Мақсаты:
Түйін сөздер:М.Планк идеялары,фотоэффект заңдары,жарық кванттары
Температурасы абсолют нөлден ерекше болатын кез-келген дене өзiнен сәуле шығарады. Бiрақ, көп жағдайда бұл сәулелердiң толқын ұзындығы адам көзi сезе алатын толқын ұзындығының аймағынан тысқары жатқандақтан бiз оны көре бермеймiз. Денелердiң өзiнен бұлай сәуле шашуын жылулық сәуле шығару деп атайды. Шығарылатын сәулелердiң қарқындылығы және қандай толқын ұзындықтарындағы сәулелердi басымдылықпен шығаратындығы сол сәуле шашып тұрған дененiң температурасына байланысты. Әрбiр дене өзiнен сәуле шашып ғана қоймайды, сонымен қатар өзiне түскен сәуленi жұтады да. Дененiң қандай толқын ұзындығындағы сәуленi қарқындырақ жұтатындығы да оның температурасымен анықталады. Толқын ұзындығының қандай болғанына қарамастан өзiне түскен барлық сәуленi жұтатын денелердi шымқай қара денелер деп атайды. Шымқай қара дене ретiнде кiшкене саңлауы бар, iшкi бетi жақсы шағылдыратын қоспамен қапталған бiтеу дененi қарастыруға болады (6.1-сурет). Себебi тар саңлау арқылы түкен жарық ыдыстың iшкi бетiнен толық жұтылғанға дейiн аса көп рет шағылып, сыртқа шықпайды десе де болады.
Денелердiң сәуле шашуы және жұтуы осы дененi құрайтын атомдардың тербелiстерiмен және сол атомдарда болатын өзгерiстермен байланысты. Ал заттағы атомдардың саны болса орасан көп. Олардың әр қайсысы бiр-бiрiнен тәуелсiз өз бетiнше тербеледi де соның салдарынан шығаратын сәуленiң жиiлiгi және оған сәйкес толқын ұзындығы әртүрлi болады.
Шығаратын сәуленiң энергиясының толқын ұзындығы бойынша қалай таралатыны тәжiрибеде аса дәл өлшенген болатын. 6.2 – суретте шымқай қара дененiң сәуле шашуының әртүрлi температурадағы осындай спектрi келтiрiлген. Мұндағы rλ- дененiң &lambda^; және λ + Δλ толқын ұзындықтары аралығындағы спектральдық жарқырауы деп аталады. Ол дене бетiнiң бiрлiк ауданынан шығарып тұрған сәуле қуатының Δλ -ға қатынасына тең. Мұндағы әрбiр қисықтың астындағы фигураның ауданы осы температурадағы толық сәуле шашудың қарқындылығын бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |