Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы


Айнымалы ток тiзбегiндегi резонанс



бет50/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

Айнымалы ток тiзбегiндегi резонанс


Айнымалы ток тiзбегiнiң ( 2.8 – сурет ) толық кедергiсi (2.27) өрнегiне сәйкес тек тiзбек элементтерiнiң параметрлерiнен ғана емес, сонымен қатар мәжбiрлеушi кернеудiң өзгеру жиiлiгiнен де тәуелдi. Яғни, жиiлiк өзгерген кезде толық кедергi де өзгередi. Тiзбектегi ток максимальдi болу үшiн, Ом заңына сәйкес, оның толық кедергiсi минимальдi болуы керек. Ал (2.27) өрнегiнен толық кедергiнiң мәнi



(2.31)

шарты орындалғанда минимальдi болатыны көрiнiп тұр. Бұл шартқа сәйкес келетiн сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң жиiлiгi
Ал бұл еркiн тербелмелi контурдың өшпейтiн еркiн тербелiсiнiң жиiлiгiне тең шама.



(2.32)




2.10 - сурет
Олай болса, сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң жиiлiгi тербелмелi контурдың еркiн тербелiсiнiң жиiлiгiне сәйкес болғанда тiзбектегi токтың мәнi күрт артып кетедi екен. Осы құбылысты айнымалы ток тiзбегiндегi резонанс құбылысы деп атайды. Тiзбектiң актив кедергiсiнiң әртүрлi мәндерiндегi токтың амплитудалық мәнiнiң сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң жиiлiгiнен тәуелдiлiгi 2.10 – суретте келтiрiлген. Электр тiзбегiндегi резонанс құбылысы радиотехникада, оның iшiнде қабылдау схемаларында, күшейткiштерде, жоғарғы жиiлiктегi тербелiс генераторларында кеңiнен қолданылады.

Трансформаторлар. Электр энергиясын тасымалдау


Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В-тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1-2 В, ал электронды-сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады.
Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков құрастырған. Қарапайым трансформатор ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екi жақты орамдарынан тұрады ( 2.11 – сурет ). Бiрiншi реттi орам қоректендiрушi кернеу көзiне, ал екiншi реттi орам тұтынушыларға қосылған. Олардың сәйкес орамдарының саны n1 және n2-ге тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет