Физика және Информатика институты (мфии)



Дата24.04.2024
өлшемі62.73 Kb.
#499748
ақерке баяндама


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Математика, Физика және Информатика институты (МФИИ)


ЖОБА


Тақырып:


Білім беру процесінде оқушылардың топтық өзара әрекеттесуін диагностикалау.
Орындаған:Әлімхан А.

Алматы,2024

ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...
Педагогикалық әрекет құрылымындағы педагогикалық қабілеттер. Педагогикалық әрекеттің табыстылығы көптеген факторларға байланысты болады, олардың бірі педагогтің әрекетіндегі қабілеттілік болып табылады. Қабілеттің жалпы белгіленуі келесілерге келеді: әрекеттің бір немесе бірнеше түрін табысты орындау шарттары болып табылатын тұлғаның тұрақты жеке психикалық қасиеттері. Қабілеттер жалпы және арнайы болады. Олар әрекет үдерісінде туындап, дамиды, белгілі салада білім мен шеберлікке байланысты. Кәсіби қабілеттер – адам тұлғасының жеке психологиялық сапаларын тәрбиелеуде өзгеретін, тұрақты қатынас. Адам әрекетінің көптеген түрлерін табысты орындай алуы оның қабілеттілігін көрсетеді. Педагогтік қабілеттерді арнайыларға жатқызуға болады. Педагогтік қабілет қабілеттің ерекше түрі болып табылады, өйткені педагогтік әрекет әртүрлі. Тұлға мен мінездің, таланттың байланысы туралы ой-пікір бар. Сондықтан дарын сипаттарына келесі үш белгіні қосуға болады:
тұлғаның білім алудағы көпжақтылығы; өз қабілетін сезініп, игере алуы; қабілетін мінезіне ұштастыруы. Педагогтік жұмыста: тұлға қасиеттеріне қажетті ұйымдастырушылық, еңбекке қабілеттілік, өзін ұстай білу, белсенділік, талап қойғыштық, назар аудара білу мәнді рөл атқарады. Педагогтік қабілет құрылымында педагогикалық әдеп ерекше орын алады, өйткені өзін жоғары көрсетуде басқа қабілеттердің орнын алмастыра алады. Оның ерекшелігі – жеке тәжірибеде пайда болған іскерлік үлкен дәрежеде әдеп болып табылады. Кәсіби қабілеттерді дұрыс бағалау тұлға ерекшеліктерінің орталық буыны болып табылатын сызба түрінде орындалады: берілген еңбек әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерді түсіну, негізінен, қате әрекеттерге байланысты, жан-жақты зерттелген тұлғадағы психологиялық құрылымды бұл ерекшеліктермен салыстыру; өзінің жеке кәсіби тұрғыдан ерекше қасиетке ие болуының себептерін жанжақты салыстыра отырып, сараптама қорытындысын шығару. Бірақ бұл әрекеттің көпжақтылығы педагог қабілетін адамның жеке тар қасиеттеріне ұшырауына мүмкіндік бермейді. Педагогикалық қабілеттердің ерекшеліктері мен олардың мазмұнын ашу барысында ақыл-ой дамуын, ал басқа санаттағы педагогтар, мысалы, орта және жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің оқытушылары үшін ғылыми әрекетке қабілеттіліктерін негізге аламыз. Ойлау еңбегіне жататын жалпы қабілеттіліктің психологиялық мәні келесіде: ойлау еңбегінде қабілеттілік ойлану үдерісінде болады. Ақыл-ой қабілеттерінің деңгейі анықталады: идеяларды түсіну және өз ойларын сөзбен жеткізу қабілеті ретінде сөзді түсіну; сөздік қор; мәселелерді шешу; өз тәжірибесін қолдана отырып, әрекеттерді жоспарлау; алдын алу қабілеті; кеңістік қатынастары мен байланыстарын қабылдау, кеңістікті болжау; заттар мен құбылыстардағы ұқсастық пен ерекшеліктерді ажырата білу. Осы қасиеттердің барлығы бірігіп, ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік бөліктерінің бірі ретінде ақылойы тереңдеп, онда бар
жан күшін бағыттай алу қабілеті болып табылады.
Интуиция (ішкі түйсік) – ақиқат шындықтың екінші белгісін көрсетуде ойлаудың ерекше түрі. Интуиция арнайы алынған дәйектерде талданып, негізделген логикалық танымды ауыстыра алмайды, бірақ адам интуиция бойынша шешім қабылдағанда мынандай сөздерге негізделеді: «Неге екенін өзім де білмеймін, бірақ солай істеу керектігін сеземін». Интуиция мәні интуициялық шешімдер, ақыл-ой еңбегі барысында тиімді болады. Интуицияға қабілеттілік – көптеген күрделі қабілеттерге кіретін қарапайым арнайы қабілет. Мазмұны жағынан педагогикалық қабілеттер келесілерге бөлінеді: дидактикалық – оқушыларға оқу материалын беру қабілетін ұсынады; академиялық – ғылымның тиісті саласына қабілеттілік, мысалы, математикаға, әдебиетке т.б.; перцептивті – оқушының ішкі әлеміне ену қабілеті; сөйлемді – педагогқа өз ойы мен сезімін анық, нақты жеткізуге мүмкіндік береді; авторитарлық – студентке эмоционалдыеркін әсер ету қабілеті; педагогтік ойластыру – өз әрекеттері нәтижесін болжау; назар аудару қабілеті. Бұларға қосымша: қырағылық, оптимистік болжау, ұтқырлық, реакциялар парапарлығы, педагогтік интуиция мен техника қабілеттерін жатқызуға болады. Педагогтік қабілетті дамытуға белгілі бір жағдайлар: белсенді, ғылыми әрекет, тәжірибе, өз ісінің шебері болу, мамандығы бойынша білім алу, қиындықтарды жеңе білу, қабілеттерді дамыту қажет. Педагогтың қабілеті екі деңгейге бөлінеді [26]: 1. Перцептивті-рефлексивті – субъект пен объектіге бағытталған; 2. Жобалық – объектіге әсер ету әдістеріне бағытталған. Ұйымдастыру қабілеттерінің құрылымдық элементтеріне жататындар: басқа адамдарды өз энергиясымен қуаттау; қоғамдық энергияны белсендіру қабілеті; адамдар психологиясын түсініп, дұрыс жауап беру қабілеті; сол кездегі жағдаймен жеке психологиялық ерекшеліктеріне сай басқа адамдармен қатынасы әрекеті шараларын құру қабілеті ретіндегі психологиялық әрекет; адамның әржақтылығы мен жалпы ойлау қабілетінің көрсеткіші ретінде дамудың ортақ деңгейі, орындаушылық, шығармашылық бастамашылық, еліктеушілікке қарағанда жеке бақылағыштық, өзіне ие болу, төзім, жұмысқа қабілеттілік, студенттерге талап қою, адамдарға жақсы қатынас т.б. (А.В.Лысенко). Коммуникативтік қабілеттер – өзіне адамдарды қарата білу қабілеті, ұжым татулығы және онда өз орнын таба білу, табысты ұжымдық әрекетті қамтитын тұлғааралық қатынас құру қабілеті. Экспрессивтік қабілеттер – оқытушының өз ойын сөз көмегімен ашық, анық жеткізе алуы. Мажорлы қабілеттер – оқу үдерісін белсендіретін, қозуды басуға жәрдемдесетін оқытушының оптимизмі мен әзілі. Оқытушының жағдайда тез бейімделіп, соған сәйкес қалжың қолданып, студенттер 30 аудиториясымен қатынас кезінде коммуникативтік еркіндікте ұстануы оқытушылық әрекетте маңызды рөл атқарады. Педагогикалық қабілеттер. Педагогикалық іс-әрекетке қажетті мынадай жетекші қабілеттерді бөлуге болады: коммуникативтілік, креативтілік, рефлексия, перцептивті (эмпатия, интуиция, көрегенділік), интеллектуалдық, ұйымдастырушылық қабілеттер. Педагогикалық қабілеттер педагогикалық үдерісті жылдамдатып, оның өнімділігін арттырады.


Педагогикалық қабілеттерді В.А.Крутецкий зерттеп, оларға жекелей анықтама берген: 1. Дидактикалық қабілеттер – шәкірттерге оқу материалын неғұрлым ұғынықты етіп беру қабілеті, оларға материалды немесе мәселені айқын және түсінікті түрде келтіру, пәнге қызығушылық тудыру. Дидактикалық қабілеті бар мұғалім қажет жағдайда оқу материалын лайықтап, қиынды – жеңіл, күрделіні – қарапайым, ал ұғынықсыз, түсініксізді түсінікті ете алады. Кәсіби шеберлік, бүгін біз түсініп отырғандай, тек білімдерді бала санасына жеткізе білу, беру, материалды белгілі және түсінікті мазмұндау қабілетін ғана емес, сондай-ақ шәкірттердің өзіндік жұмысын, өз бетімен білім алуын ұйымдастыру қабілетін, шәкірттердің танымдық белсенділігін ақылмен және шебер басқарып, оларды керек жаққа бағыттап отыру қабілетін қамтиды. 2. Академиялық қабілеттер – ғылымның белгілі бір саласына деген қабілеттер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.). Қабілетті мұғалім пәнді тек қана оқу курсының көлемінде ғана емес, елеулі терең және кең түрде біледі, ол үнемі өз ғылымында жаңалықтарды бақылап жүреді, материалды әбден еркін игереді, оған үлкен қызығушылық көрсетеді, кем дегенде қарапайым зерттеу жұмысын жүргізеді. 3. Перцептивті қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне ене білу қабілеті, оқушы тұлғасын және оның уақытша психикалық күйлерін түсінуге байланысты психологиялық бақылампаздық. Қабілетті мұғалім, тәрбиеші елеусіз белгілер арқылы, боларболмас сыртқы көрінулер бойынша оқушының ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді байқай алады. 4. Тілдік қабілеттер – өз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті. Қабілетті мұғалімнің тілі сабақ кезінде қашанда шәкірттерге бағытталған. Мұғалім жаңа материалды хабарласын, оқушы жұмысына түсініктеме берсін, мақұлдау немесе сөгіс айтсын, қашанда оның сөзі ішкі күшпен, сенімділікпен, өзі айтып тұрған нәрсеге қызығушылықпен ерекшеленеді. Ойын оқушылар үшін түсінікті, айқын, қарапайым түрде білдіреді. 5. Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыру қабілеті, оны жаңа міндеттерді орындауда топтастыру және дем беру, екіншіден, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру қабілеті, өз жұмысын ұйымдастыру – дұрыс жоспарлау және өзін-өзі бақылау іскерлігін ұйғарады. Тәжірибелі мұғалімдерде өзіндік бір уақытты сезіну – жұмысты уақытқа дұрыс бөлу, белгіленген мерзімде үлгеру ептілігі қалыптасады. 6. Авторитарлық қабілет – шәкірттерге тікелей эмоционалдықеркін әсер ету қабілеті және осы негізде олардың алдында беделді бола білу қабілеті (бірақ, әрине, беделдік тек осы негізде ғана емес, мысалы, білімді өте тамаша білу, мұғалім сезімталдығы мен әдебінің негізінде де қалыптасады және т.б.). Авторитарлық қабілеттер мұғалімнің тұлғалық сапаларының бірқатар жиынына байланысты, соның ішінде оның ерік сапалары (шешімділік, төзімділік, табандылық, талап қоюшылық және т.б.), сондай-ақ оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жауапкершілік сезіміне, мұғалімнің өзінің
дұрыстығына сенімділігіне, осы сенімділікті өз шәкірттеріне бере алу іскерлігіне байланысты. 7. Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым-қатынас жасау қабілеті, олармен қарым-қатынас жасауда дұрыс тәсіл таба алу, олармен, педагогикалық көзқарас тұрғысынан, орынды өзара әрекеттесуді орнату іскерлігі, педагогикалық әдептің болуы.
8. Педагогикалық қиял (немесе болжам жасау қабілеттері) – бұл өз әрекеттерінің салдарын алдын ала көруден, оқушыдан болашақта кім шығатынын елестете отырып, оның тұлғасын тәрбиелеуді жобалаудан, тәрбиеленушілердің қандай да бір сапаларының дамуын болжай алу іскерлігінен көрінетін арнайы қабілеттер. 9. Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекетке тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды мазмұндаудың мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады, сонымен қатар өз мінез-құлқын (жүріс-тұрысы, мимикасы және пантомимикасы) қадағалап отырады. Келтірілген педагогикалық қабілеттер анықтамасынан көрініп отырғандай, олар өз мазмұнында, біріншіден, көптеген тұлғалық сапаларды қамтиды және, екіншіден, белгілі бір әрекеттерде, іскерліктерде ашылады. Бұл жерде бірнеше қабілет мазмұнына енетін іскерліктер бар, мысалы, дидактикалық қабілеттерге жататын шәкірттердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыру іскерлігі, іс жүзінде басқалардың жұмысын ұйымдастыру іскерлігі болып табылады. Ол ұйымдастырушылық қабілетіне кіреді. Перцептивті қабілеттерді ашатын іскерліктер зейінді тарату қабілетіне енетін іскерліктерге өте таяу, бұл мұғалімнің белгілі бір әрекеттері (іскерліктері) негізінде, тіпті қандай да бір педагогикалық функция жүзеге асатын олардың жиынтығында бірнеше қабілет жатуы мүмкін екендігін көрсетеді. Ұстаздық талант. «Талант» деген сөзді әркім әртүрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбінесе ақын-жазушыларда, әртістерде, өнертапқыш адамдарда кездеседі. «Мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» – деген сұрақ тұрады. Ұстаздың бәрі бірдей талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогтық кәсіпті жақсы меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты ұстаз болады. Педагогикалық адамгершілік. Оған оқытушының гуманистік бағыттылығы жатады және оның құндылық бағдарларын, идеялары мен қызығушылықтарын іске қосады. Адамгершілік педагогикалық бағытта көрінеді, оқыту-тәрбиелеу үдерісінің нақты міндеттерін таңдауды анықтайды, студенттермен өзара қатынасқа әсер етеді, педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік стратегиясын анықтайды. Кәсіби және даралық маңызды қасиеттер. Тұлғалық қасиеттер – педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігін арттыратын не кедергі келтіретін қасиеттер.
Кәсіби маңызды қасиеттерге: мейірімділік, әділдік, талап қоя білу, жоғарғы деңгейдегі қабілеттер: өзін ұстай алу, тәртіптілік, белсенділік тағы сол сияқтылар жатады. А.К.Маркова кәсіби сапаларға келесі сапаларды жатқызады: педагогикалық эрудиция (білімдарлық); ғылым салаларын терең меңгеру; педагогикалық мақсат қоя білушілік; педагогикалық (тәжірибелік және анықтау) ойлау; педагогикалық интуиция (сезімталдық); педагогикалық импровизация (суырыпсалмалық, жанынан жедел шығару, шешім қабылдау); педагогикалық байқағыштық; педагогикалық көрегендік. Кәсіби сапаларға (Л.М.Митина бойынша): әдептілік; сыпайылық; сезімталдық; тәрбиелілік; зейінділік; ізденімпаздық; шыдамдылық; адамгершілік; іскерлік; тәртіптілік; белсенділік; саяси сауаттылық; сыншылдық; патриоттық; болжағыштық; дербестік; принципшілдік; батырлық; кешірімшілдік; кішіпейілдік; балаға деген сүйіспеншілік жатады. М.М.Мұқанов бойынша педагог мамандығына лайықты сапалар: педагогтың идеялық сенімі; қабілеті; ұстамдылығы; әділеттілік және абырой. Осының ең ортасы, яғни жеке бас сапасының өзегі – бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау, «Мен» бейнесі. Көптеген зерттеулерде көрініс тапқан педагогтың кәсіби қасиеттері: Ұйымдастырушылық – ұйымдастыра білу, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б. Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық, мейірбандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік. Экспрессивтік-перцепттік – байқағыштық, шығырмашылық, интеллектуалдық, белсенділік, зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сыншылдығы, икемділігі. Кәсіби қабілеттілігі. Дене және психикалық денсаулығы – эмоционалдық-еріктік тонустың жоғарылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елгезектік. Мамандарды даярлау мәселесімен айналысқан ғалымның бірі – профессор М.А. Құдайқұлов. Ғалымның пікірінше, «мұғалімді даярлау» ұғымы кез келген пән мұғалімін жалпы педагогикалық қызметке дайындауға қатысты қолданылады, сондықтан мұғалімнің өз пәні бойынша әдістемелік даярлығын жалпы әдістемелік даярлықтан ажырату үшін, «кәсіптік-әдістемелік даярлық» деген ұғымды енгізген дұрыс болады. Және де мұндай «кәсіптік-әдістемелік даярлықты» жақсартудың бірден-бір жолы ретінде педагогикалық жоғары оқу орнындағы студентті оқытуға, тәрбиелеуге, қалыптастыруға бағытталған барлық жұмыстардың кәсіптік педагогикалық бағдарлануын атай отырып, оны төмендегідей көрсетеді: – ЖОО-да оқылатын барлық оқыту пәндерінің кәсіптік педагогикалық бағдарлануы; – студент жастар арасында жүргізілетін тәрбиелік және мәденикөпшілік шаралардың кәсіптік-педагогикалық бағдарлануы; – аудиториядан тыс (өзіндік жұмыстардың, өз білімін жетілдірудің және т.б.) жұмыстардың кәсіптік педагогикалық бағдарлануы; кафедралардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарының кәсіптік педагогикалық бағдарлануы және т.б. Әрбір педагог-психолог өз бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді білуі керек, біріншілерге сүйеніп, оларды дамытуы немесе екіншілерін жеңіп отыруы қажет. Болашақ маманның бойындағы кәсіби шеберлігінің шыңдалу негізі – көптеген нышандық белгілер мен қасиеттер.


Осы тұрғыда А.К.Маркова педагогтың кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық өлшемдерін анықтаған: 1. Объективті өлшемдер: педагогтың өз мамандығына қаншалықты лайықты, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше білу біліктері т.б. 2. Субъективті өлшемдер: адамның мамандығының қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкестігі; өз ісіне қанағаттануы, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне оң көзқарасының болуы. 3. Нәтижелі өлшемдер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған талаптарға қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады. 4. Шығармашылық өлшемдерге: педагогтың өз кәсібінің үдесінен шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесінің нәтижесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. ЖОО студенттерінің танымдық ізденімпаздығының қалыптасуының даму деңгейлерін П.И. Пидкасистый былай сиапттайды: – репродуктивтік деңгей (неғұрлым төменгі) – студент танымдық тапсырманы үлгі бойынша ғана орындайды; – қайта жаңғыртушы деңгей – студент белгілі үлгілер, нұсқаулар бойынша әрекет етеді; – ішінара іздену деңгейі – жаңа тапсырмаларды өздігінен, бірақ кейбір тұстарын оқытушының көмегімен орындайды; – шығармашылық (жоғары) деңгей – студент мәселені өзі талқылап, өзі шешеді. Н.А.Половникова оқушының танымдық ізденімпаздығының мынадай деңгейлерін көрсетті: – бірінші деңгей (көшірмелі ізденімпаздық) – танымдық әрекеттің негізгі формасы үлгілерінің көшірмесін жасай білуі; екінші деңгей (өндіру-таңдау ізденімпаздығы) – танымдық әрекеттің негізгі тәсілдерін игеру, оларды таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыда қолдану; – үшінші деңгей (шығармашылық ізденімпаздығы) – танымдық әрекеттің барлық тәсілдерін таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану. Әрбір маман иесі өзінің қызметінде өз бетінше кәсіби шыңдалуға және жеке басын дамытуға міндетті. Сонымен, кәсіби жетілу жолдары дегеніміз – бұл өмірдегі маңызды тапсырмаларды шешу жолдары, әдіс-тәсілдері мен құралы болып табылады. Педагог-психологтың кәсіби өзін-өзі дамытуының төмендегідей бірнеше жолы бар: 1. Ресми және ресми емес жолдар. Ресми жол дегеніміз – психологтың жұмыс істеп жүрген жоғары оқу орнының ережесіне, тәртібіне, сабаққа қатысуына, тіптен студенттің ғылыми жетекшісімен жұмыс жасауын қадағалауына да жауапты болуы. Ресми емес жолдар студенттің бір-біріне қол ұшын беруін және оқытушылармен қарым-қатынасын қадағалау. 2. Жұмысқа байланысты немесе байланысты емес жолдар, сондай-ақ тек қана жоғары оқу орнындағы оқумен байланысты және байланысты емес жолдар. Қазіргі кезде студенттердің басым көпшілігі қосымша жұмыс істейді, олардың кәсіби дамуына шынайы тұрғыда негізгі көмекті жоғары оқу орнындағы оқытушылардың емес, басқа мекемелердегі әріптестерінің көмегі тиеді. Егерде жоғары оқу орнындағы оқыту студенттерге аз дәрежеде бағытталған

