Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет54/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

Электромагнитттолқындар деп айнымалы электр өрiсiнiң және онымен байланысқан магнит өрiсiнiң кеңiстiктегi таралу процессiн айтады. Ал бұл өрiстер сәйкес электр өрiсiнiң кернеулiгi  және магнит индукция векторы  арқылы сипатталатыны белгiлi. Олай болса, электромагниттiк өрiс тарап жатқан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде осы векторлардың мәнi периодты түрде өзгерiп отырады. Электромагниттiк толқындар – көлденең толқындар.  және  векторлары бiр-бiрiне перпендикуляр жазықтықта тербеледi (3.1 - сурет). Электромагниттiк толқындардың болатыны жөнiндегi болжамды алғаш рет ағылшын ғалымы Дж.Максвелл айтқан болатын.
Айнымалы магнит және электр өрiстерi қарапайым тербелмелi контурда туындылайды. Бiрақ, бұл жағдайда магнит өрiсi индуктивтi катушканың маңында, ал электр өрiсi конденсатор астарларының арсында туындылайтын болғандықтан толқын кеңiстiкке тарамайды. Мұндай жүйенi әдетте жабық тербелмелi контур деп атайды.
Кеңiстiкке тарайтын электромагниттiк толқындарды ашық тербелмелi контурдың көмегiмен шығарып алуға болады. Ашық тербелмелi контур жөнiнде мына жерден қарап көруге болады.

Герц тәжiрибесi. Электромагниттiк толқынның таралу жылдамдығы. Диполь


Бойынан айнымалы ток өтiп жатқан өткiзгiштердiiң маңында айнымалы магнит өрiсi туындылайды. Ал айнымалы ток болса, оны тасымалдайтын зарядтардың жылдамдығы өзгерген кезде, яғни олар үдей қозғалған кезде пайда болады. Олай болса, үдей қозғалған зарядтар өзiнiң маңында электромагниттiк толқындар туғызуы тиiс. Нақ осы принциптiң негiзiнде 1887 жылы немiс физигi Г.Герц электромагниттiк толқындарды тәжiрибе жүзiнде алғаш рет шығарып алып, зерттедi. Ол электромагниттiк толқындарды шығарып алу үшiн Герц вибраторы деп аталатын қондырғыны ойлап тауып, пайдаланды. Ал кеңiстiкте тараған толқындарды вибратордан бiраз қашықтықта орналасқан резонатор деп аталатын қондырғы арқылы тiркедi. Герц вибраторы, жұмыс iстеу принципi тұрғысынан алғанда кәдiмгi ашық тербелмелi контур болып табылады. Бұл қондырғы туралы мына жерден қарап көруге болады.
Үдей қозғалған зарядтардың көмегiмен электромагниттiк толқын шығарып алудың тағы бiр мүмкiндiгi – электр дипольдарын пайдалану. Электр дипольдары деп бiр-бiрiне өте жақын орналасқан, шамасы жағынан тең, ал таңбалары қарама-қарсы екi зарядтан тұратын жүйенi айтады (3.2 - сурет). Мұндай жүйе



(3.2)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет