Жылулық тепе-тендік күйіндегі газдар.Ыдыстардың белгілі бір нақты көлемдері бар және олар манометрлермен жабдықтаған.Бұл әр ыдыстағы қысымды өлшеуге мүмкіндік туғызады. Газдардың массалары белгілі болғандықтан, әр ыдыстағы газ молекулаларының саны да белгілі.Газ қысымы көлемі V және молекула саны N әр түрлі болады. Сутегі үшін қатынасын табамыз. Егер мысалы 1 моль сутегі VH2=0.1м3 көлем алатын болса онда 0◦С температурада оның қысымы Н2=2,265 104 Па-ға тең болады екен. Бұдан Дж.
Газ қысымы мен көлемі көбейтіндісінің молекулалар санына қатынасы қандай болса, мұздың еру температурасындағы барлық басқа газдар үшін де ол сондай болады. Бұл қатынасты Ө0 арқылы белгілейік. Сонда
Сонымен біздің жоралымыз дұрыс болып шықты. Рас, күмәнсіз дәл емес.Жүздеген атмосферелық қысымда газдар аса тығыздалғанда, қатысы газдардың алатын көлемдеріне тәуелсіз дәл анықталмай қалады.
Бұл қатыс идеал газдар деп есептеуге жеткізілген, мейлінше сиретілген газдар үшін ғана орындалады.
Егер газы бар ыдыстарды қалыпты атмосфералық қысымда қайнап жатқан судың (100 ) ішіне орналастырсық онда бұрынғыдай, қатысы барлық газдар үшін бірдей болады, бірақ бұрынғыға артады. Ол тәжірибе көрсеткендей мынаған тең:
.
Температураны анықтау. Демек, бұдан температура жоғарылағанда Ө шамасы да артады деп тұжырымдауға болады.Оның үстіне Ө температурадан басқа ешбір шамаға тәуелді емес.Принципінеде Ө шамасының өзін тепература деп есептеуімізге және сол температураны энергетикалық бірліктермен – джоульлармен өлшеуімізге болар еді.Алайда, біріншіден, бұл практикалық пайдалануға қолайсыз бірліктер: 100 -қа өте аз шама-10-21 Дж шамасында – сәйкес келеді. Ал екіншіден жәек ең бастысы, температураны градуспен өлшеу ертенден-ақ қабылданылған.
●Біз өлшеу үшін қолданылған газдардың қасиеттеріне байланыссыз-ақ, температураның мәнін табу әдісін білдік. Әзірге температураны энергетикалық бірліктермен өрнектедік.
? 1. Температура мен молекулалардың кинетикалық энергиясыарасында байланыстың бар екенін неге негіздеп түсіндіруге болады?
2. Түрлі газдың жылулық тепе-теңдік күйіндегі көлемі , қысымы және молекулалар саны қалай байланысқан?
.Абсолют температура. Температура-молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші.
●Әлемдегінің бәрі бірдей салыстырмалы емес.Температураның абсолют нөлі осындай. Температураның абсолют шкаласы деген де бар.Қазір біз олар туралы, сондай-ақ , температура мен молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы арасында қандай тура байланыс барлығын білеміз.Бірақ алдын ала жеңіл тие қоймайтын психологиялық тосқауылдан өту керек. Сендер километрді метрге, сағатты секундқа айналдыруды жете білесіңдер. Ал енді джоульдармен өрнектелетін энергияны градуспен бейнелейтін температурамен өрнектеп көріңдер.
Энергетикалық бірліктермен өрнектелетін Ө температураның орына өзімізге үйреншілікті Ө шамасын градустармен өлшенетің Т температураға тура пропорционал деп есептеймі;
Ө=kT.
Мұндағы k- пропорционал коэффициент .
Достарыңызбен бөлісу: |