(бұндай жағдайда оқытушылардың басқа жерлерде «қосымша жұмыс істеуіне» тура келеді) болса, студенттердің жұмыс істейтін жерлеріндегі әріптестері (оқумен бірлескен) психологтар болса, онда олар студенттерге психологиялық білімдерін тәжірибеде қолдану жолдарын үйретеді. 3. Өз бетінше құрастырған (өзін-өзі дамыту) жолдар және арнайы біреудің ұйымдастырған жолдары. «Достың» және «Мұғалімнің» пікірін көптеген студенттер қолдайды. Бірақ сізге тек көмек бергісі келетін емес, сонымен қатар көмекті жүзеге асырғысы келетін досты немесе көмекшіні кездестіру оңайға соқпайды. Сондықтан ары қарай кәсіби және жеке тұлғалық даму барысында аталған жолдарды өз бетінше іздеу қажет.4. Мақсатпен, өмірлік құштарлығымен құрылған жолдар және ешқандай мақсатсыз «еріксіз» түрде құрылған жолдар. Әрине, студенттердің жеке басының жан-жақты дамуында өмірлік мақсаттардың болуы қажет. Ал бұл үшін студентте алдына қойған мақсат, міндет, белгілі ой, мағына болуы керек, сонда ғана жоғары оқу орнындағы «қызықсыз сабақтар» басқаша қабылданады. Тұлғалық және кәсіби даму жолдарының «өз-өзінен» құрастырылуы жиі кездеспейді, студент (немесе жас мамандар) өмірден не алғысы келетін сезінуге тиіс.


