтың ішіндегі , молекулаға түсірілген теңәрекетті күшінің орташа мәні нөлге жуық. Осы теңәрекетті күштің кездейсоқ ауытқулары молекуланы сұйық ішінде тек хаосты түрде қозғалуға ғана мәжбүр ете алады. Сұйықтың беттік қабатында орналасқан , және , молекулалардың жағдайы басқаша.
Молекулалардың төңірегінде радиуспен молекулалық әрекет сферасын сызайық (шамамен ). Сонда , молекула үшін төменгі жарты сферада жоғарғы жарты сфераға қарағанда молекулалар саны көп, өйткені төменде сұйық, ал жоғарыда бу мен ауа ғана. Сондықтан , молекула үшін молекулалық тартылыс күштерінің теңәрекеттісі төменгі жарты сферада жоғарғы жарты сферадағы молекулалық күштердің теңәрекеттісінен артық болады, күші ескермеуге болатындай аз. молекулаға түсірілген молекулалық тартылыс күштерінің тең әрекеттісі , молекуланыкімен салыстырғанда аз, себебі ол тек қарайтылған облыстағы молекулалардың әрекеттерімен ғана анықталады. Ең бастысы, , және , молекулаларға түсірілген тенәрекетті күштер сұйықтың бетіне перпендикуляр бағытта сұйық ішіне карай бағытталған.
Сонымен сұйықтың калынлығы молекулалык әрекет радиусына тең болатын беттік қабатта орналаскан барлық молекулалары сұйықтың ішіне қарай тартылады екен. Бірақ сұйық ішіндегі кеңістіктің басқа да молекулалармен толуынан беттік кабат сұйыққа молекулалық қысым деп аталатын қысым тудырады. Теориялық есептеулер көрсеткендей, молекулалық қысымның шамасы соншалықты үлкен болады. Мысалы, су үшін ол Па, эфир үшін Па.
Достарыңызбен бөлісу: |