Педагогикалық әрекетке оқытушының жарамдылығы және кәсіби дайындығы.
Педагогтік әрекеттің сапасы мен тиімділігі көптеген факторларға тәуелді, оның бірі – әрекеттің кез келген түрін табысты орындауда міндетті шарт – педагогтың кәсіби даярлығы. Даярлық ұғымы көзқарастың әртүрлі нүктелерінде қарастырылады. Даярлық ретінде тұлғаның даму деңгейі, уақытша жайдары күйі, қатынасы, әрекетті реттеу механизмі, ерекше ұзақ немесе қысқа уақытта психикалық ахуал, тұлға күшінің шоғырландырылуы. Дайындық бейімделу деңгейінде бола алады, бұл – сапа, күй, динамикалық үдері. Педагогикалық әрекетке дайындықтың негізгі құрамында тұлға әрекетін белсендірудегі түрткілердің жүргізуші рөліндегі қағида негізделіп, негізгі түрде көрінетін әрекеттің бұл түріне оң қатынас, кәсіби қосымша шеберлік, теориялық және әдістемелік білімдер жатады. Кәсіби даярлықтың психологиялық, ғылыми-теориялық, практикалық, мотивациялық, бағыттаушылық, еріктік және бағалау дайындықтары түрлері кездеседі. Жоғарыда көрсетілген құраушылардан өзгелері: психикалықфизиологиялық дайындық, физикалық дайындық (В.А.Сластенин). Дайындық кәсіби әрекет үдерісінде белгілі тәртіпке іштегі бейімдеулерді белгілегендіктен, психикалық күйдің мынандай құрылымдары ажыратылады: – танымдық, бұл арқылы педагогикалық мәселелерді түсіну, олардың мәнділігін бағалау, нәтижелерін болжау іске асады; – эмоциялық, педагогтың эмпатиясы, жауапкершілігі сезімімен көрінеді; 37 – уәждемелік, өзін жақсы жақтан көрсету қажеттілігі, әрекетте жетістікке жетуге талпыну; – ерікті, күшті жұмылдыру және сенімсіздікті жою. Дайындықтың жеке деңгейі уақыттың тұрақтылығын әртүрлі сипатымен беріп, күрделі психикалық күй ретінде болады. Шығармашылық әрекетке психологиялық дайындық күйінің динамикалық құрылымы келесі өзара байланысты, өзара тәуелді элементтерден тұрады:


шешімдерді қойылған тапсырманы орындауға әкелетін мақсаттарды сезіну; – бұрынғы мәні ұқсас тапсырмалар шешіміне байланысты тәжірибе өзектілігі, жоспарланатын әрекеттер жүзеге асатын шынайы шарттар бағасы; – болатын әрекет шарттарының нақты бағасы және қолдағы тәжірибе негізінде тапсырмаларды шешудің оңтайлы әдістерін анықтау; – мақсатқа жетуде өзін сендіру, эмоциялық ерікті, ақыл-ой ресурстарын жұмылдыру. Педагогикалық-психологиялық дайындықтың бүтіндей жүйесінде екі түрі бар: 1. Ұзақ уақыттық дайындық әртүрлі жағдайларда әрекетті табысты орындауға мүмкіндік беретін жеке сапалар жүйесін ұсынады. Оның құрамы, педагогтік әрекетке үйрену қатынасы; кәсіпке парапар талаптардың сипатты түрлері, қабілеттері, уәждемелік, кәсіпке сәйкес білімдер, дағдылар, шеберліктер. 2. Жағдайлық дайындық – өз бетімен емес, сыртқы әрекет құрылымымен тығыз байланысты туындайтын тұлғаның белсендіәрекетті күйі арқылы жүзеге асатын педагогикалық әрекет сипаттамасы. Педагогикалық әрекетке кәсіби дайындық көрсеткіштерінің жүйесі дайындалды. Оған енетіндер: – педагогикалық әрекеттің қажеттілік мен уәждемесінің мазмұны, мамандықтың мәні жайындағы білім дәрежесі; – педагогикалық әрекет нәтижесіне деген жауапкершілікті сезіну дәрежесі; – тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттер, білім, білік, дағдыларды белсендіру дәрежесі; – педагогикалық әрекетке әлеуметтік тұрақтылык сапасы, кәсіби қызығушылығының тұрақтылығы. 38 Кәсіби дайындық деңгейі. Алдында көрсетілген көрсеткіштер кәсіби дайындық деңгейін ерекшелеуге мүмкіндік береді (Н.Д.Хмель): 1. Оң мән мен апелляциясы тән. Педагог назары оқытылатын пән мазмұнына бағытталған. Бұл деңгей бойынша материалды жақсы білсе, оқушылардан жақсы нәтиже алады; 2. Төмен кәсіби деңгей: педагогтің жекелей педагогикалық іс-әрекеттерінен анықталады, алайда олардың арасындағы байланыс негізінде елеусіз қалады. Оқытушы бақылау жолымен алынған жеке деректер туралы толық емес ақпаратпен әрекет жасайды; 3. Жағдайлы деңгейде оқытушы педагогтік құбылыс мәнін түсініп, себебін табуға тырысады. Оқушылардың танымдық белсенділігін ұстану талпынысы өзін көрсеткендерге негізделу арқылы көрінеді; 4. Үлгілеуші алдындағы деңгей. Құбылыстардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін анық түсіну, оларды орнатуға тырысу; 5. Үлгілеуші деңгейде педагог себеп-салдар байланысын белгілейді, педагогтік әсердің құралдарын дұрыс таңдағандықтан, студенттер жоғары танымдық белсенділікпен ерекшеленіп, оқу үдерісінде шығармашылық тапсырмалар алады. «Кәсіби дайындық» пен «жарамдылық» ұғымдарын анықтауда назар аударылатыны – «дайындық» ұғымы «педагогтік жарамдылық» ұғымына қарағанда өте кең, әрі күрделі.
Кәсіби әрекет көбінесе қойылған талаптарға адам өз жеке ерекшеліктерімен сәйкес келгенде табысты жүзеге асады: – мақсатты, олар жалпы талаптар түрінде берілуі мүмкін; олар әлеуметтік-объективтік және бір нысанға тән (субъектілік) болуы да мүмкін; – еңбек пәні, т.б. субъект ерекшелейтін үдерістер, қасиеттер, белгілердің өзара байланысы жинағы; өз кәсібінің жеке саласында, белгіленген еңбек бекетінде тәжірибелі немесе ойша жүзеге асатын үдерістер,


құбылыстар, нысандардың өзара қатынасы мен қасиеттері жүйесі; – еңбек құралы маманға мақсатына сай еңбек пәнімен әрекеттесуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет